МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАМА
Қоғамнан және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тек FlyArystan әуекомпаниясының ресми ақпараттық арналары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми дереккөздерінде жарияланған ақпаратқа ғана сүйенулерін және расталмаған ақпаратты таратудан бас тартуларын сұраймыз.
Қауіпсіздік – FlyArystan қызметінің басты басымдығы болып қала береді. Әуекомпания барлық қолданыстағы пайдалану және нормативтік талаптарға сәйкес қызметін жалғастыруда.
Қазіргі таңда біздің басты міндетіміз – жолаушыларға, экипаж мүшелеріне және олардың отбасы мүшелеріне қажетті көмек пен қолдауды толық көлемде көрсету.
Туыстарға арналған байланыс желісі:
Анықтама орталығы: +7 727 308 05 13; +7 771 944 48 80
Қазақстан бойынша тегін байланыс желісі: 8 800 080 0440
БАҚ үшін жедел байланыс желісі:
+7 727 338 20 99
БАҚ өкілдерінің барлық сауалдары бойынша:
pr@flyarystan.com
Оқиға туралы қосымша ақпарат FlyArystan-ның Telegram арнасында жарияланады: Telegram
Жолаушының тегін немесе атын өзгерту
FlyArystan рейстеріне билеттегі аты-жөні қате жазылған жолаушылар жіберілмейді.
Билетте жолаушының тегі мен аты төлқұжатқа немесе жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес латын әріптерімен жазылады.
Жолаушының тегіндегі немесе атындағы қате
Көрсетілген тәртіпті бұзған кезде немесе аты-жөнін жазуда басқа қате (3 әріптен аз) анықталған жағдайда жолаушы билетті сатып алған жерге хабарласуы керек, түзету төленеді.
Егер билет flyarystan.com веб-сайтында немесе FlyArystan мобильді қосымшасында сатып алынған болса, тегі немесе атын түзету ақылы* (қызметтік төлеммен**) жүзеге асырылады және 3 қатеден аз болған жағдайда ғана рұқсат етіледі, аты-жөнінің дыбысы өзгермеу керек. Мысалы: Boranbaef - Boranbayev, Sania - Saniya.
Түзету үшін
халықаралық рейстерге ұшуға дейін 3 сағаттан кешіктірмей, ішкі рейстерге 2 сағаттан кешіктірмей. Жолаушы растайтын құжаттарды алдын ала ұсынбаса, атын немесе тегін түзетуден бас тартылуы мүмкін.
3 қатеден аз болса да, есімнің жалпы мағынасы/дыбысы өзгерсе, фамилияны/аты-жөнін өзгерту ЖҮРГІЗІЛМЕЙДІ. Мысалы: Alina - Amina, Nurmaganbetov - Nurmanbetov.
Басқа күрделі жағдайларда (мысалы, тегі мен аты керісінше көрсетіліп, тегі екі рет көрсетіліп, қысқартылған аты көрсетіліп тұрса),
және contact.centre@flyarystan.com мекенжайына дұрыс деректерді жіберіңіз
* 01.02.2022 ж
** Жаңа билетті беру үшін қызмет көрсету ақысы алынады, өйткені жолаушының жеке деректері (тегі немесе аты) түзетілген кезде жаңа билет беріледі. Қосымша қызметтердің тарифтерін https://flyarystan.com/services-and-fees сайтынан білуге болады.
Жолаушының тегін немесе атын толық өзгертуі
Жолаушының тегі немесе аты толық өзгерген жағдайда, өзгертуді растайтын ресми құжат болған жағдайда ғана түзету мүмкін болады. Ұшуға дейін 24 сағаттан кешіктірмей contact.centre@flyarystan.com электрондық пошта мекенжайына жаңа төлқұжаттың түсті сканерленген көшірмесін, тегін немесе атын өзгертуді растайтын құжаттың түсті сканерленген көшірмесін (неке туралы куәлік, ажырасу туралы куәлік және т.б.) жіберу керек және +7 727 331-10-10 байланыс орталығына хабарласуыңыз керек.
Too Many Request