Қол жүгі қандай параметрлерге сәйкес келуі тиіс?
Қолжүгінің 1 (бір) данасы ғана тасымалдауға рұқсат етілген. Тегін тасымалданатын қол жүгі 56Х23х36 см өлшеміне сай және 5 кг салмақтан көп болмауы керек.
Егер салмағы көбірек қолжүкті тасымалдау қажет болса, Қолжүк 10кг қызметін алдын-ала сатып алуыңызға болады (1 (бір) дана, жалпы салмағы 10 кг шамасынан аспауы тиіс, өлшемдері 56x23x36 см шамасынан аспауы тиіс) немесе тіркелген жолжүк ұшуға Қазақстан бойынша ішкі рейстерге 2 сағаттан, халықаралық рейстерге 3 сағаттан кешіктірмей онлайн сатып алуға болады.
Жүк қандай параметрлерге сәйкес келуі тиіс?
Тіркелген жүктің үш өлшемі де 158 см-ден үлкен болмауы және 32 кг салмақтан ауыр болмауы керек.
Билетті сатып алғаннан кейін қосымша жолжүк, тамақтану және басқа да қосымша қызметтерді бөлек сатып алуыма бола ма?
Иә, қосымша қызметтерді билетті сатып алған кезде, сондай-ақ сатып алғаннан кейін ұшып шығудан Қазақстан бойынша ішкі рейстерге 2 сағаттан, халықаралық рейстерге 3 сағаттан кешіктірмей FlyArystan қосымшасындағы «Менің брондауым» бөлімшесі арқылы немесе flyarystan.com басты бетіндегі «Жолжүк, орын+» бөлімі арқылы немесе Байланыс орталығына абарласу арқылы сатып алуыңызға болады.
Билет түристік агенттік арқылы ресімделген болса, flyarystan.com сайтында қосымша жолжүк, тамақтану және басқа да қосымша қызметтерді сатып алуға болады ма?
Иә, қосымша қызметтерді ұшып шығудан Қазақстан бойынша ішкі рейстерге 2 сағаттан, халықаралық рейстерге 3 сағаттан кешіктірмей flyarystan.com басты бетіндегі «Жолжүк, орын+» бөлімі арқылы немесе FlyArystan мобильді қосымшасындағы "Менің брондауым" тарауы арқылы сатып алуға болады.
Жолжүк, тамақтану және басқа да қосымша қызметтер бағасын қалай білсе болады?
Қосымша қызметтерге белгіленген тарифтерді сілтеме бойынша көруіңізге болады
Жолжүгімнің жоғалуы не басқа себептермен ала алмаған жағдайда не істей аламын?
Жолжүк жоғалған немесе келмеген жағдайда дереу түрде әуежайда орналасқан жоғалған жүкті іздеу қызметіне хабарласыңыз немесе lost.found@flyarystan.com электрондық адресіне хабарлама қалдырыңыз.
Нәрестелермен сапар шеккен кезде жолжүкке қосымша нормалар бар ма?
Нәрестемен ұшатын жолаушылар үшін жолжүктерге қосымша нормалар корсетілмейді.
Егер мен әуежайға келгенде әуебилет құнына қосылған жүгімнен тағы да жүгім бар болса, не істеуім керек?
Жөнелту пунктінде жолаушы бұрын төленбеген немесе салмағы бұрын төленгеннен асатын жолжүкті ұсынған болса, жолаушы әуежайда нормадан асатын жолжүктің әр артық килограмы үшін тариф бойынша тасымалдау ақысын төлеуге міндетті. Жолжүкті тасымалдау ақысы әуекомпания сайтына қарағанда әуежайда бірнеше есе қымбат болады және әр килограмм үшін тарифтелед*.
Әуежайда қосымша қызметтерге төлем қолма-қол ақшамен немесе картамен төленеді ме?
Әуежайда төлем қолма-қол ақшамен де, банктік картамен де алынады.
Duty Free-ден алынған өнімдер қалай тасымалданады?
Халықаралық рейстердің жолаушыларына нормадан тыс қол жүгі үшін белгіленген тарифтер бойынша ақы төленген жағдайда, бажсыз сауда дүкендерінен (duty free) сатып алынған өнімді алып өтуге рұқсат етіледі. Қол жүгінің жалпы салмағы 10 кг аспауы тиіс.
Ет өнімдерін қалай тасымалдауға болады?
Кез келген түрдегі ет және балық өнімдері (мұздатылған, ысталған, кептірілген, тұздалған және т.б.) |
|
Тасымалдауға қойылатын талаптар:
*Халықаралық рейстерде өзіңізбен бірге ветеринариялық сертификат болуы қажет |
|
Қаптамаға қойылатын талаптар: 3 қабатты ылғалға төзімді берік қаптама. Мысалы: ет/ балық ->тығыз полиэтилен-> қағаз / картон -> тығыз полиэтилен |