Жолаушы электронды темекіні тек өзінің заттарымен борттың ішінде тасымалдай алады. Борттың ішінде электронды темекі шегуге тыйым салынады. Тіркелінген жолжүк ішінде электронды темекіні тасымалдауга қатаң тыйым салынады.
Егер менде тоғыспалы рейс жоспарланса, не істеуім тиісті?
FlyArystan «А нүктесінен Б нүктесіне» қағидасы бойынша жұмыс істейді. Бұл алдағы тоғысу рейстер жеке бағдар ретінде қарастырылатындығын білдіреді. Мысалы, сіз Атыраудан Ақтөбеге Ақтау арқылы ұшсаңыз, Атыраудан Ақтауға келген кезде, сіз жолжүгіңізді алып, келесі Ақтау-Ақтөбе рейсіне әуекомпанияның тіркеу пунктіне барып, орынды және жүгіңізді қайта тіркеуіңіз қажет. Онлайн тіркелу жағдайында сізге әр бағытқа отырғызу талондарын басып шығарып қою қажет. Жолаушы тоғысу рейстеріне тіркелуге кешігу / тіркеуден өтпеу салдары үшін өзі жауапты болады.
Өзіме және отбасыма (жолдасыма/құрбыма) онлайн тіркелу жасағым келеді, бірақ біздің брондарымыз әртүрлі. Бірге отырғымыз келеді, не істеуіміз керек?
Біздің сайтымызда, сондай-ақ әуежайда тіркелген кезде «орын таңдау» қызметін сатып алып, өздеріңізге ыңғайлы қатарлас орындарды таңдауларыңызға болады.
Онлайн тіркелуден өттім, енді орнымды ауыстырғым келеді.
Борттағы орынды өзгерту үшін ең алдымен біздің сайтымыздағы «Брондауды басқару» бөлімінде онлайн тіркеуді алып тастап, өзіңізге ыңғайлы (тарифтік пакетке байланысты) таңдау жасасаңыз немесе сатып алсаңыз болады.
Онлайн тіркелу – ақылы қызмет пе?
Бұл қызмет тегін болып табылады, ұшақта отырғызу орындары бойынша ерекше қалауыңыз болмаса, жүйе сізге кездейсоқ орынды тегін ұсынады. Нақты бір орынды таңдағыңыз келсе, «орын таңдау» қызметін сатып алып, орынды шығуға жақын, өтетін жердің немесе терезенің жанында таңдай аласыз.
Онлайн тіркелуді қалай алып тастауға болады?
Онлайн тіркелуді алып тастау қызметі біздің сайтымыздағы «Брондауды басқару» тарауында қолжетімді.
Мен комфорт плюс пакетін сатып алдым, әуежайдағы тіркелу орнында бірінші қатарлардан орын таңдап алуыма бола ма?
Комфорт плюс тарифтік пакетімен ресімделген билеттер бойынша премиум қатарларда орын алу үшін орынды брондаған кезінде таңдау керек. Әуежайдағы тіркелу орнына орын таңдамай келсеңіз, премиум қатарлардағы орындарды басқа жолаушылар бұрын сатуы мүмкін болатынына дайын болуыңыз керек. Бұл жағдайда сізге ең жақын қолжетімді қатарда бос орын беріледі.
Менің чемоданым тіркеуде белгіленген қолжүк салмағынан немесе өлшемдерінен асып кетсе не болады?
Біздің сайтымызда «Жолжүк» тарауында flyarystan.com/baggage қол жүк пен жолжүктің салмағы мен өлшемдері бойынша талаптар көрсетілген. Осы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әуежайда жолжүкті тасымалдау құны салмақтың әр килограмы үшін тарифтеледі, бұл әуекомпанияның сайтында жолжүкті алдын ала сатып алудан бірнеше есе қымбат. Әуекомпанияның веб-сайтында жолжүкті алдын-ала сатып алу кесте бойынша рейстің ұшып шығуына дейін 2 сағат бұрын жабылады.
Мен тіркеуге немесе отырғызуға бірнеше минутқа кешігіп қалсам не болады?
Әуежайда тіркеу процедурасының аяқталу мерзімі (ұшып шығуға дейін 40 минут бұрын) ҚР заңнамасында белгіленген және әуекомпанияның ережелерінде көрсетілген. Бұл уақыт әуекомпанияға кейіннен әуе кеменің ұшуына байланысты жолаушылардың нақты санын, жолжүктің көлемін және басқа да деректерді көрсете отырып, қажетті ұшу алдындағы тасымалдау құжаттамасын дайындауы үшін беріледі. Рейстердің қауіпсіздігін және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету үшін әуежайда тіркеу белгіленген мерзімде, қатаң сәйкестікпен аяқталады. Жолаушы бірнеше минутқа кешігіп қалса, әуежай қызметкері кешіккен жолаушыны рейске жібере алмайды.
Әуежайға уақытында келе алмасам, билеттің құнын қайтарып алуыма немесе билетті басқа күнге брондауыма бола ма?
Егер сіз рейске тіркеу процедурасын белгіленген мерзімде аяқтай алмасаңыз немесе белгіленген уақытқа отырғызуға келе алмасаңыз, сіздің брондауыңыз жойылады және жолаушы рейске жіберілмейді. Тарифтің түріне қарамастан, билеттің 100 %-н жоғалтып, құнын қайтарып ала алмайсыз. Осындай залалдарды өтеу үшін сізге сақтандыру полисін ресімдеуді ұсынамыз.
Әуекомпанияның барлық жаңалықтары мен жеңілдіктері жайында хабарлама алғым келеді.
Әуекомпания сайтына тіркеліп, барлық жаңалықтар мен болашақта болатын жеңілдіктерді өзэлектронды поштаңыздан көре аласыз.
Іссапарым жайында қалай есеп бере аламын?
Әуекомпания отырғызу талондары мен әуе тасымалы үшін төлемді растайтын құжаттарды (фискалды чек, төлем картасының транзакциялық көшірмесі, төлем тапсырысы) сақтауыңызды өтінеді. Өйткені электронды билетпен қоса, бұл құжаттардың бар болуы (шетелге сапар жасағанда мемлекеттік шекараны шеккені туралы төлқұжаттағы мәліметтер көшірмесі) әуе тасымалы шығындарын салық есептеу формасына шығын ретінде енгізуге, сондай-ақ электронды билет құнына ҚҚС-ын енгізуге құқық береді.
«Әуежай алымы» деген не?
Кейбір әуежайлар әрбір ұшып шығатын жолаушыға «кету салығын» орнатады. Мұндай салық көп жағдайда әуебилетінің бағасына кіреді. Алайда, кейбір әуежайлар оны жолаушыға тікелей төлеуге міндеттейді. Әуебилет онлайн арқылы брондалғанда әуежай алымы әуебилет бағасына кіреді.
Электрондық темекіні борттың ішінде тасымалдауға болады ма?
Жолаушы электронды темекіні тек өзінің заттарымен борттың ішінде тасымалдай алады. Борттың ішінде электронды темекі шегуге тыйым салынады. Тіркелінген жолжүк ішінде электронды темекіні тасымалдауга қатаң тыйым салынады.