Билетті жеке куәлік нөмірі арқылы ала аламын ба?
Қазақстан бойынша әуе тасымалы үшін төмендегі жеке басты куәландыратын құжаттар жарамды* болып табылады:
* Құжаттың түпнұсқасы ұсынылуы тиіс.
Бронды растаунөмірін қалай білуге болады?
Брондау сәтті аяқталғаннан кейін Сізге растау нөмірі жіберіледі.Оны сайттан немесе поштаңызға келген бағыттық түбіртектен көре аласыз. Растау нөмірі 6 әріптер мен сандардан тұрады.
Әуекемесінің бортындағы өз орнымды таңдауыма болады ма?
If you want to book or change the seat you can do it for an additional fee via the FlyArystan Contact Centre or on the website via "Manage booking".
Брондау үшін төлем карталарының қандай түрлерімен қолдануға болады?
Әуекомпания төлемдерге кез-келген банктің Visa, MasterCard, American Express и UnionPay карталарын қабылдайды
Топты қалай брондай аламын?
Сіз «топтық брондау» бөліміне барып, онлайн-форманы толтыруыңыз керек.
Билетті қалай өзгертуге болады?
Сіз билетті брондау орталығына +7 (727) 3311010 нөмірі арқылы звондап, сондай-ақ веб-сайттағы «Брондауды өзгерту» бөлімінде өзгерте аласыз
Әуебилетті қалай қайтаруға болады?
Егер сіз билетті FlyArystan веб-сайтынан немесе қосымшасынан сатып алған болсаңыз, онда сіз өтінімді мобильді қосымшада «менің брондауым» бөлімі арқылы, ал сайтта «брондауды өзгерту» бөлімі арқылы билет соммасын қайтаруға өз бетіңізше бере аласыз, егер сіз агенттіктерден сатып алсаңыз, онда сізге сатып алу орнына хабарласу қажет.
Мен барып қайтуға билет сатып алдым. Қайту билетін ғана пайдалана аламын ба?
Ия, сіз рейсті орындай аласыз, бірақ алғашқы рейске билеттің құны қайтарылмайды.
Билет келмеді, бірақ төлем алынды, не істеуім керек?
+7 727 331 10 10 нөмірі арқылы Байланыс орталығына немесе flyarystan.com/emailus кері байланыс нысаны арқылы FlyArystan қосымшасындағы онлайн-чат арқылы хабарласып, банктік картаның келесі деректерін: карта нөмірінің алғашқы 6 және соңғы 4 санын, сонымен бірге алынған соманы, жолаушылардың атын-жөнін, ұшу күні мен бағытын көрсету керек.
Ұшуға қандай құжаттардың болуы тиіс (жүктілік кезінде, балалармен ұшқан кезде және т. б.)
Тасымалдауды жүзеге асыру үшін жолаушы әуе билеті ресімделген, жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсынуы тиіс. Қазақстан аумағында әуетасымалдар үшін жарамды құжаттар тізімі біздің сайтымызда көрсетілген: flyarystan.com/travel-documents. Брондау бойынша арнайы сұраныстары бар жолаушылардың тіркелген кезде заңнамада көзделген барлық құжаттары өзімен бірге болуы тиіс. Толығырақ ақпаратты flyarystan.com/special-assistance сілтемесі бойынша алуға болады.
Мен әуебилетті қайтару барысында соманы Ваучер түрінде алдым. Оны қалай пайдалануыма болады? Мен жақын уақытта ұшпасам, ваучер күйіп кетпей ме? Ваучер қайда сақталады?
Бұл ваучерді сіз келесі жолы әуе билетті немесе қосымша қызметтерді сатып алған кезде, төлем жасағанда flyarystan.com ресми сайтында немесе FlyArystan байланыс орталығы арқылы төлем тәсілі ретінде ваучерді таңдап, пайдалана аласыз. Ваучердің жарамдылық мерзімі берілген сәттен 3 айға жарайды. Ваучер автоматты түрде сіздің поштаңызға жіберіледі. Толығырақ ақпаратты сілтеме бойынша алуға болады.
Қайтаруға/қайта брондауға өтінім неше күн қарастырылады?
Өтінімдер кезек бойынша қарастырылады. Өтініміңіз қаралғаннан кейін сұраныс жіберілген электронды поштаңызға міндетті түрде хат келеді.
Мен рейсім бойынша өзгерістер туралы sms/email неге алмадым?
Рейстің ұшуы бойынша өзгерістер туралы хабарламаларды жіберген кезде біз жолаушылар билетті брондаған кезде енгізетін байланыс мәліметтерін қолданамыз. Міне сондықтан брондаған кезде дұрыс деректеріңізді қалдырғаныңыз өте маңызды.
Байланыс орталығына қоңырау шала алмай жатырмын.
Кіріс қоңыраулар саны көп болғанына байланысты Байланыс орталығының желісі асыра жүктелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда мобильді қосымшасы арқылы онлайн-чатқа жазуыңызға немесе flyarystan.com/emailus сілтемесі бойынша өтінім қалдыруыңызға болады
Тұрмысқа шыққан/ажырасқан кезде тегімді қалай өзгертуге болады?
Билетті тегіңізді/атыңызды ресми түрде өзгерткеннен кейін сатып алсаңыз, билеттегі деректерді өзгертуге болмайды. Тарифтің ережелері бойынша қайтаруды ресімдеп, билетті жаңадан сатып алу керек. Жаңа құжаттың – жеке куәліктің/төлқұжаттың берілген күні тегін/атын ресми өзгерту күні болып есептеледі. Билет тұрмысқа шығуға/ажырасуға байланысты тегін/атын ресми түрде өзгерткенге дейін ресімделген болса, ұшып шығудан кем дегенде 3 жұмыс күні бұрын flyarystan.com/emailus кері байланыс нысаны арқылы жаңа құжаттың және тегінің немесе атының өзгергенін растайтын құжаттың сапалы түрлі-түсті көшірмесін қоса сұранымды жолдау қажет.
Мен бір электрондық поштамен өзіме және жұбайыма жеке кабинет аша аламын ба?
Әбір пайдаланушының өз жеке электронды поштасы болуы қажет, сол себепті сіздерге екі түрлі пошта пайдалануға тура келеді.
Жеке кабинет дегеніміз не?
Жеке кабинет арқылы:
Жеке кабинет ашу үшін, біздің сайтымыздан тіркеу өтіп, содан соң поштаңызға келген сілтемеге өту қажет.
Интернет арқылы төлем жасайтын адам сапар шегетін адамдардың бірі болуы міндетті ме?
Төлем картасының иесі кез-келген басқа адам болуы мүмкін. Бірақ мынаны ескеруіңіз қажет: онлайн брондау кезінде жасалған барлық транзакцияларға төлем картаның иегері жауапты.
Жеке кабинеттің паролін ұмытып қалған кезде не істеу керек?
membership@flyarystan.com мекенжайына жазып, хабарласу керек.
Берілген билетте аты, немесе тегі жазылған кезде қате бар болса не істеу керек?/ Билетте аты-жөні қате жазылған кезде не істеу керек?
Тәртіп бұзылған немесе аты-жөнінің жазылуында өзге де қателер анықталған жағдайда жолаушы билетті сатып алған жерге хабарласуы керек. Қосымша ақпаратпен Жолаушының атын жөнін түзету бөлімінде таныса аласыз.