МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАМА
Қоғамнан және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тек FlyArystan әуекомпаниясының ресми ақпараттық арналары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми дереккөздерінде жарияланған ақпаратқа ғана сүйенулерін және расталмаған ақпаратты таратудан бас тартуларын сұраймыз.
Қауіпсіздік – FlyArystan қызметінің басты басымдығы болып қала береді. Әуекомпания барлық қолданыстағы пайдалану және нормативтік талаптарға сәйкес қызметін жалғастыруда.
Қазіргі таңда біздің басты міндетіміз – жолаушыларға, экипаж мүшелеріне және олардың отбасы мүшелеріне қажетті көмек пен қолдауды толық көлемде көрсету.
Туыстарға арналған байланыс желісі:
Анықтама орталығы: +7 727 308 05 13; +7 771 944 48 80
Қазақстан бойынша тегін байланыс желісі: 8 800 080 0440
БАҚ үшін жедел байланыс желісі:
+7 727 338 20 99
БАҚ өкілдерінің барлық сауалдары бойынша:
pr@flyarystan.com
Оқиға туралы қосымша ақпарат FlyArystan-ның Telegram арнасында жарияланады: Telegram
Төмендегі форманы толтыра отырып, сіз электрондық билетіңіздің қолданылғандығы туралы растау анықтамасын ала аласыз. Анықтаманы билет қолданылғаннан кейін 3 күннен соң алуға болады. Анықтаманың түпнұсқасы берілмейді.
Электрондық растау анықтамасын шығару ережелері:
Анықтамалар ұшу билеті алынған валютада беріледі.
Рейстің орындалмағандығын немесе кешігуін растайтын анықтамаларды алу үшін келесі электрондық мекенжайға жазыңыз: customer.relations@flyarystan.com.
Тарифтерді, белгілі күндері ғана болатын тарифтерді, бағыттарды растайтын анықтамалар берілмейді. Тарифтер мен бағыттар жайлы ақпаратты біздің сайтымыздан таба аласыз
Әуекомпания анықтамалардың басқа түрлерін бермейді және басқа да растама хаттар рәсімдеу жайлы келген тапсырыстар қарастырылмайды.
Билет нөмірін анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратты немесе билет нөмірін үшінші тұлғаларға бере отыра, жолаушы осы растау анықтаманы үшінші тұлғаның алуына да келісімін береді. Бұл жағдайда билеттің нөмірі бойынша қолданылуы жайлы ақпараттың қолжетімді болғаны үшін тасымалдаушы жауапты емес.
Contact.centre@flyarystan.com арқылы анықтаманы үшінші тұлғаларға беру үшін, сізден нотариалды түрде расталған хат, сенім-хат немесе жолаушының (жолаушылардың) жеке бас (конфиденциалды) ақпараттарының үшінші тұлғаға ұсынылуына қарсылығы жоқ екендігі жайлы алынған хатты (барлық үлгілер еркін түрде, қолы қойылып сканерленген көшірмесі) жіберуіңізді сұраймыз. Талаптар орындалмаған жағдайда тапсырысыңыз қарастырылмайды.
Анықтама-растама құжатын алу кезінде қателік жіберілді. Деректердің дұрыс енгізілгенін тексеріңіз.
Анықтама-растама құжатын алу кезінде қателік жіберілді. Деректердің дұрыс енгізілгенін тексеріңіз.
Too Many Request