МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАМА
Қоғамнан және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тек FlyArystan әуекомпаниясының ресми ақпараттық арналары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми дереккөздерінде жарияланған ақпаратқа ғана сүйенулерін және расталмаған ақпаратты таратудан бас тартуларын сұраймыз.
Қауіпсіздік – FlyArystan қызметінің басты басымдығы болып қала береді. Әуекомпания барлық қолданыстағы пайдалану және нормативтік талаптарға сәйкес қызметін жалғастыруда.
Қазіргі таңда біздің басты міндетіміз – жолаушыларға, экипаж мүшелеріне және олардың отбасы мүшелеріне қажетті көмек пен қолдауды толық көлемде көрсету.
Туыстарға арналған байланыс желісі:
Анықтама орталығы: +7 727 308 05 13; +7 771 944 48 80
Қазақстан бойынша тегін байланыс желісі: 8 800 080 0440
БАҚ үшін жедел байланыс желісі:
+7 727 338 20 99
БАҚ өкілдерінің барлық сауалдары бойынша:
pr@flyarystan.com
Оқиға туралы қосымша ақпарат FlyArystan-ның Telegram арнасында жарияланады: Telegram
Piece Concept дегеніміз не?
«Piece Concept» жүйесі - бұл салмаққа / өлшемдерге / бірлік санына байланысты жүктерді ақысыз алуға шектеу. FlyArystan әуекомпаниясы саясатына сәйкес, салмағы 5 кг-нан аспайтын және өлшемдері 56х23х36 см болатын тек 1 (бір) қол жүгіне рұқсат етіледі.
1 (бір) қолжүк данасы деген нені білдіреді?
Қол сөмкесі, камера / бейнекамера, ноутбук, торттар, гүлдер, әмиян, себеттер, мұқабалар және басқа заттар жолаушының қолында бар жүк болып есептеледі, сондықтан сіз бортқа тек 1 (бір) қол жүгіңізді ала аласыз.
Қолжүк саясаты туралы не білуіңіз қажет?
Ұшақ салонында рұқсат етілген қолжүгінің өлшемдері қауіпсіздік талаптарына сәйкес шектеулі болып табылады; FlyArystan жолаушылары 56 x 23 x 36 см-ден аспайтын және салмағы 5 кг-нан аспайтын бір қолжүк данасын тегін алып жүре алады.
Қолжүгінің бір данасының өлшемдері.
Тегін қолжүк параметрлері 56x23x36 см-ден, салмағы 5 кг-нан аспауы керек. Егер сіздің сөмкеңіздің салмағы 5 кг-нан асып, алайда өлшемдері көрсетілген өлшемдерден аспаса, онда сіз өзіңіздің қол жүгіңізді 10 кг-ға дейін көбейту қызметін сатып ала аласыз, бұл қызмет алдын-ала, ұшуға 2 сағаттан бұрын flyarystan.com сайтында немесе FlyArystan мобильді қосымшасында қолжетімді.
Қолжүк данасы дегеніміз не?
Бұл қолжүгінің 1 орны/1 сөмке/1зат. Қолжүгін үлкейту қызметін «Брондауды басқару» бөлімінен ұшудан кем дегенде екі сағат бұрын сатып ала аласыз.
Бортта әрбір жолаушыға қанша қолжүк болуы мүмкін?
Қолжүктің максималды мөлшері - 1 дана.
Piece Concept саясаты тіркелген жолжүгіне (багаж) қатысты бола ма?
Жоқ, бұл ережелер тек қол жүгіне қатысты (тексерілмеген багаж).
Бортта әрбір жолаушыға қанша қолжүк болуы мүмкін?
Қолжүктің максималды мөлшері - 1 дана.
Piece Concept саясаты тіркелген жолжүгіне (багаж) қатысты бола ма?
Жоқ, бұл ережелер тек қол жүгіне қатысты (тексерілмеген багаж).
Тегін қолжүгінің салмағы мен өлшемдері өзгере ме?
Жоқ, қол жүгінің өлшемдері мен салмағы 56х23х36 см-ге дейін 5 кг-ға дейін өзгеріссіз қалады, басты өзгеріс - бұл қол жүгінің саны шектеулі болуы. Яғни, салонға қол жүгінің бір данасын ғана ақысыз алуға болады.
Егер мен баламен сапар шегетін болсам, қанша дана қолжүк тасымалдауға рұқсат етіледі?
Егер сіз 2 жасқа толмаған сәбимен саяхаттасаңыз, сіз нәресте сөмкесін (56x23x36 см) 5 кг дейін ала аласыз немесе/және 10 кг дейін қолжүкті БІР дана ретінде (56x23x36 см) біріктіре аласыз.
2-ден 14 жасқа дейінгі балалар үшін ұшақ бортында жеке орын беріледі және ересек жолаушылар сияқты қолжүкті тегін тасымалдауға рұқсат етіледі, яғни 1 дана қолжүк тасымалдауға рұқсат, өлшемдері 56x23x36 см және салмағы 5 кг-нан аспауы қажет немесе бір ересек және бір бала 10 кг дейін қолжүкті БІР дана қолжүк ретінде (56x23x36 см) біріктіре алады.
Ересек пен бала бір брондауда болуы қажет, егер әртүрлі брондауда болса, онда арнайы ремаркамен брондауда көрсетілуі тиіс.
Жиналмалы балалар арбасын бортқа алып кірсем болады ма?
Әуе кемесіне белгіленген қолжүк нормасынан бөлек, жиналмалы балалар арбасы қабылданады. Оның барлық құрамдас элементтерін қоса алғанда, оның жайылған өлшемі қолжүгінің өлшемдеріне және салмағына сәйкес болуы міндетті (56х23х36 см және 10 кг дейін). Егер дөңгелектелген бала арбасы қол жүгінің өлшемдерінен асып кетсе, ол қосымша ақысыз тексерілген жолжүк ретінде тасымалдауға қабылданады.
Қолжүгінің өлшемдері қай жерде және қашан тексеріледі?
Қолжүгін әуежайдағы тіркеу бағанында және отырғызу барысында арнайы стандарттауыш (металл құрылым) арқылы тексеріледі. Біз барлық жолаушылардан қолжүктің белгіленген өлшемдері мен салмағы 56х23х36 см болатындығына көз жеткізіп, стандарттауышқа орналастыруын сұраймыз.
Қолжүгін үлкейту қызметінің бағасы қандай?
Қосымша қызметтердің тарифтерін flyarystan.com сайтынан көре аласыз.
Too Many Request