FlyArystan әуекомпаниясы сіздің жеке тапсырысыңыз бойынша халықаралық және ішкі бағыттарда чартерлік рейстерді ұйымдастыру қызметтерін ұсынады
Біз келесі рейстерді ұйымдастыру туралы өтініштерді қарауға дайынбыз:
Біздің ұшақтар паркі 180 және 188 орындықпен жабдықталған заманауи Airbus А320 ұшақтарынан тұрады
Чартерлік рейс дегеніміз не?
Чартерлік рейс - тұрақты әуетасымалдар кестесіне кірмейтін рейс. Ол белгілі бір мақсатқа немесе іс-шараға қол жеткізу үшін адамдар тобынан немесе ұйымнан арнайы сұраныс арқылы ұйымдастырылады
Чартерлік рейске қалай тапсырыс беру керек?
Чартерлік рейске тапсырыс беру үшін бізге әдетте төмендегі үлгі бойынша сұрау қалдыру қажет. Сізден ұшу күнін, бағытын, жолаушылар санын және басқа да ақпаратты нақтылауды сұраймыз.
Чартерлік рейстерге кім жиі тапсырыс береді?
Чартерлік рейстерге корпоративтік сапармен саяхаттайтын, спорттық іс-шараларға қатысатын, туристік, музыка саласындағы топтар, қажылық және басқа да іс-шаралар үшін жиналған әртүрлі ұйымдар мен топтар тапсырыс береді.
Шағын көлемді топ үшін чартерлік рейске тапсырыс беруге бола ма?
Иә, болады. Чартерлік рейстер үлкен топтар үшін де, сіздің қажеттіліктеріңізге және бюджетіңізге байланысты шағын топтар үшін де ұйымдастырылуы мүмкін.
Тұрақты авиабилеттермен салыстырғанда чартерлік рейстердің артықшылықтары қандай?
Чартерлік рейстер икемді ұшу кестесін, топтар үшін қолайлылықты, ерекше маршруттар мен тікелей рейстерді ұсынуы мүмкін.
Чартерлік рейстер тұрақты рейстерден құны бойынша қандай айырмашылығы бар?
Чартерлік рейстің бағасы ұшу ұзақтығын, қашықтықты, жолаушылар санын және қосымша қызметтерді қоса алғанда және басқа да көптеген факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.
Чартерлік рейске кез келген бағытқа тапсырыс бере аламын ба?
Иә, сіз чартерлік рейске арналған бағытты таңдай аласыз. Алайда бұл әуежайлардағы қолжетімділікке, ұшақтың мүмкіндіктеріне және басқа да шектеулерге байланысты болады. Сондай-ақ, әуекомпания рейстерді тек Қазақстан қалаларынан орындайды.
Чартерлік рейсті алдын ала қанша уақыт бұрын брондау қажет?
Уақыт бағыттың күрделілігіне, ұшақтың қолжетімділігіне және басқа да факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Cондықтан, жоспарланған ұшу уақытына дейін кемінде 45 күн бұрын хабарласуға кеңес береміз.
Чартерлік рейстің құнына не кіреді?
Чартерлік рейстің құнына жанармайдың құны, әуежайлардың алымдары, экипаж қызметі, жолжүгі мен қолжүгі және тағам кіреді.
Өтініш нөмірі сіздің электрондық поштаңызға жіберіледі. Егер бір күн ішінде өтініш нөмірі бар электрондық хат келмесе, сұратымды agency@flyarystan.com поштасына жолдауыңызды сұраймыз