Артқа

Самарқан

Алматы - Самарқан әуебилеттері!

FlyArystan Қазақстанның оңтүстік астанасын әлемдегі ең көне қалалардың бірі - Самарқанмен тікелей рейстер арқылы байланыстырады.

Алматы мен Самарқан арасындағы маусымдық рейстер аптасына 2 рет сейсенбі және сенбі күндері жайлы Airbus 320 ұшақтарымен 2023 жылдың 2 қыркүйегінен бастап қайта орындалады. Билеттер сатылымда.

Қалалар арасындағы қашықтық 916 шақырымды құрайды, оны 1 сағат 40 минутта өтуге болады. 

Самарқан – адамзаттың ең көне қалаларының бірі, оның жасы 28 ғасырға жуық. Ұлы Жібек жолының бойында іргесі қаланған қала көптеген мемлекеттер мен атақты империялардың астанасы болған. Бүгінгі Самарқан – көптеген құлдыраудан аман қалған қала. Қазір бұл халықаралық туризмнің жанданған орталығы. Жыл сайын жүздеген мың саяхатшылар Шығыстың экзотикалық атмосферасына шомылу үшін Самарқанға ұшып келеді.

FlyArystan-ның кең бағдарлар желісін пайдаланып, өзіңіздің қаланыздан тоғыспалы рейстер арқылы Самарқанға дейін жету мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.

Самарқанның көру-керек орындары

Қаланың ең танымал жерлерін тізімдейміз:

  • Регистан. Қаланың басты көрікті жері орталық алаңда орналасқан. Үш медреседен құралған ансамбль бүкіл облыстың ғылыми орталық қызметін атқарды. Медреселер әдемілігімен ғана емес, мәдени, рухани, ағартушылық қызметімен де маңызды.
  • Гур-Эмир кесенесі. 15 ғасырда салынған билеуші Темірланның ежелгі бейіті. Қаланың басты көрікті жерлерінің бірі.
  • Шахи Зинда. Қаланың солтүстігіндегі 11 кесенеден тұратын кешен. Оның атауы «тірі патша» деп аударылады. Кесенелер, басқа ешнәрсе сияқты, Самарқантың ұзақ тарихын көрсетеді.

Самарқанның климаты:  саяхаттың ең қолайлы уақыты қашан?

Мұндағы ең ыстық уақыт маусымнан қыркүйекке дейін созылады, орташа тәуліктік температура 28 °C-тан жоғары.

Ең суық мезгіл қарашадан наурызға дейін созылады. Температура -2 °C-қа дейін жетуі мүмкін.

Барқыт маусымы күзбен бірге басталады. Осы уақытта мұнда ауа мөлдір болып, жүзімнің, қауынның, қарбыздың, жемістердің ең жақсы сорттары піседі.

Әуежайдан Самарқанның орталығына қалай жетуге болады?

Самарқан әуежайынан қала орталығына дейін №23, 56, 10, 60, 18, 19, 37, 52, 31 автобустармен жетуге болады. Жол жүру ақысы 1200 сом (жүргізушіге төлейсіз), жол уақыты 20 минут.

130 000 соммен таксимен жетуге болады, егер құны бұдан көп болса, саудаласу керек. Жол уақыты 15 минут.

Бізбен саяхаттың артықшылықтары

FlyArystan - Орталық Азияның жетекші авиакомпаниясы Air Astana - ның еншілес кәсіпорны болып табыламыз. Біз техникалық қолдауды, қауіпсіздік қолдауды, оқытуды, жүйелер мен қызметтерді Air Astana авиакомпаниясынан аламыз.

Жолаушылар максималды жайлылықты тиімді бағамен алады да, бізбен ұшудың келесі артықшылықтарын атап өтеді: төмен тарифтер, заманауи ыңғайлы ұшақтар, қосымша қызметтердің кең тандауы.

Билетті қалай тиімдірек сатып алуға болады?

Билеттерді тікелей және артық төлемсіз сатып алу үшін iOS және Android смартфондарына арналған FlyArystan қосымшасын немесе ресми сайтты пайдалануды ұсынамыз. Бізбен саяхаттағанда, сапарыңыз тиімдірек болады. Біздің жолаушылар қажетті қызметтердің толық тізімін таңдай отырып, рейстің соңғы құнын өздері анықтайды.

Әуе билеттерді екі жаққа және алдын ала брондасаңыз, саяхатыңыз одан да арзан болады.

Cілтеме арқылы Өзбекістанға кіру талаптарымен алдын ала танысуды сұраймыз.

Сатып алу

Күн

calendar