Саяхат туралы ақпарат

Балалар және сәбилермен саяхат

Уәкілетті емес адамдардың балаларды заңсыз алып жүруіне жол бермеу мақсатында, балаларымен бірге жүрген ересек жолаушылар әуежайда тіркеу орнында баланы тасымалдауға заңды құқығын растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті, яғни:

  • бала ата-анасының біреуіне тиесілі екендекендігін растау үшін туу туралы куәліктің түпнұсқасын;
  • туу туралы куәліктің түпнұсқасын және бірге жүретін ересек жолаушының баланы тасымалдауына ата-анасының біреуі берген сенімхаттың түпнұсқасын.

Балалары/сәбилері бар жолаушыларға сайтта немесе FlyArystan мобильді қосымшасында онлайн тіркелумен қоса отырғызу талондарын алу қызметі қолжетімді. Баланың туу туралы куәлігін және/немесе сенімхаттың түпнұсқасын тексеру отырғызуға шыққанда жүзеге асырылады.

Балалары/нәрестелері бар жолаушыларға ұшу қауіпсіздік талаптарына сәйкес апаттық шығуға (12-13 қатарлар) жақын орындарда отыруға тыйым салынған.

 

Нәрестелер

7 күннен асқан, бірақ 2 жасқа толмаған нәрестелер қасындағы кәмелет жасқа толған жолаушының алдына отырғызылып, тегін алынып жүре алады немесе сатып алынған бөлек орынға отырғызылып бара алады;

Ұшу қауіпсіздік талаптары бойынша, әр нәресте жолаушыға әуебилет шығарылып беріледі. FlyArystan борттағы сәбилер санына қатаң шектеуді ескере отырып, сәбиге берілген әуе билеті болмаса, нәрестені тасымалдаудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады.

Әр FlyArystan әуе кемесі шектеулі сәбилерге арналған мөлшердегі апаттық жабдықтармен (18 құтқару кеудешелер және қауіпсіздік белдіктер) жабдықталған. 2 жасқа дейінгі балаларға берілген әуе билеттерінің негізінде, әуе компания борттағы рұқсат етілген нәрестелер санын бақылай алады.

  • Бір ересек жолаушы тек бір нәрестенітасымалдай алады.
  • Бір қатардың екі жағынан тек 1 нәресте ғана отыра алады. Егер бір қатарда бірнешесәби болса, экипаж мүшелері жолаушылардың орындарын өзгерте алады.
  • Жаңа босанған әйелдер мен 7 күнге толмаған нәрестелерге тасымалданудан бас тартылады.

 

Балалар

  • Ішкі рейстерде 2 және 14 жас аралығындағы, ал халықаралық рейстерде 2 және 11 жас аралығындағы жолаушылар брондауға балалар ретінде қабылданады.
  • Ішкі рейстерінде 15 жасынан, ал халықаралық рейстерінде 12 жасынан бастап балалар ересек жолаушы ретінде қабылдануына байланысты, оларға толық әуебилет сатып алынуы керек (әуебилеттің толық құны төленуі керек)
  • 16 жасқа толмаған жолаушылар алдын ала сатып алынған «Жетелеушісі жоқ балалар» деп аталатын қызметсіз өздігінен саяхаттай алмайды.
  • 16 жастан бастап жолаушылар күндізгі рейстерде жалғыз саяхаттай алады, 16 жастан асқан, бірақ 18 жасқа толмаған балалар түнгі рейске қабылданбайды (23:00 -ден 06:00 -ге дейін).
  • Егер бала ересек жолаушымен бірге ұшса, онда:
    • Бала бірге сапар шегетін ересек жолаушымен бір брондауда болуы керек.
    • Егер билеттер бөлек сатып алынған болса, ересек жолаушы билеттерді сатып алған жерге хабарласып, жүйеде арнайы ескертулер жасай отырып, баланың әуебилетімен байланыстыру керек.

 

Жетелеушісі жоқ балалар

  • Жетелеушісі жоқ балалар ретінде 6 жастан 15 жасқа дейінгі ата-анасыз немесе басқа жолаушыға тапсырылмаған балалар ішкі және халықаралық рейстерде тасымалданады.
  • Егер ұшу уақыты (ұшып шығу қаланың уақыты бойынша) сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00 уақыт аралығында болса, қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жетелеушісі жоқ балалар FlyArystan әуекомпаниясының рейстеріне, басқа рейс болмаған жағдайда да, қабылданбайды.
  • Жетелеушісі жоқ балалар тек тікелей рейстерде ғана саяхаттай алады.
  • Қызметке тапсырыс беру үшін centre@flyarystan.com электронды пошта немесе туристік агенттік арқылы сұранысты ұшар алдында 24 сағаттан кешіктірмей жіберу қажет. Әуекомпания сұранысты растағаннан кейін ғана қызметті белгіленген тарифтер бойынша сатып алуға болады.
  • Егер баланың әуебилетін өзгерту қажет болса, «жетелеушісі жоқ бала» қызметі автоматты түрде басқа күнге өзгертілмейді. Ол үшін FlyArystan байланыс орталығының +7 727 331 10 10 нөміріне қоңырау шалып немесе туристік агенттікке хабарласып, «жетелеушісі жоқ бала» тасымалдау қызмет көрсетілетін күнін өзгерту мүмкіндігін растау керек.
  • Жетелеушісі жоқ балалар ұшуға тек ата-анасы/шығарып салатын кісі әуежайдағы FlyArystan өкілімен берілетін кәмелетке толмаған баланы жетелеушісіз тасымалдау туралы өтініш бланкісін толтырып, қол қойғаннан кейін жіберіледі. Өтінішке ұшар алдында баланы ертіп жүруге жауапты ересек адам туралы ақпарат, және балаға жауапты болып, оны әуежайдан алып кететін ересек адам туралы ақпарат жазылады.
  • Егер баланы шығу пунктіне жеткізуге жауапты ересек адам осы баланың анасы, әкесі, немесе заңды қамқоршысы болмаса, жауапты адамға баланы тапсыруға оның құқығын растайтын нотариалды түрде расталған ата-анасынан/заңды қамқоршысынан сенімхаттың тұпнұсқасы және оның жеке куәлігінің тұпнұсқасы болуы керек.
  • Жетелеушісі жоқ бала рейске тіркелу үшін ұшуға дейін 2 сағат бұрын әуежайға келуі тиіс, себебі тасымалдау туралы құжаттарды тексеру және толтыру процедурасы көбірек уақыт талап етеді.
  • Жетелеушісі жоқ баланы тіркеу бойынша толық ақпаратты осында таба аласыз.

 

Бесік арбалар, сәбиге арналған автокреслолар және бала бесіктер:

Бесік арбалар:
  • 5 жасқа дейінгі балаларға арналған бесік арба тіркелген жолжүкте сондай-ақ қолжүктеде тегін тасымалданады.
  • Егер жиналмалы бесік арбасының салмағы 10 кг дейін және оның барлық құрамдас бөліктері қол жүгінің өлшеміне сәйкес келсе (56x23x36 см), жолаушы бір жиналмалы бесік арбасын тегін бортқа алып жүре алады.
  • Егер бесік арбасы жиналған кезде қол жүгінің өлшемі (56x23x36 см) және 10 кг салмағынан асып кетсе, ол қосымша ақысыз, тасымалдауға тіркелген жолжүк ретінде қабылданады.
  • Бесік арбасын жүк ретінде тапсырмас бұрын, жолаушы оның бүктелгенін және құлыпталғанын, сонымен қатар, сынуына, ластануына және т.б. әрекеттерге жол бермеу үшін барлық қажетті шаралар қабылданғанын тексеруі ушін жауапты.
  • Жолаушылардың жеке заттары арбада тасымалдауына жатпайды. Егер жолаушылардың керек-жарақтары тіркеусіз нәресте арбасында тасымалданған жағдайлары орын алса, әуекомпания жоғалған жағдайда жауапкершіліктен бас тартады.
  • Егер бесік арба жол жүретін нәресте немесе балаға арналмаған болса, ол ақылы жолжүк ретінде тасымалданады.
Сәбиге арналған автокреслолар:
  • Бортқа сәбиге арналған автокреслолар рұқсат етіледі.
  • Сәбиге арналған автокреслоны тасымалдау үшін жеке орынмен әуе билет беріледі және оған алдын ала қарастырылған тариф бойынша ақы талап етіледі.
  • Автокресло әуеакомпанияның талаптарына сәйкес келуі керек:
    • Орындықтың ені 41 см-ден аспауы тиіс.
    • Жолаушы орындығына бекітілу үшін сәбиге арналған орындық бекіткіштері болуы тиіс.
    • Сонымен бірге, орындықтың арнайы таңба әлде белгімен расталатын куәлігі болуы тиіс.
  • Әуе компания жолаушыларға меншікті автокреслоларды ұсынбайды.
  • Ұшаққа отырар кезде, жолаушы автокреслоны салондағы орнына өзі жеткізуі тиісті. Ұшақтың жолсеріктері автокреслоны белбеумен дұрыс бекітуге көмектеседі. Сәбиді автокресломен салонда орналастыру апаттық шығу қатарлардан басқа тек қана терезенің тұсында рұқсат етіледі.
  • Автокреслоны тасымалдауға ниеттенген жолаушылар үшін онлайн тіркелу және киоск арқылы тіркелу мүмкін емес.
Бала бесіктер:

Бала бесігі қажет болса, сіз бірінші қатардағы орынды сатып алуыңыз тиіс және ұшу алдында 24 сағаттан кешіктірмей contact.centre@flyarystan.com электронды поштасы арқылы әуеакомпаниядан осы қызметті алдын ала растау алуыңыз керек. Бортта бесіктің рұқсат етілген санынан асқан жағдайда, әуе компаниясы сұранысты қабылдамауға құқылы. Бала бесіктер 6 айға дейінгі сәбилерге (салмағы 11 кг-ға дейін) арналған.