МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАМА
Қоғамнан және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тек FlyArystan әуекомпаниясының ресми ақпараттық арналары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми дереккөздерінде жарияланған ақпаратқа ғана сүйенулерін және расталмаған ақпаратты таратудан бас тартуларын сұраймыз.
Қауіпсіздік – FlyArystan қызметінің басты басымдығы болып қала береді. Әуекомпания барлық қолданыстағы пайдалану және нормативтік талаптарға сәйкес қызметін жалғастыруда.
Қазіргі таңда біздің басты міндетіміз – жолаушыларға, экипаж мүшелеріне және олардың отбасы мүшелеріне қажетті көмек пен қолдауды толық көлемде көрсету.
Туыстарға арналған байланыс желісі:
Анықтама орталығы: +7 727 308 05 13; +7 771 944 48 80
Қазақстан бойынша тегін байланыс желісі: 8 800 080 0440
БАҚ үшін жедел байланыс желісі:
+7 727 338 20 99
БАҚ өкілдерінің барлық сауалдары бойынша:
pr@flyarystan.com
Оқиға туралы қосымша ақпарат FlyArystan-ның Telegram арнасында жарияланады: Telegram
Назар аударыңыз! Егер сіз билетті онлайн / тур-агенттіктер арқылы брондаған болсаңыз да, қосымша қызметтерді flyarystan.com сайтынан "Брондауды өзгерту" бөлімшесі арқылы сатып ала аласыз.
Маңызды! "Орынды таңдау" қызметін сатып алу — ұшаққа алынудың соңғы қадамы емес! Міндетті түрде тіркеуден өтіңіз, оны сәтті аяқтағаннан кейін сізге отырғызу талоны беріледі. Осы талонмен ұшаққа кіресіз.
Апаттық шығу қатарындағы орындар барлығына бірдей қолжетімді емес. Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес шектеулер бар. "Орынды таңдау" қызметі туралы толық ақпаратты, сондай-ақ орындардың орналасу схемасын мына жерден табуға болады.
Too Many Request