МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАМА
Қоғамнан және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тек FlyArystan әуекомпаниясының ресми ақпараттық арналары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми дереккөздерінде жарияланған ақпаратқа ғана сүйенулерін және расталмаған ақпаратты таратудан бас тартуларын сұраймыз.
Қауіпсіздік – FlyArystan қызметінің басты басымдығы болып қала береді. Әуекомпания барлық қолданыстағы пайдалану және нормативтік талаптарға сәйкес қызметін жалғастыруда.
Қазіргі таңда біздің басты міндетіміз – жолаушыларға, экипаж мүшелеріне және олардың отбасы мүшелеріне қажетті көмек пен қолдауды толық көлемде көрсету.
Туыстарға арналған байланыс желісі:
Анықтама орталығы: +7 727 308 05 13; +7 771 944 48 80
Қазақстан бойынша тегін байланыс желісі: 8 800 080 0440
БАҚ үшін жедел байланыс желісі:
+7 727 338 20 99
БАҚ өкілдерінің барлық сауалдары бойынша:
pr@flyarystan.com
Оқиға туралы қосымша ақпарат FlyArystan-ның Telegram арнасында жарияланады: Telegram
FlyArystan саясаты
FlyArystan жолаушылардың өрескел жүріс-тұрысына байланысты келесі саясатты ұстанады:
Жолаушының өрескел жүріс-тұрысы:
Егер FlyArystan жолаушысы құқықбұзушылық жасаса, соның ішінде:
Ондай жағдайларда FlyArystan жолаушылардың өрескел жүріс-тұрысын алдын алу және болдырмау үшін келесі шараларды қолдануға құқылы:
Жолаушының өрескел жүріс-тұрысының нәтижесінде болған амалсыз қону шығындары
Егер жолаушының өрескел жүріс-тұрысының нәтижесінде экипаж сол жолаушыны түсіру үшін амалсыз қонса, онда ол жолаушы амалсыз қонумен байланысқан барлық материалдық шығындарды өтейді. Егер жолаушы-құқықбұзушы амалсыз қонумен байланысқан әуекомпания зиян шеккен шығындарды өтеуден бас тартса, «FlyArystan» зақым сомасын сот тәртібі бойынша өтеу үшін сот мекемелерінің қызметіне жүгінуге толықтай құқығын сақтайды.
Қылмыстық жауапкершілік: терроризм туралы жалған хабарлама және тыйым салынған заттарды заңсыз тасымалдау
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны (оның ішінде әзілдер), қару мен оқ-дәрілердің барлық түрлерін, жарылғыш, есірткі, басқа жолаушыларға немесе тасымалдаушыға зиян келтіруі мүмкін басқа да заттар мен заттарды заңсыз тасымалдағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Too Many Request