МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАМА
Қоғамнан және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тек FlyArystan әуекомпаниясының ресми ақпараттық арналары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми дереккөздерінде жарияланған ақпаратқа ғана сүйенулерін және расталмаған ақпаратты таратудан бас тартуларын сұраймыз.
Қауіпсіздік – FlyArystan қызметінің басты басымдығы болып қала береді. Әуекомпания барлық қолданыстағы пайдалану және нормативтік талаптарға сәйкес қызметін жалғастыруда.
Қазіргі таңда біздің басты міндетіміз – жолаушыларға, экипаж мүшелеріне және олардың отбасы мүшелеріне қажетті көмек пен қолдауды толық көлемде көрсету.
Туыстарға арналған байланыс желісі:
Анықтама орталығы: +7 727 308 05 13; +7 771 944 48 80
Қазақстан бойынша тегін байланыс желісі: 8 800 080 0440
БАҚ үшін жедел байланыс желісі:
+7 727 338 20 99
БАҚ өкілдерінің барлық сауалдары бойынша:
pr@flyarystan.com
Оқиға туралы қосымша ақпарат FlyArystan-ның Telegram арнасында жарияланады: Telegram
Алматыдан Павлодарға сапар жоспарлап отырсыз ба? Ұшақ билеттерін дәл қазір ең ұтымды бағаға брондаңыз! FlyArystan күнделікті рейстерді A320 Airbus типті жайлы лайнерлермен орындайды.
Алматы мен Павлодар арасындағы рейстердің жиілігі аптасына 14 рейске дейін арттырылды - күнделікті екі рейс. Қыркүйек айына да билет сатылымы ашылды – күн сайын 2 рейске дейін.
Қазақстандық лоукостер Алматыдан Павлодарға баратын әуерейстерді күнделікті жүзеге асырады. Бұл таңғы рейстер болғандықтан, Павлодарға бизнес келіссөздер жүргізуге келген адамдарды қатты қызықтырады. Пойызбен, автобуспен немесе тіпті жеке автокөлікпен шамамен бір тәулік кететін 1449 км қашықтықты жүріп өткен соң, адам қатты шаршайды және зейін қою қиынға түседі.
Ал екі сағаттан кем уақыт алатын Airbus 320 лайнеріндегі таңғы рейс Алматыдан Павлодарға жетудің әлдеқайда жайлы және жылдам әдісі болады. Бұл бизнес келіссөздер үшін ғана емес, әртүрлі форумдардың, конференциялардың, жарыстардың қатысушылары және енді Павлодардағы ата-анасына жиі келіп тұра алатын Алматының оқу орындарының студенттері үшін де маңызды.
Қазір Павлодарға әуебилетті үйде, жұмыста немесе кафеде отырып интернет арқылы сатып алуға болады, бұл үшін тіпті Алматыда болудың да қажеті жоқ, қолыңызда интернеті бар девайс болса жеткілікті. Интернет арқылы әуебилет сатып алу үшін бар болғаны жолаушылар санын, билет түрлерін (ересек/бала), сапар күнін және қажетті қосымша қызметтерді таңдау керек. Бұдан кейін төлқұжат деректерін енгізіп, қайта тексеріп, электрондық билет ақысын төлейсіз. Сайтымыздың интерфейсі қарапайым әрі түсінікті болғаны соншалықты, ешнәрсені шатастырып алу мүмкін емес.
FlyArystan ұшақтарының билеттері әдеттегіден арзан тұрады, себебі бұл лоукостер, алайда әуебилет құнын одан да қолжетімді ететін кішкене қулықтар бар:
Алғашқы қазақстандық лоукостер FlyArystan компаниясының сенімділігі күмән тудырмайды, себебі ол бәріне танымал және өзін жақсы жағынан танытқан әуетасымалдаушы Air Astana компаниясының еншілес компаниясы болып табылады. Сондықтан жолаушы тасымалдары толығымен халықаралық стандарттарға сәйкес келетініне сенімді бола аласыз. Компания әуепаркі кіші және орташа қашықтықтарға арналған үздік тарфюзеляжды ұшақтардың бірі болып саналатын Airbus 320 заманауи әуелайнерлерінен тұрады. Сапарды жайлы ету үшін FlyArystan барлық жолаушыларға алғашқы болып отыру мүмкіндігін сатып алу немесе ұшақтағы орынды таңдау мүмкіндігін береді.
Too Many Request