Саяхат туралы ақпарат

Борттағы құттықтаулар

Congratulations on board

«Борттағы құттықтау» қызметі сізге жақындарыңызға ерекше сыйлық жасауға мүмкіндік береді. Саяхат кезінде экипаж мүшелері сіздің сұранысыңыз бойынша жолаушыны құттықтайды.

Қызметке қалай тапсырыс беруге болады:

«Борттағы құттықтау» қызметіне сұранысыңызды ұшуға дейін 72 сағаттан кешіктірмей congratulation@flyarystan.com электрондық поштасына жіберуіңізді сұраймыз.Хатта рейстің күні мен нөмірі, құттықтаушының нөмірі және толық акпарат көрсетілген мәтін көрсетілуі керек.

Расталған қызметпен жолаушының ұшу күні өзгерген жағдайда, қызметті басқа қызметке, рейске, жолаушыға және басқаларға қайта тіркеуге тыйым салынады.

Ішкі бағыттарда қызмет көрсету құны: 11 000  ₸

Халықаралық бағыттарда қызмет көрсету құны: 24 €

Заңды тұлғалар үшін "борттағы құттықтау" қызметін көрсетуге сұранысты ad.offers@flyarystan.com поштасына жіберуіңізді сұраймыз.

Қайтарым

Ақшалай қаражатының қайтарымы келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

  • Ұшуға дейін 48 сағат бұрын өтінім берген жағдайда. Және өтінім congratulation@flyarystan.com электрондық поштасына жіберілуі қажет.
  • Рейс 6 сағаттан артық уақытқа кешіктірілген/орындалмаған жағдайда жолаушы рейстен мәжбүрлі түрде бас тартқан жағдайда;
  • Әуекеме ауысуына байланысты борттағы құттықтау қызметінің ұсынылмауына байланысты.