• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек
Артқа

Кутаиси

Астана Кутаиси әуебилеттері!

Нұр - Сұлтаннан (NQZ) Кутаисиге (KUT) FlyArystan тікелей рейстерімен және ыңғайлы Airbus A320 ұшақтарымен саяхаттаңыз. 

FlyArystan Қазақстанның астанасын Кутаисимен байланыстырады. Астана - Кутаиси ұшағына билетті брондап, сіз 3 сағатта 2400 шақырымды басып өтіп, Грузияның басты тарихи және мәдени қалаларының бірін тамашалай аласыз.

Кутаиси – Грузияның батысындағы қала, Имерети аймағының маңызды тарихи және экономикалық орталығы. Қаланың атауы грузиннің «тас» сөзінен шыққан, ол қала Риони өзенінің жартасты жағында тұрған ежелгі дәуірге қатысты. Кутаиси халқы оң және сол жағалау болып екіге бөлінеді. Тарихи оң жағалау ежелгі Грузияның көңіл-күйін сақтайды, ал сол жағында заманауи сәулет және бизнес инфрақұрылымы бар.

200 мың тұрғыны бар бұл шағын қала – ыңғайлы транзиттік нүкте. Бұл жерден Батуми, Тбилиси, Местиа және Вардзияға жету оңай. Ал Кутаисимен танысып, оның негізгі көрікті жерлерін көруге 1-2 күн жеткілікті. Осы уақыт ішінде қонақ елдің мәдениетімен танысып үлгереді, өйткені бұл грузин ұлтының тарихи астанасы.

FlyArystan-ның кең бағдарлар желісін пайдаланып, өзіңіздің қаланыздан тоғыспалы рейстер арқылы Кутаисиге дейін жету мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.

Бізбен саяхаттың артықшылықтары

FlyArystan - Орталық Азияның жетекші авиакомпаниясы Air Astana - ның еншілес кәсіпорны болып табыламыз. Біз техникалық қолдауды, қауіпсіздік қолдауды, оқытуды, жүйелер мен қызметтерді Air Astana авиакомпаниясынан аламыз.

Біз өз қызметімізді 2019 жылдың мамыр айынан жүргіземіз. Бүгін Алматыда, Астана да, Атырауда, Ақтауда және Шымкентте Airbus A320 CEO мен NEO ұшақтарының заманауи парктерінде негізделген қазақстандық және шетелдік арзан бағалы желістерін басқарамыз.

Жолаушылар максималды жайлылықты тиімді бағамен алады да, бізбен ұшудың келесі артықшылықтарын атап өтеді: төмен тарифтер, заманауи ыңғайлы ұшақтар, қосымша қызметтердің кең тандауы.

Билетті қандай әдіспен тиімдірек сатып алуға болады?

Әуе билетін комиссиясыз және артық төлемсіз сатып алу үшін телефоныңызға FlyArystan қосымшасын жүктеп қолдануға немесе осы ресми сайтты пайдалануды ұсынамыз. Классикалық авиакомпанияларға қарағанда лоукост әуе билеттерінің бағасы әлдеқайда төмен. Жолаушылар барлық қажетті қызметтердің  тізімінің таңдай алады: багажды тасымалдау, бортта тамақтандыру, орын таңдау және басқа да қызметтер. Осылайша, әуе билетінің құнын өзіңіз анықтайсыз.

Билеттерді алдын ала және екі бағытта брондау ұсынылады. Осылайша, сіз сапарыңызды одан да тиімді етесіз.

Әуежайдан Батумиге немесе Тбилисиге қалай жетуге болады?

Кутаиси әуежайынан Батумиге немесе Тбилисиге Georgianbus және OmnibusExpress автобустарымен жетуге болады.

Автобустар рейстердің келу уақытына байланысты қатаң түрде кестеге сәйкес жүреді. Автобус билеттерін тікелей компанияның веб-сайттарынан немесе әуежай кассаларынан сатып алуға болады.

Сапардың бағасы рейс уақытына байланысты.

  • Кутаиси әуежайынан Батумиге билет – 15 лари
  • Кутаиси әуежайынан Тбилисиге билет – 20-25 лари.

Жергілікті такси қызметтері әуежаймен жұмыс істемейді. Жеке такси қызметтері Батумиге шамамен 40 доллар және Тбилисиге 60-70 доллар тұрады.

Кутаисидің маңызды орындары

Кішкентай өлшеміне қарамастан, Кутаисидің көрікті жерлерін көруге тұрарлық:

  • Колхида фонтаны. Колхий мәдениетінің 30 алтын жалатылған фигуралары бар қаланың орталық субұрқағы.
  • Баграт храмы. Ежелгі грузин ғибадатханасы және Кутаисидің ең танымал жері. Ол биік төбеде орналасқан, одан бүкіл Кутаиси көрінеді.
  • Грузияның бұрынғы парламенті. 2018 жылға дейін Грузияның ең жоғары заң шығарушы органы орналасқан ерекше ғимарат.
  • Ақ көпір. Дауылды Риони өзенінің әдемі көрінісі бар Кутаисидің әйгілі жаяу жүргіншілер көпірі.

Билеттерді брондау

Билетті брондау үшін iOS-ке арналған FlyArystan мобильді қосымшасын пайдаланыңыз: https://clck.ru/WxvbZ және Android-ке арналған қосымша: https://clck.ru/Wxvi4 немесе flyarystan.com веб-сайтында сапарыңызды брондаңыз.

Cілтеме арқылы Грузияға кіру талаптарымен алдын ала танысуды сұраймыз.

Сатып алу

Күн

calendar
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   
Тамыз 2025
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Қыркүйек 2025
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930     
Қазан 2025
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
Қараша 2025
ДсСсСрБсЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Желтоқсан 2025
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031    
Қаңтар 2026
ДсСсСрБсЖмСнЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Ақпан 2026
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
Наурыз 2026
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     
Сәуір 2026
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930   
Мамыр 2026
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Маусым 2026
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930