Саяхат туралы ақпарат

Саяхаттауға қажетті құжаттар

Қазақстан бойынша әуе тасымалы үшін келесі жеке куәліктер * жарамды:

  • Төлқұжат (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін - ЖСН)**;
  • Жеке куәлік немесе e-gov порталынан электрондық құжат (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін - ЖСН);
  • Шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына арналған ықтиярхат ( (ЖСН-мен);
  • Азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
  • Босқын куәлігі;
  • Туу туралы куәлік (16 жасқа дейінгі ҚР азаматтары үшін).

* Құжаттың түпнұсқасы ұсынылуы керек.

** Шетелге шығатындар үшін паспорттың жарамдылық мерзімі сапар аяқталғаннан кейін 6 айдан кем болмауы керек.

Балалармен бірге саяхат

  • бала ата-анасының біреуіне тиесілі екендекендігін растау үшін туу туралы куәліктің түпнұсқасын немесе e-gov порталынан электрондық құжат;
  • туу туралы куәліктің түпнұсқасын және бірге жүретін ересек жолаушының баланы тасымалдауына ата-анасының біреуі берген сенімхаттың түпнұсқасын немесе e-gov порталынан электрондық құжат және сенімхаттың түпнұсқасы немесе QR коды бар электрондық сенімхат (Е-нотариат порталы арқылы беріліп, нотариустың электрондық қолтаңбасы қойылған).
  • Халықаралық рейстерде балаңыздың жеке басын куәландыратын баланың туу туралы куәлігі және ата-аналардың біреуінің паспортында жазбамен бірге сурет болуы қажет.

Сенімхат QR кодсыз берілсе және сенім білдіруші мен нотариус қолтаңбасымен қол қойған болса, сенімхаттың түпнұсқасын ұсыну талабы сақталады.