МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
FlyArystan әуекомпанияның ___ ______ 20__ жылғы FS ___ рейсіне қатысты төтенше жағдай орын алғанын өкінішпен растайды.
Жолаушыларымыздың, экипаждың және олардың отбасыларының қауіпсіздігі мен қолдау сезінуін қамтамасыз ету біздің басты құндылығымыз болып қала береді.
Туыстары мен жақындары үшін
• Сенім телефоны: Ақпарат алу үшін +7 727 244 55 52, 8 800 080 0440 нөмірі бойынша бізге хабарласыңыз.
• Көмек орталықтары: Біздің қолдау орталықтарымыз келесі мекенжайлар бойынша жұмыс істейді:
Ресми ақпарат
Сенімді ақпарат осы сайтта және әлеуметтік желілердегі біздің ресми парақшаларымызда жарияланатын болады:
БАҚ сұрақтары бойынша pr@flyarystan.com хабарласуыңызды сұраймыз
test message
Егер мен әлі онлайн тіркеуден өтпеген болсам, iJan терминалдарында жолжүк биркасын басып шығаруға бола ма?
Жоқ, сіз iJan терминалдарында жолжүк биркасын басып шығармас бұрын онлайн тіркеуден өтуіңіз керек.
Егер мен онлайн тіркеуден өткен болсам, ал әуежайдағы тіркеу жабылып қалған болса, жолжүк биркасын басып шығаруға бола ма?
Жоқ, сіз жолжүкті тіркеудің әдеттегі жабылу уақытын ұстануыңыз керек. Жолжүкті тіркеу және тапсыру ұшудан 40 минут бұрын жабылады.
iJan терминалдары арқылы халықаралық рейстерге тіркелу жоспарыңыз да бар ма?
Жоқ, қазіргі уақытта ijan терминалдары тек ішкі рейстер үшін пайдаланылады.
iJan терминалдарында тіркелу үшін жолжүктің ең аз салмағы қандай?
Минималды салмақ 1 кг. 1 кг-нан аз, бірақ 500 г-нан асатын салмақ үшін 1 кг-ның ақысы алынады.
Бірінші артық салмақтан кейін багажды қайта өлшеуге бола ма?
Иә, тасымалдау жылдамдығын тексеру үшін багажды тағы бір рет өлшеуге болады.
Сіз i Jan терминалдарында бірнеше сөмкені бір бронға біріктіруге рұқсат бересіз бе?
Иә, сіз бір бронда бірнеше жолжүкті тіркей аласыз, бірақ қосымша кг үшін тарифке сәйкес ақы төлеу қажет болады.
Егер спорттық жабдықпен болсам, онлайн тіркеліп, отырғызу талонын басып шығаруға бола ма?
Иә, бірақ спорттық жабдықты тексеру үшін әуежайға ұшудан 90 минут бұрын келуіңіз керек.
Спорттық жабдықтары бар жолаушыларды онлайн тіркеуге рұқсат етілген бе?
Иә, онлайн тіркелу спорттық жабдықтары бар жолаушылар үшін ашық. Дегенмен, сіз әуежайға ұшудан 90 минут бұрын келуіңіз керек.
Үй жануарларымен онлайн тіркелу мүмкін бе?
Иә, бірақ жолаушы қажетті құжаттарды тексеру үшін ұшудан 90 минут бұрын келуі керек.
Балаға онлайн тіркелу мүмкін бе?
Иә, бұл мүмкін.Отырғызу кезінде туу туралы куәлікті көрсету керек. Егер бала заңды өкілдерінсіз/ата-анасынсыз ұшатын болса ата-анасынан/заңды қамқоршысынан сенімхаттың тұпнұсқасы қажет.
Сәбилерге онлайн тіркелу мүмкін бе?
Иә, бұл мүмкін.Отырғызу кезінде туу туралы куәлікті көрсету керек. Егер бала заңды өкілдерінсіз/ата-анасынсыз ұшатын болса ата-анасынан/заңды қамқоршысынан сенімхаттың тұпнұсқасы қажет.
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға онлайн тіркелу қолжетімді ме?
Иә, бірақ қажетті құжаттар мен мүгедектер арбасын тексеру үшін отырғызу талонын әуежайда ғана басып шығаруға болады. Процедура мүгедектер арбасының түріне байланысты.
Қаруы бар жолаушыларға онлайн тіркелу қолжетімді ме?
Иә, бірақ қажетті құжаттарды тексеру үшін отырғызу талоны тек әуежайда басып шығарылады.
IJan терминалдарында зағип жолаушыларға тіркелу ақылы ма?
Иә, iJan терминалдарында тіркелу ақылы, бірақ онлайн тіркеу қызметі әрқашан тегін.
Құлағы естімейтін/нашар еститін жолаушыларға арналған ijan терминалдарында тіркелу ақылы ма?
Иә, iJan терминалдарында тіркелу ақылы, бірақ онлайн тіркеу қызметі әрқашан тегін.
Онлайн тіркеу қашан ашылады?
Онлайн тіркеу ұшудан 30 күн бұрын ашылады.
Онлайн тіркеу қашан жабылады?
Онлайн тіркеу ұшудан 40 минут бұрын жабылады.
Әуежайда тіркеу қашан ашылады?
Әуежайда тіркеу ұшудан 2 сағат бұрын ашылады.
Әуежайда тіркеу нақты нешеде аяқталады?
Әуежайда тіркеу жоспарланған ұшу уақытынан 40 минут бұрын аяқталады.
Ұшаққа отырғызу есігі қашан жабылады?
Ұшаққа отырғызу есігі жоспарланған ұшу уақытынан 30 минут бұрын жабылады, яғни жоспарланған ұшу уақытынан 30 минут бұрын сіз отырғызу есігі маңында болуыңыз керек.
Егер рейс кешіктірілсе, отырғызу есігі нешеде жабылады?
Ұшаққа отырғызу есігі жоспарланған ұшу уақытынан 30 минут бұрын жабылады.