• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек

Арнайы қызметтер

FlyArystan барлық жолаушылар ұшу кезінде барынша жайлы сезінетіндей жағдай жасауды көздейді. Сапалы көмек көрсетуге дайын болуымыз үшін барлық қажетті ақпаратты берулеріңізді сұраймыз.

ҚР ИИДМ №540 бұйрығы «Жолаушыларды тасымалдау тәртібінің» 2-бөлімі 15 тармағына сәйкес жолаушы немесе тұлға жолаушы атынан тасымалдауға брондау жасағанда төмендегі жағдайларда рейске 5 күнтізбелік күн қалғанда әуекомпанияға ақпарат береді:

  1. жолаушының қозғалуы шектеулі болуы;
  2. кәмелетке толмаған жолаушыны тасымалдау;
  3. жолаушының өз бетімен жүріп-тұруына кедергі келтіретіндей көру, есту функциясының төмен болуы (көзі көрмеуі, құлағы естімеуі);
  4. осы тармақтың 3)-тармақшасындағы жетектеуші ит алып жүрген жағдайда;
  5. инфекциялық аурудың болуы;
  6. мерзімі 22 аптадан асқан жүктілік;
  7. жануарларды (құстарды) тасымалдау;
  8. ережелердің 54-тармағына сәйкес белгіленген алып жүру нормасынан артық жолжүктің немесе ірі габаритті, ауыр салмақты жолжүктің болуы;
  9. әуе кемесінің салонында ғана тасымалдануы тиіс жолжүктің болуы; 
  10. қару мен оқ-дәріні тасымалдау.

Осы ақпаратты алғаннан кейін 1), 4), 5), 7), 8), 9), және 10) тармақшаларында қарастырылған жағдайларда әуе кемесінің техникалық мүмкіндіктеріне байланысты тасымалдаудың орындалуын қамтамасыз ету мүмкін болмаса әуекомпания жолаушыға 24 сағат ішінде тасымалдаудан бас тартатынын хабарлайды.

Арнайы көмек көрсетуге сұранымды special.services@flyarystan.com электронды мекен-жайына жіберіңіздер. Расталған арнайы қызметі бар жолаушының ұшып шығу күнін өзгеруту кезінде жолаушыға ұшудың өзгертілген күніне қайтадан қызметті растау және сатып алу қажет болады.

Спорттық жабдықты онлайн немесе Брондауды өзгерту  немесе әуежайда тіркеу бөлімінде сатып алуға болады.*

*Спорттық жабдықтар қызметі әуежайда сатып алған жағдайда  ішкі бағыттарда 5000 теңге, халықаралық бағаттарда 20 еуро көлемінде арнайы қызмет көрсету ақысы алынады.

 

Қозғалуы қиын жолаушылар

Кей жолаушыларға тіркеу орындарынан ұшаққа жету қиындық тудырады. Қозғалысы шектеулі жолаушыларға біз түрлі көмек ұсына аламыз. Егер қозғалысыңыз шектеулі болса, бізге қоятын талаптарыңызды ескере отырып, төменде келтірілген тізімнен ерекше қызмет көрсетуге дайындалуымыз үшін, FlyArystan әуекомпаниясының арнайы қызмет көрсету бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз (special.services@flyarystan.com).

Ұшуға дейін және ұшудан кейін біздің ықыласты және қамқор бортсеріктеріміз сізге келесі көмек түрлерін көрсете алады. 

 

Келесі кресло-арбалар түрлері:

 

  • баспалдаққа өзі мініп, өзі түсе алатын, жолаушылар креслосына өзі жете алатын, отырып-тұра алатын, бірақ алыс қашықтықтарға кресло-арбасыз жүре алмайтын жолаушыларға арналған;
  • баспалдаққа міне алатын (сүйемелдеу қажет), жолаушылар креслосына өз бетімен жете алатын (мұндай жолаушыларға да ұзақ қашықтыққа жүру үшін, кресло-арба қажет) жолаушыларға арналған;
  • мүлдем қозғалыс қабілетінен айырылған немесе кресло-арбасыз жүре алмайтын жолаушыларға (оларды баспалдақтан, жолаушылар креслосына дейін көтеріп апару қажет) арналған.

 

Егер сіздің өзіңіздің жылжымалы креслоңыз болса

 

Жылжымалы креслолар тек тіркелген багаж ретінде тасымалданады. Жылжымалы креслолар тегін тасымалданылады, орнатылған жүк нормасынан тыс.

Біз алдын-ала қажетті өкім беру үшін және болжамалы қолайсыздықтардың алдын-алу үшін жеке жылжымалы креслоларымен сапар шегетін жолаушылар бізге алдын-ала хабарласулары керек, ол үшін сәйкесінше өтінішті special.services@flyarystan.com мекен-жайы бойынша кемінде ұшуға 24 сағат бұрын жіберу керек. Біз өтінішіті қарастырып, әуекемде жеткілікті орын болса және төмендегі ережелер сақталатын болса міндетті түрде оң жауабын береміз.

  • Жиналатын қолмен басқарылатын жылжымалы кресло

Мұндай түрдегі креслолар шектеусіз тасымалданылады.

  • Электр басқармасы бар креслолар (яғни батареямен іске қосылатын)

 - Ақпайтын және литийлі батареяның көмегімен іске қосылатын мүгедек арбалары (литийлі батраеяларда тиісті тәжірибелер мен тесттерден өтіп, тиісті түрде сертификатталған екені көрсетілуі керек).

Егер арбаның құрылымы бойынша пайдаланушы арбаның батареясын бөлек ала алса, төмендегі шараларды орындауы қажет:

  • Арбадан батареяны ажырату; осыдан кейін арбаның шектеусіз тасымалданылады, ал ажыратылған батарея берік, қатты жиынтық орамада тасымалдануы керек.
  • Қысқаша кездейсоқ тұйықталу болмас үшін аккумулятордың қысқышын ажырату.

Егер арбаның құрылымы бойынша пайдаланушы арбаның батареясын бөлек ала алмаса, төмендегі шараларды орындау қажет:

  • Кездейсоқ қысқа тұйықталудан сақтану үшін батареяның клеммаларын ажырату
  • Арбаға батареяны мықтап бекіту
  • Электр тізбектері бекітулі болуы керек

 - Электролитті батареямен іске қосылатын мүгедек арбасы.

Егер тік қалпында тиеу/түсіру мүмкін болса, батареяны арбадан ажыртпауға болады. Соған қарамастан төмендегі шараларды орындау қажет:

  • Кездейсоқ қысқа тұйықталудан сақтану үшін батареяның клеммаларын ажырату
  • Арбаға батареяны мықтап бекіту
  • Электр тізбектері бекітулі болуы керек

Егер тік қалпында тасымалдау мүмкін ЕМЕС болса, батареяны ажырату қажет. Осыдан кейін жылжымалы кресло шектеусіз тасымалданады, ал ажыратылған батарея герметикалық және электролитке төзімді, қатты жиынтық орамада тасымалдануы керек.

Сонымен қатар:

  • Кездейсоқ қысқа тұйықталудан сақтану үшін батареяның клеммаларын ажырату.
  • Батареяны контейнердің ішіне көлденең қалыпта орналастыру және батареяның ішіндегісі төгіліп кететін болса, барлық электролитті сіңіріп алатындай жеткілікті мөлшердегі сорғыш материалмен орау.

 

Оттегінің Жеке Концентраторлары

FlyArystan рейстерінде оттегі қаптарын, баллондарды және генераторларды тасымалдауға тыйым салынады. Жолаушылар тек оттегінің жеке концентраторларын алып жүре алады. Жеке оттегі концентраторЛАРЫН тасымалдау туралы ақпаратты FlyArystan арнайы қызмет бөліміне (special.services@flyarystan.com) ұшуға дейін кемінде 24 сағат бұрын тапсыру керек.

Рұқсат етілген ОЖК:
  • Airsep Focus/Free Style 5/Free Style/Lifestyle
  • EasyPulse (Precision Medical)
  • ECLIPSE Oxygen System Model 1000 (SeQual) / ECLIPSE2 Oxygen System Model 1000A (SeQual)/ ECLIPSE3 Oxygen System (SeQual) / ECLIPSE5 Oxygen System (SeQual)
  • Inogen One/ One G2/ One G3/ One G4
  • LifeChoice/ LifeChoice Activox (Inova Labs)
  • Oxywell Model 4000 (SeQual) 
  • Quinox Model 4000 (SeQual) 
  • Respironics EverGo/Respironics SimplyGO
  • SeQuel SAROS  
  • VBOX, Inc.’s Trooper 
  • iGo (DeVilbiss Healthcare)
  • Invacare Solo2/ Invacare XPO2
  • Oxlife Independence Oxygen Concentrator
  • Oxus RS-0400 
  • AirSep FreeStyle Comfort

Балдақтар, имек таяқтар, гипстер

  • Ұшақ бортына сіз балдақтар/тіреуіштерді және жиналмалы имек таяқтарды ақысыз ала аласыз.
  • Егер имек таяқтар бүктелмесе, олар қосымша ақысыз жүк бөліміне қабылданады.
  • Сынған аяғыңыздың тізесі бүгіле алмауына байланысты сіз біздің ұшақтарымызбен саяхаттай алмайсыз.

FlyArystan әуекомпаниясы техникалық  сипаттамаларына байланысты зембілдегі  жолаушыларды тасымалдай алмайды.

 

Көру және есту қабілеті нашар адамдар

FlyArystan әуекомпаниясы барлық жолаушылардың өздерін барынша жайлы әрі емін-еркін сезінуін қамтамасыз етуге ұмтылады. Көру қабілеті төмен жолаушылар FlyArystan компаниясының рейстерінде өз қызметтік иттерімен қосымша төлемсіз сапар шеге алады. Мұндай иттер жолаушылардың рұқсат етілген жүк бөлігі болып есептелмейді. Арнайы үйретілген қызметтік иттің жолаушылар салонына кіріп, иесінің қасында отыруына рұқсат берілген, итке тұмсық тор кигізу міндетті. Жолаушы өзімен бірге қажетті ветеринарлық құжаттар мен иттің сертификаттарын алып жүруі қажет. Бұл туралы саяхаттар бюросының агентіне алдын-ала немесе тиісті ақпаратты біздің арнайы қызмет көрсету бөліміне (special.services@flyarystan.com) сапардың басталуына дейін 24 сағат бұрын хабарлауыңызды сұраймыз.

 

Рейске тіркеуді өткен кезде, біздің персонал есту қабілеттері төмен жолаушыларға қамқорлықпен көмек қамтамасыз етеді. Бұл туралы саяхаттар бюросының агентіне алдын-ала немесе мұндай көмек қажеттігі туралы біздің арнайы қызмет көрсету бөліміне (special.services@flyarystan.com) сапардың басталуына дейін хабарлауыңызды сұраймыз.

 

Болашақ аналар

  • Жүкті әйелдер рейске тіркелуге мүмкіндігінше ертерек (тіркеу уақыты басталған уақытта) келуі тиіс.
  • Жүкті әйелдердің жүктілік мерзімін және ұшу барысында қажеттілігін анықтау үшін. олар тіркеу кезінде алмасу картасын ұсынуы тиіс.
  • Жүктілік уақыты 22 аптадан аспаған жүкті әйелдер дәрігерден ұшуды растайтын құжатты алмастан сапар шеге алады.
  • Жүкті әйелдер бір нәрестелі жүктілік кезінде 22 аптадан 34 аптаға дейін және көпнәрестелі жүктілік кезінде 22 аптадан 32 аптаға дейін медициналық ұжымның жүктілік уақыты мен жүкті әйел денсаулығының жарамдылығы туралы анықтамасымен тасымалданады. Халықаралық бағыттарда ұшу үшін анықтаманың ағылшын тілінде аудармасы болуы тиіс. Анықтаманың жарамдылық уақыты - 30 күн.
  • Жүкті әйелдер бір нәрестелі жүктілік кезінде 34 аптадан бастап және көпнәрестелі жүктілік кезінде 32 аптадан бастап құзіретті медициналық комиссияның жазбаша түрде шешімдері бойынша тасымалданады (Қазақстан Республикасында № 026/у формасы бойынша болуы тиіс). Халықаралық бағыттарда медициналық шешімнің ағылшын тілінде аудармасы болуы тиіс. Медициналық шешімнің жарамдылық уақыты - 30 күн.
  • Әйел жүктілігінің ерте сатысында немесе жалпы жүктілік уақытында қандай да бір асқынулары болса, онда әуе көлігімен сапар шегу алдында дәрігерден кеңес алуы тиіс.
  • Егер жүкті әйелдің босану уақыты келесі 7 күн аралығында күтілген жағдайда, медициналық комиссияның жазбаша түрдегі рұқсатына қарамастан, авиакомпанияның оны тасымалдауданбастартуына құқығы бар.
  • Қай жағдайда болмасын, болашақ ананың денсаулығына өзі және оған анықтама мен болашақ ананың әуе арқылы жүруіне мүмкіндік беретін дәрігер жауапты.
  • Босанған әйел және оның нәрестесі босану уақытынан бастап 7 күнге дейін тасымалданбайды.
  • FlyArystan авиакомпаниясы белгіленген елдің көші-қон заңнамасының талаптарына сәйкес жүкті әйелді тасымалдаудан бас тартуына құқығы бар.

 

 

Жетелеушісі жоқ балалар

Ішкі бағыттарда қызмет құны - 9 500 теңге.

6 жастан 15 жасқа дейінгі жетелеушісі жоқ балалар ретінде ата-анасымен бірге емес және қандай да бір жолаушыға тапсырылмаған балалар ішкі және халықаралық рейстерде тасымалданады. 

 

6 жастан кіші балаларды жетелеушісіз тасымалдауға қабылдамайды.

Қызмет тоғыспалы рейстерде ұсынылмайды.

Жетелеушісі жоқ баланы тасымалдау қызметін әуебилетті сатып алатын кезде немесе әуебилетті сатып алғаннан кейін, бірақ ұшып шығуға кемінде 24 сағат қалғанда, FlyArystan байланыс орталығының +7 727 331 10 10 нөмірі немесе туристік агенттіктер арқылы растап, қосымша сатып алу керек. Егер баланың әуебилетін өзгерту қажет болса, жетелеушісі жоқ баланы тасымалдау қызметі автоматты түрде басқа күнге өзгертілмейді. Ол үшін FlyArystan байланыс орталығының +7 727 331 10 10 нөміріне қоңырау шалып немесе туристік агенттікке хабарласып, жетелеушісі жоқ баланы тасымалдау қызмет көрсетілетін күнін өзгерту мүмкіндігін растау керек.

 

Назар аударыңыз, жетелеушісі жоқ баланы тасымалдау қызметі бала билетінің құнына қосымша төленеді. Қызметтің құнымен сіз осында таныса аласыз.

 

Жетелеушісі жоқ балалар ұшуға тек ата-анасы/шығарып салатын кісі әуежайдағы FlyArystan өкілімен берілетін кәмелетке толмаған баланы жетелеушісіз тасымалдау туралы өтініш бланкісін толтырып, қол қойғаннан кейін жіберіледі. Өтінішке ұшар алдында баланы ертіп жүруге жауапты ересек адам туралы ақпарат, және балаға жауапты болып, оны әуежайдан алып кететін ересек адам туралы ақпарат жазылады.

 

Егер баланы шығу пунктіне жеткізуге жауапты ересек адам осы баланың анасы, әкесі, немесе заңды қамқоршысы болмаса, жауапты адамға баланы тапсыруға оның құқығын растайтын нотариалды түрде расталған ата-анасынан/заңды қамқоршысынан құжаттың тұпнұсқасы және оның жеке куәлігінің тұпнұсқасы болуы керек.

Егер Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматы Қазақстан Республикасынан жетелеушісісіз шыққан жағдайда, оның паспортынан басқа Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматының кету мерзімін және өзі баруға ниет білдірген мемлекетті (мемлекеттерді) көрсете отырып, ата-анасының, асырап алушыларының, қорғаншыларының немесе қамқоршыларының кәмелетке толмаған азаматтың мемлекеттен шығуына нотариалды ресімделген келісімі болуы қажет.

 

Қызмет туралы толығырақ:

  • Ұшып кету әуежайында тіркеу бағанасында қызмет көрсететін компанияның қызметкері қажетті ілеспе құжаттарды рәсімдейді, жетелеушісі жоқ жолаушыны және жолжүгін (қажет болған жағдайда) тіркейді. Бала рейс экипажына берілген сәтке дейін қызмет көрсететін компания қызметкерінің қарауында болады. Шығарып салатын адам әуе кемесі ұшып кеткен сәтке дейін әуежайда қалуы тиіс.
  • Біздің бортсеріктер баланы әуе кемесінің бортында қарсы алады, керек жағдайда қол жугін орналастыруға көмек көрсетеді. Бала ұшу кезінде бортсеріктердің бақылауында болуы үшін оған соңғы қатарда орын беріледі. Осыған байланысты, осы санаттағы жолаушылар үшін "орын таңдау" қызметі қолжетімсіз. Балаға кәмелетке толған әйел адамның қасында орын беріледі.
  • Ұшып келу әуежайында бортсеріктер баланы қызмет көрсететін компанияның қызметкеріне тапсырады, ол жолаушының жолжүгін (бар болған жағдайда) алуға көмектеседі және күтіп алатын кісіге апарады.
  • Баланы күтіп алатын адамға сеніп тапсырмас бұрын міндетті түрде қарсы алушының жеке басын куәландыратын құжатты тексеру жүргізіледі. Бұл адам тіркеу кезінде толтырылған құжаттарда көрсетілуі тиіс. Баланы күтіп алатын адамға жарамды жеке куәлігін немесе төлқұжатын көрсету қажет екендігін ескертеміз. Баланы қарсы алатын адам келген бойда бала үшін жауапкершілікті өзіне алады.
  • Егер құжаттарда көрсетілген кездесуші тұлға әуежайға келмесе, қызмет көрсететін компанияның қызметкері онымен байланысу керек. Егер 30 минут ішінде қарсы алатын адам келмесе, бала ЖІІБ-нің жергілікті пунктіне беріледі, ол туралы баланы шығарып салатын адам міндетті түрде дереу хабардар етіледі.

Қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, егер ұшу уақыты (ұшып шығу қаланың уақыты бойынша) сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00 уақыт аралығында болса, онда жетелеушісі жоқ балалар FlyArystan әуекомпаниясының рейстеріне, басқа рейс болмаған жағдайда да, қабылданбайды. 

 

Жетелеушісі жоқ бала рейске тіркелу үшін ұшуға дейін 2 сағат бұрын әуежайға келуі тиіс, себебі тасымалдау туралы құжаттарды тексеру және толтыру процедурасы көбірек уақыт талап етеді.

 

Жануарларды тасымалдау

Жануарлар қосымша ақыға тасымалданады. Тасымалдау тарифтерімен сілтемені басып таныс болыңыз.

Жалпы ақпарат

Бұл сіздің кішкентай досыңызбен бірге өткізетін отбасылық демалысыңыз болсын немесе жануарды жаңа мекен-жайына тасымалдау болсын, FlyArystan әуекомпаниясы жолаушылардың үй жануарларын ұшақ бортында тасымалдау мүмкіндігінің болуының қаншалықты маңызды екендігін жете түсінеді. Біздің негізгі мақсатымыз сіздің сапарыңызды қауіпсіз және жануарыңыз үшін ыңғайлы қылу болып табылады.

 

Мұндағы біздің ең алғаш міндетіміз – жануарларға барынша жайлылықпен қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету болып табылады.

 

Саяхатқа үй жануарларымен шыққан жолаушылар 1-қатардан және апаттық шығу есігі бар қатардан орындарды сатып ала алмайды. Бір қатарда жануарды ұшақ бортында тасымалдау қызметті растаған бір жолаушыға ғана отыруға рұқсат етіледі. 

 

FlyArystan жолаушыларына ұшақ салонына шағын мысықтарды, иттерді және тасбақаларды (8 кг-ға дейін) (PETC) алып жүруге рұқсат етіледі. 

 

8 кг-нан асатын мысықтар мен иттерді ұшақтың жүк бөлімдерінде тасымалдауға болады (AVIH).

 

Жануарларды халықаралық бағыттарда тасымалдау

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ИАТА ережелеріне сәйкес қолжүк немесе жүк ретінде тасымалданатын жануарды тіркеу барысында Бақылау тізімі толтырылуы талап етілетініне назар аударуыңызды сұраймыз.

 

Бақылау тізімі жануардың құжаттары және оны тасымалдауға арналған контейнердің талаптарға сай екендігін растау мақсатында толтырылады. 

 

Жануармен саяхаттайтын жолаушылар үшін алдын-ала ескерілуі тиіс талаптар:

 

  • Үй жануарларымен саяхаттайтын жолаушылар жануарды тікелей тіркеу бағанына әкелмей, ұшуға дейін кемінде 24 сағат бұрын алдын ала оларды тасымалдау қызметіне тапсырыс беріп, растауы қажет.
  • Үй жануарларың жүк немесе қолжүк ретінде тасымалдау мүмкіндігі сіздің ұшу бағытыңыздағы барлық елдердің кіру және шығу ережелеріне сәйкес келетініне көз жеткізу.
  • Эйр Астана немесе Флай Арыстан ұшақ бортында, және де транзиттік немесе трансферлік рейстеріңіз болған жағдайда, жануарларды жүк немесе қолжүк ретінде тасымалдау үшін басқа да әуекомпаниялардың растауы қажет.
  • Қажетті ветеринариялық тексеру немесе басқа да вакцинация, микрочиптеу сынды процедуралары сапарға дейін жеткілікті уақыт ішінде жүргізілуі тиіс;
  • Үй жануарыңызға қажетті ресми және ветеринариялық құжаттардың дайын екендігіне көз жеткізіңіз (мысалы, жануар паспорты, ветеринарлық куәлік, құтыруға қарсы антиденелерді титрлеу сынағы);
  • Саяхат барысында ұшатын барлық әуекомпаниялардан үй жануарыңызды қолжүк немесе жүк ретінде тіркеуге болатынын алдын ала тексеру қажет;
  • Үй жануары таза және тасымалдауға жақсы жағдайда болуы қерек;

 

Жануарыңызды тасымалдауға арналған контейнер талаптарға сәйкес келетініне көз жеткізіңіз, соның ішінде:

  • үй жануарының табиғи қалыпта отыру, тұру, бұрылу және жату мүмкіндігі
  • қолайлы сіңіргіш материалдың болуы
  • ұзақ уақыт тасымалдау кезінде (12 сағаттан астам) жартылай толтырылған су ыдысының болуы
  • контейнердің төрт жағынан ауаны өткізу мүмкіндігі және жеткілікті мөлшердегі желдету (контейнердің төрт жағының жалпы бетінің 16% құрайтын) саңылауларының болуы
  • Үй жануарыңыз тасымалдау контейнерімен таныс екеніне көз жеткізуді, сонымен қатар жануарды тыныштандыру үшін контейнерге таныс төсек-орындарды немесе ойыншықты қоюды ұсынамыз;
  • жануардың ит жағасы немесе әбзелдері, және оған сәйкес қарғыбауы бар екеніне көз жеткізіңіз

 

Ұшу күні:

  • рейстің ұшу уақытына 2 сағат қалғанда үй жануарыңызды алдын ала тіркеу бағанына әкеліңіз;
  • жануарды тасымалдауға қажетті барлық құжаттарды тіркеу бағанында көрсетіңіз;
  • үй жануарыңызды тасымалдау қызметінің құнын рейске тіркелу кезінде немесе кассада төлеңіз;
  • жануардың ит жағасы немесе әбзелдері бар екеніне және оған сәйкес қарғыбауы бар екеніне көз жеткізіңіз.

 

            Егер авиакомпанияның тасымалдау талаптары, Қазақстан Республикасының ветеринариялық ережелері немесе ұшып кету, ұшып келу елдерінің экспорт-импорт ережелері бұзылса, авиакомпания үй жануарларын тасымалдаудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады.

 

Әуекомпанияның бақылауынан тыс мән-жайлардан туындаған физикалық зақымға, жануардың ауруына немесе өліміне жауапты емес. Мұндай жағдайларға жануардың бұрыннан бар денсаулық мәселелері немесе жануарлардың белгілі бір тұқымдарының әуе тасымалдау жағдайларына төзімділік ерекшеліктері жатады. Сонымен қатар, бұл белгілі бір елге кіруге немесе транзитпен ұшуға рұқсаты болмаған жағдайларға қатысты.

Аквариум балықтарын, құстарды және кеміргіштерді ұшақ салонында да, тіркелген жолжүк ретінде де тасымалдауға болмайды. Әуе кемесінің жүк бөлімдерінде құстарды, балықтарды және кеміргіштерді тасымалдауға рұқсат етіледі. Жануарларыңызды тасымалдау үшін cargo@airastana.com.

  • Аквариум балықтары тек жүк ретінде оттегімен айдалатын (үй жануарлары дүкенінде) және берік қорапқа салынған арнайы мөрленген пакеттерде тасымалданады.
  • Тасымалдауды алдын ала келіспестен және брондаусыз үй жануарларын рейске жолаушыларды тіркеу үстеліне тікелей әкелуге болмайды.
  • Тасымалдау үшін жүк тасымалдау бөліміне хабарласу қажет cargo@airastana.com.

FlyArystan әуекомпаниясы жануарларды тасымалдау түріне рұқсат беруі үшін жолаушы жануарларды тасымалдау жөніндегі ақпаратты ұсынуы қажет.

 

Егер сіз FlyArystan бортына жануарлар мен балықтарды алып жүргіңіз келсе, бұл туралы рейсіңізге ұшақтың ұшып шығуына кем дегенде 24 сағат қалғанда, саяхат бюросында сізге қызмет көрсететін агентке хабарлауыңыз қажет немесе FlyArystan компаниясының арнайы қызмет көрсету бөліміне тиісті ақпаратты жіберуіңіз қажет (special.services@flyarystan.com). Әуекомпания қауіпсіздік талаптарына байланысты cұраныс алынған уақытқа қарамастан, оны растамау да құқылы.

 

FlyArystan компаниясы үй жануарларын тасымалдау кезінде жануарлардың жайлылығын барынша қамтамасыз етуге бар күшін салады. Алайда, FlyArystan жоспарланып отырған тасымалды алдын-ала тіркемей, үй жануарын жолаушыларды тіркеу орнының дәл өзіне алып келудің жөнсіз екендігін ескертеді, себебі, біздің компания жануарыңызды тасымалдауға дайын болмай қалуы мүмкін.

 

 

Жолаушылар салонында тасымалданатын жануарлар (PETC)

РЕТС үшін максималды салмақ – контейнер салмағын қосқанда, 8 кг-ды (17 фунт) құрайды. Бір жолаушыға тек бір ғана контейнерді тасымалдауға рұқсат беріледі.

 

Ұшақ бортындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, контейнердіңең үлкен көлемі 30 x 47 x 27 см болуы тиіс.

 

Кішкентай иттер мен мысықтарды тасымалдауға жануарларды тасымалдауға арналған арнайы жұмсақ контейнерді пайдалану ұсынылады. Жануарларға арналған мұндай арнайы жол сөмкелерін зоодүкендерден сатып алуға болады. Жануарларды жолаушылар салонында тасымалдауға арналған жұмсақ сөмкелердің басқа түрлерін пайдалануға болмайды (PETC).

 

Жүк бөлімдерінде тасымалданатын жануарлар (AVIH)

AVIH арқылы жануарларды тасымалдаған кездегі максималды салмақ – контейнер салмағын қосқанда, 50 кг-ды құрайды. Салмағы бұл шектеуден асатын жануарлар жүкретінде, авиациялық жүк қағазын рәсімдей отырып, қабылданады. Салмағы 40 кг-нан асатын жануарларды берікағаш контейнерлерде тасымалдау қажет.

 

AVIH арқылы тасымалдау кезінде, бір контейнерде бірге тіршілік етуге үйренген, мөлшерлері бірдей болатын екі жануарды алып жүруге болады, әр жануардың салмағы 14 кг-нан артық болмауы тиіс. 14 кг-нан асатын жануарлар жеке контейнерлерге орналастырылады. Бір контейнерде жасы алты айдан аспайтынұяласүш жануардан артық тасымалдауға болмайды.

 

Тасымалданатынжануарлардыңжасыкемінде 3 ай болуы керек.

 

Тарифтер жөнінде толық ақпаратты біздің сайттың «Қызметтер мен алымдар» бөлімнен оқиаласыздар.  Сұрақтарыңыз болса, бізге төмендегі мекенжай бойынша хабарласыңыз: special.services@flyarystan.com.

Назар аударыңыз! Үндістанға жануарларды әкелуге тыйым салынады. Тек алып кетүге рұқсат беріледі.

 

Арнайы жабдықтарды тасымалдау

FlyArystan сіздің саяхатыңыздың сәтті өтуі үшін арнайы жабдықтарды тасымалдауға байланысты қызметтің барлық түрлерін ұсынадыСіз спорттық керек-жарақты қосымша ақы төлеп тасымалдай аласыз. Тасымалдау тарифтерімен сілтемені басып таныс болыңыз.

 

Спорттық жабдықты онлайн немесе Брондауды өзгерту арқылы сатып алуға болады.

 

Бір жолаушыға арналған жабдықтың максималды жиынтығы

 

Шаңғы жабдықтары

1 сөмкеге салынған жабдық:

Бір жұп шаңғы және бір жұп шаңғы таяқтары;
Бір жұп етік пен бір шаңғы шлемі.

 

Сноуборд жабдықтары

 

1 сөмкеге салынған жабдық:

бір сноуборд; бір жұп етік және бір шаңғы шлемі

Хоккей жабдықтары 

 

1 сөмкеге салынған жабдық:

бір немесе екі хоккей таяқшасы;

1 сөмкеге салынған жабдық:

(коньки жұбы, 1 денені қорғау жинағы, 1 дулыға)

Велосипедтер*

1 велосипед

Гольф жабдықтары

1 қорапқа салынған жабдық:
14 клуб,
12 доп,
қазықтар,
1 жұп аяқ киім

Серфинг тақталары

1 тақтасы бар 1 корпус

 

Каноэ 

 

1 каноэмен 1 корпус

Дайвинг жабдықтары**

 

1 қорапқа салынған жабдық:
1 BCD,
1 реттегіш
1 маска және тыныс алу түтігі,
1 ылғал костюм
жұп қанаттар
Салмақтары бар 1 салмақ белбеуі

 

* Велосипедтерді мықтап орау керек, педальдарды алып тастау және шиналарды сөндіру керек

 

** Тасымалдау кезінде аквалангтар бос және клапандар ашық болуы керек. Сүңгуір алауының қуатын өшіру керек, шамды және батареяны алып тастау керек және оны тек қол багажында алып жүру керек.

 

Қаптайтын материал бермейтінімізді ескеруіңізді сұраймыз. Спорттық керек-жарағыңызды жоғарыдағы талаптарға сәйкес буып-түйгеніңізге көзжеткізіңіз. Спорттықкерек-жарақтиістітүрдебуып-түйілмегенболса, онытасымалдауғақабылдамаймыз.

 

Музыкалық аспаптар мен осал заттар

Сыртқы қабымен бірге жалпы өлшемі 56x23x36 см-ден, салмағы 5 кг-нан аспаса, музыкалық аспап ұшақ салонына қабылданады. Домбыра жоғарыда көрсетілген өлшемдерге сәйкес келмейтіндіктен қолжүк ретінде қабылданбайды. Егер музыкалық аспабыңыздың салмағы 10кг-нан аспай тұрса, Қолжүк қызметімізді пайдаланып, сатып алынған шарттар бойынша ұшақ салонына алып кіруге болады.

  • Ондай аспаптарға скрипкалар, альттар, флейталар, кларнеттер, трубалар, гавай гитаралары жатады.
  • Музыкалық аспабы бар қапты қол жүк өлшемін анықтауға арналған стандартизатормен тексеріп алған жөн: қаптың ені мен тереңдігі рұқсат етілген параметрге сәйкес болуы тиіс, ал биіктігі одан 1,5 еседей кем болуы тиіс.
  • Музыкалық аспап сіздің қол жүгіңіз ретінде саналады, одан басқа қол жүкті бортқа алып кіруге болмайды.
  • Музыкалық аспапты жоғарыдағы жүк бөліміне салып қою қажет.

Жоғарыдағы өлшемдерге сәйкес келмейтін және тіркелген жолжүк ретінде тасымалдауға жарамайтын музыкалық аспаптарды ұшақ салонында бөлек орын сатып алып сол орында тасымалдауға болады. Музыкалық аспаптың салмағы 30 кг-нан аспауы тиіс. Музыкалық аспап қабының өлшемі 120 х 50 х 30 см-нан аспауы тиіс.  Жолаушы / аспап иесі аспапты өз бетімен алып жүруге және орнына бекітуге қабілетті болуы тиіс.

  • Музыкалық аспапқа бөлек орынды тек билетті брондау алдында, ұшуға дейін 24 сағат бұрын сатып алуға болады.
  • Қауіпсіздік мақсатында аспаптарды апаттық жағдайда шығу есіктері орналасқан қатарларға және бірінші қатарға орналастыруға болмайды, оларды терезе жақтағы орындарға қою керек.
  • Өлшемі виолончельден үлкен аспаптарды (мысалы, контрабас, арфа, т. с. с.) «Шектеулі жауапкершілік» белгісімен тіркеу керек.

Жолаушылар салонында музыкалық аспаптарды тасымалдау туралы қосымша ақпаратты алу үшін және сұранымдарыңызды жіберу үшін, special.services@flyarystan.com бөліміне немесе FlyArystan байланыс орталығына хабарласыңыз.

Билетті сатып алмас бұрын жолаушы арнайы қызмет бөліміне немесе байланыс орталығына хабарласуы керек

 

Қаруды тасымалдау

Қару мен оның оқ-дәрілері

Қару мен оның оқ-дәрілерін тасымалдау үшін алдын ала келісу және қосымша төлем талап етіледі.

 

Егер сіз қаруды тасымалдағыңыз келсе, рұқсат алу керек. Ол үшін ұшуға дейін 24 сағаттан кешіктірмей "FlyArystan" авиакомпаниясының арнайы қызмет көрсету бөліміне тікелей жіберу керек. special.services@flyarystan.com немесе +7 (727) 331 10 нөмірі бойынша авиакомпанияның байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы.

 

Қаруды тасымалдауға арналған сұрау салуда көрсету қажет:

  • қарудың сипаттамасы мен саны;
  • қарудың моделі, сериялық және табельдік нөмірі;
  • пайдалану мақсаты;
  • патрондардың сипаттамасы мен саны (*патрондардың салмағы 5КГ аспауы тиіс).

Тарифтермен және тасымалдау шарттарымен сіз төменде таныса аласыз. Тарифті сұраныс расталғаннан кейін дереу төлеу керек:

 

Бағасы

Бір жолаушыға арналған жабдықтарды барынша жинақтау

Қару мен оның оқ-дәрілері

20 000 теңге

Қаптағы/ қаптағы қарудың 1 бірлігі (багаждың жеке орны)*

1 оқ-дәрілері бар орама (багаждың жеке орны)

* қарудың әрбір қосымша бірлігі қару мен оқ-дәрілерді тасымалдау үшін көрсетілген тариф бойынша қосымша ақы төлеуге жатады

 

Тасымалдау шарттары:

Тек тіркелген багажда ғана тасымалдауға рұқсат етіледі: спорттық және аңшылық қару, пистолеттер мен ойық қару, сондай-ақ қауіптілік 1.4 S кіші сыныбының сенімді буып-түйілген оқ-дәрілер (қаруға арналған патрондар) (БҰҰ 0012 және 0014 тізімі бойынша нөмірлері).

 

IATA қауіпті заттар мен заттарды тасымалдау Ережелеріне сәйкес қару мен оқ-дәрілер жолжҥктің әр түрлі орындарында болуы тиіс. Қажет болса, бөлу үшін арнайы жәшікті пайдалану қажет.

 

Қару оқталмаған болуы тиіс. Оқ-дәрілер тек жеке пайдалануға, спорттық және (немесе) аңшылық мақсаттарға арналуға тиіс.

 

Әрбір жолаушыға жеке мақсатта пайдалану үшін оқ-дәріні ораумен (өлшеу талап етіледі) жалпы салмағы 5 кг-нан аспайтын тасымалдауға рұқсат етіледі. Бірнеше адамға тасымалдау нормаларын бір немесе бірнеше багаж орнына біріктіруге болмайды.

 

Оқ-дәрілер сенімді буып-түйілуі тиіс, яғни стандартты сауда қаптамасында болуы тиіс.

 

Әуежайда барлық формальдылықтарды уақтылы өту үшін жолаушылар тіркеу аяқталғанға дейін 30 минуттан кешіктірмей алдын ала тіркеуге келуі тиіс.

 

Жарылғыш немесе тұтандырғыш снарядтары бар оқ-дәрілерді алып жүруге тыйым салынады.