МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАМА
Қоғамнан және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тек FlyArystan әуекомпаниясының ресми ақпараттық арналары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми дереккөздерінде жарияланған ақпаратқа ғана сүйенулерін және расталмаған ақпаратты таратудан бас тартуларын сұраймыз.
Қауіпсіздік – FlyArystan қызметінің басты басымдығы болып қала береді. Әуекомпания барлық қолданыстағы пайдалану және нормативтік талаптарға сәйкес қызметін жалғастыруда.
Қазіргі таңда біздің басты міндетіміз – жолаушыларға, экипаж мүшелеріне және олардың отбасы мүшелеріне қажетті көмек пен қолдауды толық көлемде көрсету.
Туыстарға арналған байланыс желісі:
Анықтама орталығы: +7 727 308 05 13; +7 771 944 48 80
Қазақстан бойынша тегін байланыс желісі: 8 800 080 0440
БАҚ үшін жедел байланыс желісі:
+7 727 338 20 99
БАҚ өкілдерінің барлық сауалдары бойынша:
pr@flyarystan.com
Оқиға туралы қосымша ақпарат FlyArystan-ның Telegram арнасында жарияланады: Telegram
Қазақстандағы әуекомпаниялардың көбі стандартты схемалар бойынша жұмыс жасайтындықтан, Алматы – Шымкент әуебилеттерін төмен бағамен сатып алу осы кезге дейін мүмкін болмаған деуге болады.
Алматы мен Шымкент арасындағы ұшу жиілігі аптасына 9 рейстен 15 рейске дейін арттырылды – күніне екі рет, сәрсенбі күндері күніне үш рет ұшады.
Air Astana компаниясы FlyArystan алғашқы лоукостерін іске қосқаннан кейін нарықтағы жағдай түбегейлі өзгерді. Лоукостер әуебилеттер құны әлдеқайда төмен тікелей рейстерді ұсынатындықтан, Алматы – Шымкент рейстерінің кестесіне бұрынғыдан да көп ықтимал жолаушылар қызығушылық таныта бастады.
Атап өтетін маңызды жайт, лоукостер арқылы ұшу – бұл тек төмен бағалар мен арзан әуебилеттер емес. Жаңа компанияның нарықта басқа да көптеген бәсекелестік артықшылықтары бар.
Халықаралық әуежай қаладан бар болғаны он километр қашықтықта орналасқан. Ғимараты өте шағын, ішінде қажетті заттардың барлығы бар, дәретхана, анықтама бюросы, бар немесе дүкен сияқты қажетті жерлерді таба алмай адасу мүмкін емес деуге болады.
Ішінде және сыртында түсінікті навигациялық жүйе қарастырылған. Барлық жазулар екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде берілген.
Әуежай аумағында заманауи кафе жұмыс істейді, полиция бекеті және ана мен бала бөлмесі бар. Жеке тұрған ғимаратта тамағы дәмді әуежай асханасы орналасқан, онда қолжетімді бағамен тамақтануға болады.
Қоғамдық көлік аялдамасы әуежай ғимаратына қарама-қарсы орналасқан. № 12, 12а және 12б автобустары күнделікті таңғы сағат 6.00-ден бастап кешкі сағат 19.00-ге дейін жүреді. Жүру интервалы шамамен 15-20 минут. Бұдан ерте немесе кеш ұшып келсеңіз, такси шақыруға тура келеді.
Такси жүргізушілерін автобус аялдамасының қасынан табуға болады, олар жолаушыларды тегін көлік тұрағында күтеді. Жеке тасушылар қалаға дейін жеткізуді өздері бірінші болып ұсынуы мүмкін. Жергілікті такси қызметіне қоңырау шалсаңыз, жол жүру ақысы үш есе төмен болады.
Қала климаты қоңыржай, қысқы уақытта орташа температура –2 °C, ал жазғы уақытта шамамен +25 °C құрайды. Метеорологтардың айтуынша, Наурыз айы – ең жаңбырлы ай.
Жергілікті тұрғындар ақкөңілділігімен ерекшеленеді және қала қонақтарының барлық сұрақтарына қуана жауап береді.
Сапарды ұйымдастырған кезде қайту билетін қолжетімді бағамен сатып алуды ұмытпаңыз. Қайту билеттерін FlyArystan сайтынан брондасаңыз, сапарыңыз қолайлы әрі арзан болады.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, лоукостердің сыпайы әрі білікті операторлар қызмет көрсететін, тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығына хабарласыңыз. Сапарыңыз сәтті болсын!
Too Many Request