• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек

Ұшу күйі өзгерген кезде FlyArystan саясаты

Рейс статусының өзгеруі - жоспарланған бағыттан маршруттың өзгеруі, рейстің кешігуі, рейс кестесінің өзгеруі, рейстің орындалмауы немесе рейстің ұшу (келу) уақытына немесе бағытына әсер ететін басқа да өзгерістер.

Әуетасымалдаушы кесірінен рейс статусы өзгерген жағдайда ұсынылатын қызметтер

  • Жеті жасқа дейінгі баламен саяхаттайтын жолаушы ана мен бала бөлмесімен (болған жағдайда) сұраныс бойынша қамтамасыз етіледі;
  • Рейс статусы екі сағаттан артық уақытқа өзгерген жағдайда жолаушы алкогольсіз сусындармен қамтамасыз етілуге, ұзақтылығы бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырау шалуға, соның ішінде халықаралық желіге, немесе электронды пошта арқылы екі хабарлама жіберуге құқылы.
  • Рейс статусы 4 сағаттан артық уақытқа өзгерген жағдайда — ыстық тамақ.
  • Рейс статусы күндізгі уақытта 8 сағаттан артық және түнгі уақытта 6 сағаттан артық уақытқа өзгерген жағдайда, жолаушылар қонақ үйге орналастырылуға, сондай-ақ әуежайдан қонақ үйге дейін және кері қарай трансфермен қамтамасыз етілуге құқылы.

Аталған мәселелер бойынша жолаушылардың FlyArystan өкілдеріне хабарласуын сұраймыз, барынша қолдау көрсетіледі.

Егер FlyArystan өкілдерімен байланысу мүмкін болмаса, әуекомпания жолаушыға қонақ үйде тұру және тамақтану шығындарын өтеуге дайын – бұл жағдайда төлемді растайтын құжаттар ұсынылуы қажет.

  • Рейс статусы 5 сағаттан артық уақытқа өзгерген болса, таңдауына қарай жолаушылар келесі нұсқалардың бірін рәсімдей алады:

üжақын арадағы рейске бір тегін қайта брондау - орындар болған жағдайда;

üқайта брондау мүмкін болмаса, толық қайтарым* алу.

 

*  Егер әуебилет ресми арналар – FlyArystan мобильді қосымшасы немесе flyarystan.com ресми сайты арқылы сатып алынған болса, "Менің сапарларым"/ "Брондауды өзгерту" бөлімшелері арқылы жолаушылар қайта брондау немесе толық қайтарымды рәсімдей алады.

FlyArystan мобильді қосымшасында, ресми сайтында немесе әуекомпания байланыс орталығы арқылы сатып алынған әуебилеттері үшін толық ақша қаражаты билетке төлем жасалған картаға қайтарылады. Банк көшірімінде бұл түсім әуебилетті сатып алу күніне сай көрсетіледі. Халықаралық банк жүйесінің стандарттары бойынша ақша аударымы 5-7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

* Егер әуебилет әуекомпания байланыс орталығында немесе басқа арналар арқылы (Aviata, Kaspi Travel, Halyk Travel туроператорлардың кассалары арқылы және т.б.) сатып алынған болса, жолаушыны сатып алу орны бойынша хабарласуын сұраймыз.

Тасымалдаушы жолаушыны межелі пунктке жеткізу мерзімін өткізіп алғаны үшін, егер мерзімін өткізіп алу еңсерілмейтін күш салдарынан орын алғанын дәлелдей алмаса, жолаушы шеккен шығындарын өтеуден басқа, егер бұл осындай мерзімін өткізіп алуға байланысты орын алған болса, мерзімін өткізіп алған әрбір сағат үшін тариф (мерзімін өткізіп алу орын алған ұшу учаскесі тарифі) құнының үш пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді. Айыппұл сомасын сатып алынған тариф (мерзімін өткізіп алу орын алған ұшу учаскесі тарифі) құнынан асыруға болмайды.Жолаушыны межелі жерге жеткізуді кешіктіргені үшін айыппұлды төлеуді тасымалдаушы жолаушының өтініші бойынша кері байланыс формасы арқылы жүзеге асырады ( ссылка на калькулятор).

3% өтемақы калькуляторы

Өтемақы сомасын шамамен есептеуге арналған калькулятор

Төменде ұсынылған калькулятор тек шамамен есептеуге арналған. Калькуляторға тарифтік пакетті, қосымша қызметтерді және комиссиялық (сервистік, әуежайлық) алымдарды есептемегендегі әуебилет құнын енгізіңіз. Кешігу уақытын сағат және минут түрінде еңгізу қажет. Дұрыс өтемақы сомасы қалдырған сұранысыңыз қарастырылғаннан кейін ұсынылады.

Билет құны (₸)
сағат
минут
Есептеу

Есептеу

1 сағаттық кідіріс үшін 3% өтемақы =

Өтемақы бойынша сұраныс жіберу
Брондау нөмірі
Қайдан
Қайда
Жолаушылар
Аты
Тегі
эл. пошта

эл. пошта енгізіңіз

Хабарлама

Хабарлама

Жіберу

Қандай жағдайда өтемақы төленбейді

FlyArystan рейстердің кешігуі мен тоқтатылуын болдырмау үшін барлық шараларды қабылдайды, бірақ, өкінішке орай, әуекомпанияның бақылауынан тыс жағдайлар да орын алуы мүмкін. Мысалы :

  • ауа райы жағдайлары
  • табиғи апаттар
  • саяси оқиғалар
  • Ереуілдер
  • басқа күтпеген жағдайлар.

Егер рейстің кешігу себебі жоғарыда көрсетілген жағдайларға байланысты болса, бұл әуекомпанияның еркінен және бақылауынан тыс болып табылады. Алайда, жолаушыларға қолдау ретінде, FlyArystan Тасымалдаушыға (әуекомпания кесірінен емес) тәуелді емес мән-жайлар бойынша рейс статусы өзгерген жағдайда, жолаушыларға келесі қызметтер ұсынады:

  1. 1.Рейс статусы 2 сағаттан артық уақытқа өзгергенде — салқын сусындармен қамтамасыз ету.
  2. 2.Рейс статусы 4 сағаттан артық уақытқа өзгергенде — ыстық тамақ.
  3. 3.Рейс статусы 5 сағаттан артық уақытқа өзгергенде, жолаушылар орын болған жағдайда жақын арадағы рейске бір тегін қайта брондауды** жүзеге асыра алады.

 

** - Егер әуебилет компанияның ресми арналары — FlyArystan мобильді қосымшасы немесе flyarystan.com сайты арқылы сатып алынған болса, жолаушы сәйкесінше "Менің сапарларым"/ "Брондауды өзгерту" бөлімшелері арқылы ұшу күнін өзгерте алады.  

- Егер әуебилет басқа арналар арқылы (Aviata, Kaspi Travel, Halyk Travel туроператорлардың кассаларында және т.б.) сатып алынған болса, жолаушыны әуебилетті сатып алу орны бойынша хабарласуын сұраймыз.

Рейстің ұшу статусының өзгерістері жайлы жолаушыларды хабарландыру

Егер рейс кешіктірілсе, орындалмайтын болса немесе уақыты ауыстырылса, FlyArystan рейс жолаушыларын билетті сатып алу кезінде көрсетілген абоненттік нөмір бойынша және/немесе электронды пошта бойынша, өзгерістер туралы ақпарат алғаннан кейін бірден жолаушыларды хабардар ету үшін қажетті шараларды қабылдайды.

Егер әуебилетіңіз туристтік агенттікте сатып алынған болса және брондауыңызда тек агенттіктің байланыс нөмірі көрсетілген болса, өзгерістер туралы хабарлама көрсетілген нөмірге жіберіледі. Бұл жағдайда рейс  өзгерістері туралы хабарлау жұмыстары  агенттіктің жауапкершілігінде.

 

Жолаушы әуебилетті брондау кезінде байланыс деректерін көрсетпеген жағдайда, қате енгізсе немесе байланыс аясынан тыс жерде болса, рейс өзгерістері туралы хабарлама бойынша FlyArystan жауапты емес.

Брондауыңызда көрсетілген деректер дұрыс және өзекті екендігіне көз жеткізіңіз.

Жолаушылар әрқашан рейс статусын FlyArystan мобилді қосымшасында немесе flyarystan.com сайтының басты парақшасында тексере алады. Сонымен қатар, бұл ақпарат әуежайдағы таблоларда көрсетіледі.

Түйісу рейстері

Flyarystan рейсінің статусы өзгеруі әсерінен жолаушы басқа тасымалдаушының түйісу рейсіне үлгермегені үшін әуекомпания жауапты емес.

Егер FlyArystan рейсінің статусы өзгеруіне байланысты жолаушыны келесі түйісетін FlyArystan рейсіне (немесе аналық компаниясы Air Astana рейсіне) үлгермесе, тегін қайта брондау рәсімдеу үшін WhatsApp чат (тек жазу арқылы) +7 702 702 02 27 нөмірі арқылы хабарласуын сұраймыз.