• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек
Артқа

Астана

Семей – Астана рейсі

Қазақстан астанасына бару қажеттігі туындаса, пойызға немесе автобусқа билет сатып алуға асықпаңыз. Сапар мақсатының қандай екеніне қарамастан, FlyArystan компаниясының ұшу ұсыныстары Астанаға сапарды жоспарлап отырған студенттерге де, іскери адамдарға да жылдам әрі ыңғайлы жетуге мүмкіндік береді. Пойызбен және автобуспен жол жүру уақытына қарағанда, осы бағыттағы ұшу уақыты шамамен небәрі бір жарым сағатты құрайды.

Семей – Астана билетін сатып алу жолы

Семей – Астана билетін сатып алу үшін flyarystan.com сайтындағы іздеу формасын пайдаланыңыз. Қалаларды, жолаушылар санын, қажетті күндерді көрсетіңіз. Ұсынылған нұсқалармен танысып, оңтайлы нұсқасын таңдаңыз.

Семейден Астанаға дейінгі билетті неғұрлым ерте брондап, кері бағыттағы әуебилеттерді сатып алу қамын ойлауды ұсынамыз. Сапар алдында билеттің бар-жоғы туралы уайымдамай, Астанада өткізетін уақытыңызды жоспарлауға кірісе бересіз.

Семей – Астана әуебилеттері: лоукостер ұсынған баға

Біз Қазақстандағы Семей – Астана әуебилеттерінің ең тиімді бағаларын ұсынамыз. FlyArystan әуекомпаниясы лоукостер болғандықтан, бізде бизнес класс жоқ. Соның арқасында біз арзан ұшу бағасымен көбірек орын ұсынамыз. 

Сонымен қатар сіз оңтайлы тарифтік пакетті таңдай отырып, ұшақ билеттеріне ықпал ете аласыз.

FlyArystan ұсынған тарифтік пакеттер

Сізде өзіңізге қажетті қызметті таңдау мүмкіндігі болуы үшін билет құнынан барлық қосымша қызметтерді алып тастадық. Біз төрт тарифтік пакетті ұсынамыз.

Стандарт. Бұл бюджеттік саяхаттардың ең қолжетімді нұсқасы болып табылады. Пакетке әуебилет пен 5 кг дейін қолжүк кіреді.

Стандарт плюс. Бұл пакетке ұшақ билеті, қолжүк плюс (10 кг дейін) және борттан стандартты орын таңдау кіреді.

Комфорт. Жолаушылар арасында ең көп таңдалатын тарифтік пакет. «Комфорт» пакетіне билет, қолжүк (5 кг дейін), тіркелетін жолжүк (20 кг дейін), борттан стандартты орын таңдау кіреді.

Комфорт плюс. Бұл тарифтік пакет тіпті ең талғампаз жолаушылардың да көңілінен шығады. Оған әуебилет, қолжүк плюс (10 кг), жолжүк (20 кг дейін), борттан кез келген орынды таңдау, алғашқы болып отыру және таңдап алынған тарифке байланысты бір реттік тегін қайта брондау немесе бас тарту кіреді.

Пакеттердегі (Стандарт плюс, Комфорт немесе Комфорт плюс) қызметтерді сатып алсаңыз, қаражат үнемдейтініңізді ескеріңіз. Стандарт плюс және Комфорт пакеттеріндегі баға 10 %-ға, ал Комфорт плюс пакетіндегі баға тіпті 50 %-ға арзан.

FlyArystan лоукостерімен ұшу артықшылықтары

  • Лоукостер ұсынатын төмен бағалар;
  • Заманауи ұшақтар (әуе кемелерін пайдаланудың орташа мерзімі – шамамен 6 жыл);
  • Қосымша қызметтердің көптеген түрлері;
  • Қауіпсіздік;
  • Борттағы тамаша сервис және т. б.

Рейске тіркелу

Сіз рейске flyarystan.com сайтында тіркеле аласыз. Тіркелу ұшу уақытынан 30 күн бұрын ашылып, ұшуға 1 сағат қалғанда жабылады. Онлайн тіркелу үшін, сайттағы тиісті қойындыны таңдап, брондау нөмірін, атыңыз бен тегіңізді жазыңыз. Үнемдеген уақытыңызды әуежайда кофе ішіп өткізуге немесе жиналуға көбірек уақыт бөлуге болады.

Flyarystan.com сайтындағы Семей – Астана кестесі

  Семей – Астана (Астана) кешкі рейсі күнделікті орындалады. Ұшу кестесімен толығырақ танысу үшін «Жоспарлау және сатып алу» бөлімін таңдап, «Рейстер кестесі» бөлімшесін ашыңыз. Бұл жерден ұшу ұзақтығы, ұшу және қону уақыты туралы толығырақ ақпарат ала аласыз.

Астана көрнекі жерлері

Астана-Бәйтерек монументі;

Әзірет Сұлтан мешіті;

Әуенді субұрқақ;

– Бейбітшілік пен келісім сарайы;

– Нұр-Астана мешіті;

– Есіл өзенінің жағалауы және т. б.

Астана орталығына әуежайдан жету жолы

Қоғамдық көлікті, такси қызметтерін пайдалануға немесе машинаны жалға алуға болады.

Қоғамдық көлік. Әуежайдан орталыққа дейін № 10, № 12 және № 100 автобустар жүреді. Рейстер арасындағы интервал: 5–16 минут.

Такси. Ресми қызметтерге жүгінуді ұсынамыз, өйткені жеке такси жүргізушілері жол жүру бағасын себепсіз жоғарылатады. Орталыққа ресми компания көлігімен барсаңыз, шамамен 1800–2500 теңге жұмсайсыз.

Көлікті жалға алу. Көлікті жалдау туралы алдын ала қамданып, қызметке онлайн сервистер арқылы тапсырыс беруге немесе әуежай аумағындағы арнайы компанияларға хабарласуға болады. Сізге жүргізуші куәлігі, кепілге қоятын ақша, жалға беруші шарттарында қарастырылған басқа да құжаттар қажет болуы мүмкін.

Сатып алу

Күн

calendar
ДсСсСрБсЖмСнЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Маусым 2025
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30      
Шілде 2025
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   
Тамыз 2025
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Қыркүйек 2025
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930     
Қазан 2025
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
Қараша 2025
ДсСсСрБсЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Желтоқсан 2025
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031    
Қаңтар 2026
ДсСсСрБсЖмСнЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Ақпан 2026
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
Наурыз 2026
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     
Сәуір 2026
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930