МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАМА
Қоғамнан және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тек FlyArystan әуекомпаниясының ресми ақпараттық арналары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми дереккөздерінде жарияланған ақпаратқа ғана сүйенулерін және расталмаған ақпаратты таратудан бас тартуларын сұраймыз.
Қауіпсіздік – FlyArystan қызметінің басты басымдығы болып қала береді. Әуекомпания барлық қолданыстағы пайдалану және нормативтік талаптарға сәйкес қызметін жалғастыруда.
Қазіргі таңда біздің басты міндетіміз – жолаушыларға, экипаж мүшелеріне және олардың отбасы мүшелеріне қажетті көмек пен қолдауды толық көлемде көрсету.
Туыстарға арналған байланыс желісі:
Анықтама орталығы: +7 727 308 05 13; +7 771 944 48 80
Қазақстан бойынша тегін байланыс желісі: 8 800 080 0440
БАҚ үшін жедел байланыс желісі:
+7 727 338 20 99
БАҚ өкілдерінің барлық сауалдары бойынша:
pr@flyarystan.com
Оқиға туралы қосымша ақпарат FlyArystan-ның Telegram арнасында жарияланады: Telegram
Cіз брондауынызды жоспарланған ушұ уақытына 2 сағат қалғанға дейін, халықаралық рейстерге 3 сағат қалғанға дейін айыппұл төлеп, жоя аласыз.
Билетті қайтаруды FlyArystan веб-сайтында немесе мобильді қосымшасында өзіңіз жүзеге асыра аласыз.
Билетті қайтару үшін сіз «брондауды басқару» бөліміне өтуіңіз керек. Әрі қарай, тиісті өрістерге брондау нөмірін және латын әріптерімен жолаушының тегін енгізіңіз. Сіз «әр рейсті жою» батырмасын таңдау арқылы немесе сол жерде және «Брондауды болдырмау» пәрменін таңдау арқылы бір жақты билетті қайтаруды (бір сегментті) жасай аласыз. Таңдалған қайтару опциясынан кейін келесі бетте сіз жоюдың себебін жазып, «Мен қайтару саясатын қабылдаймын» жолына белгі қоюыңыз керек.
Тек FlyArystan.com сайтында және FlyArystan мобильды қосымшасы арқылы сатып алынған билеттер үшін қол жетімді. Егер билеттер басқа қызметтер арқылы сатып алынса, сол жерге хабарласқаныңыз жөн.
Жоспарланған ұшу уақытынан ішкі рейстерге кем дегенде 2 сағат бұрын, халықаралық рейстерге 3 сағат бұрын билетті жою мүмкін емес . Рейске кешіккен кезде немесе отырғызуға уақытылы келмеген жағдайда, сіздің төлеміңіздің 100 % құны күйіп кетеді және де пайдаланылмаған әуежай алымы ғана қайтарылады.
Too Many Request