Баламды брондауға қалай қосуыма болады?
Балаларға ата-анасынан бөлек билетті тек FlyArystan Байланыс орталығы немесе туристік агенттіктер арқылы ғана сатып алуыңызға болады.
Сәбиге билет сатып алу қажет пе?
2 жасқа толамаған балаларға ұшақта жеке орын берілмейді және тегін сапар шегеді, бірақ ұшу қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес әрбір балаға жеке билет ресімделуі тиіс. Толығырақ ақпаратты flyarystan.com/traveling-with-children-and-infants сілтемесі бойынша алуға болады.
Билетті тек балаға ғана қалай ресімдеуге болады? Сіздерде «Жетелеушісі жоқ балалар» қызметі бар ма?
Тек балаға ғана билетті FlyArystan байланыс орталығына +7 727 331 10 10 телефон нөмірі арқылы хабарласып немесе туристік агенттіктен алуға болады. FlyArystan жетелеушісі жоқ баланы тасымалдау бойынша ақылы қызметті ұсынады, оны әуе билетті брондау барысында немесе кейін Байланыс орталығы немесе агенттіке хабарласук арқылы, бірақ ұшып шығуға дейін кемінде 24 сағат бұрын ресімдеуге болады. Қызмет туралы толығырақ ақпарат сілтеме бойынша flyarystan.com/special-assistance, «Жетелеушісі жоқ балалар» тарауында.
Балалармен саяхаттаған кезде қандай құжаттар қажет?
16 жасқа толмаған балалар туу туралы куәліктің түпнұсқасымен Қазақстан Республикасының аумағында сапар шеге алады. Егер бала ата-анасы болып табылмайтын ересек жолаушының жетелеуімен саяхаттаса, тіркеу барысында ата-анасынан баланы тасымалдауға рұқсат берілген нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасын ұсыну қажет.
Балаларға онлайн тіркеу кезінде жүйеден отырғызу талондары берілмеді, не істеуім керек?
Балалары/сәбилері бар жолаушыларға сайтта онлайн тіркелу қызметі қолжетімді, алайда балаларға арналған отырғызу талондарын алу үшін, сапар шегуге арналған барлық қажетті құжаттармен ұшып шығуға дейін кемінде 60 минут бұрын әуежайдағы тіркеу орнына келу қажет.
Балалар арбалары қалай тасымалданады? Бұл жолжүк болып санала ма?
Қолжүкті тегін алып жүрудің белгіленген нормасына сәйкес жолаушы мөлшері жиналған күйінде, оның барлық құрамдас бөліктерін қоса алғанда, қол жүк габариттеріне (56x23x36 см) сәйкес келетін бір жиналмалы балалар арбасын тегін алып жүре алады. Егер арба жиналған күйінде қол жүк габаритінен асып кетсе, ол тасымалдауға тіркелген жолжүк ретінде қосымша ақысыз қабылданады. Егер бесік арба жол жүретін нәресте немесе балаға арналмаған болса, ол ақылы жолжүк ретінде тасымалданады. Арбалар/автокреслолар/бесіктер туралы толығырақ ақпаратты flyarystan.com/traveling-with-children-and-infants сілтемесі бойынша алуға болады.