МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАМА
Қоғамнан және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тек FlyArystan әуекомпаниясының ресми ақпараттық арналары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми дереккөздерінде жарияланған ақпаратқа ғана сүйенулерін және расталмаған ақпаратты таратудан бас тартуларын сұраймыз.
Қауіпсіздік – FlyArystan қызметінің басты басымдығы болып қала береді. Әуекомпания барлық қолданыстағы пайдалану және нормативтік талаптарға сәйкес қызметін жалғастыруда.
Қазіргі таңда біздің басты міндетіміз – жолаушыларға, экипаж мүшелеріне және олардың отбасы мүшелеріне қажетті көмек пен қолдауды толық көлемде көрсету.
Туыстарға арналған байланыс желісі:
Анықтама орталығы: +7 727 308 05 13; +7 771 944 48 80
Қазақстан бойынша тегін байланыс желісі: 8 800 080 0440
БАҚ үшін жедел байланыс желісі:
+7 727 338 20 99
БАҚ өкілдерінің барлық сауалдары бойынша:
pr@flyarystan.com
Оқиға туралы қосымша ақпарат FlyArystan-ның Telegram арнасында жарияланады: Telegram
Ақтаудан (SCO) немесе Шымкенттен (CIT) Дубайға (DXB) жайлы Airbus A320-де тиімді бағамен тікелей рейстер! Қазақстанның басқа қалаларынан ыңғайлы трансферлер. 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап Қазақстаннан Дубайға рейстер басталады
Дубай – Таяу Шығыстағы ең ірі мегаполис және ең маңызды сауда, қаржы орталығы. Үш миллиондық қала заманауи сәулетімен, әлемдік көрмелерімен, мейрамханаларымен, түнгі өмірімен және кең сән-салтанаттарымен танымал.
Жолаушылар мегаполиске әртүрлі мақсатпен келеді: бизнес, туризм, көрмелер, гастрономиялық турлар.
FlyArystan-ның кең бағдарлар желісін пайдаланып, өзіңіздің қаланыздан тоғыспалы рейстер арқылы Дубайға дейін жету мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.
FlyArystan.com веб-сайтының басты бетіндегі іздеу функциясын пайдаланыңыз. Мұнда сіз Ақтау-Дубай бағытындағы арзан рейстерді таба аласыз. Іздеу жолағында өзініздің және баратын қалаңызды, рейс күндерін және жолаушылар санын жазыңыз. Іздеу түймесін басыңыз. Біз ең ыңғайлы ұшу ұсыныстарын көрсетеміз.
Билеттерді алдын ала және екі бағытқа брондау ұсынылады. Осылайша, сіз билеттерді одан да тиімді етесіз.
Дубай әуежайынан қала орталығына метро, автобус және такси арқылы жетуге болады. Сондай-ақ, пилотсыз көлікті жалға алуға болады. Автобустар 1,5 сағат жүреді, билет құны 1 доллардан басталады. Метро ең жылдам нұсқа - 50 минут, құны 1 доллардан басталады.
Мегаполистің көрікті жерлері өте көп. Ең негізгілері:
Билетті брондау үшін iOS-ке арналған FlyArystan мобильді қосымшасын пайдаланыңыз: https://clck.ru/WxvbZ және Android-ке арналған қосымша: https://clck.ru/Wxvi4немесе flyarystan.com веб-сайтында сапарыңызды брондаңыз.
Cілтеме арқылы БАӘ-не кіру талаптарымен алдын ала танысуды сұраймыз.
Too Many Request