Ыстамбұл
Түркияға — Ыстамбұлға ыңғайлы Airbus A320 ұшақтарымен саяхаттаңыз. Ақтаудан (SCO) Ыстамбұлға (IST) рейстер 1ші Қыркүйекке дейін аптасына 4 рет орындалады.
FlyArystan Қазақстан қалаларын түрік мегаполисімен байланыстырады. Ыстамбұлға билеттерді брондап сіз рейске артық төлем жасамай-ақ ұлы мемлекеттердің бұрынғы астанасын көре аласыз.
Ыстамбұл Түркияның экономикалық, тарихи және мәдени орталығы. Екі континентті – Еуропа мен Азияны байланыстыратын бұл мегаполис Рим, Византия, Латын және Осман империяларының тарихын сақтайды. Бүгінде мұнда 15 миллион адам тұрады, оның мәдениеті шығыс пен батыс дәстүрлерінің қоспасы. Бұл Стамбулды әлемдегі халқы ең көп және әртүрлі қалалардың біріне айналдырады.
Мәдениеттердің, көне орындардың, түрік тағамдарының және тиімді шопингтің араласуы Стамбулға жыл сайын 15 миллионға жуық туристі тартады.
FlyArystan-ның кең бағдарлар желісін пайдаланып, өзіңіздің қаланыздан тоғыспалы рейстер арқылы Ыстамбұлға дейін жету мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.
FlyArystan - Орталық Азияның жетекші авиакомпаниясы Air Astana - ның еншілес кәсіпорны болып табыламыз. Біз техникалық қолдауды, қауіпсіздік қолдауды, оқытуды, жүйелер мен қызметтерді Air Astana авиакомпаниясынан аламыз.
Біз өз қызметімізді 2019 жылдың мамыр айынан жүргіземіз. Бүгін Алматыда, Нұр-Сұлтанда, Атырауда, Ақтауда және Шымкентте Airbus A320 CEO мен NEO ұшақтарының заманауи парктерінде негізделген қазақстандық және шетелдік арзан бағалы желістерін басқарамыз.
Жолаушылар максималды жайлылықты тиімді бағамен алады да, бізбен ұшудың келесі артықшылықтарын атап өтеді: төмен тарифтер, заманауи ыңғайлы ұшақтар, қосымша қызметтердің кең тандауы.
Билеттерді қосымша ақысыз брондау үшін FlyArystan мобильді қосымшасын немесе ресми веб-сайтын пайдаланыңыз. Классикалық авиакомпанияларға қарағанда лоукост билеттерінің құны әлдеқайда арзан. Бізбен ұшқан кезде жолаушылар қосымша қызметтердің барлық спектрін таңдайды: багажды тасымалдау, бортта тамақтандыру, орынды таңдау және басқа да қызметтер. Билеттің соңғы құнын жолаушы өзі анықтайды.
Билеттерді алдын ала және екі бағытта брондау ұсынылады. Бұл сапарыңызды одан да тиімді етеді.
Халықаралық рейстер Стамбулдың жаңа әуежайы Сабиха Гөкченмен байланыста. Туристтер қала орталығына қоғамдық көлікпен, таксимен немесе жалға алынған көлікпен жетеді.
Бүгінде әуежай мен қала орталығы арасында тікелей қоғамдық көлік жоқ. Адамдар орталық аудандарға трансфер арқылы жетеді: автобус + метро. Алдымен, Havabus автобусы сізді Taksim аялдамасына жеткізеді, содан кейін M2 метро желісі бойынша кез келген орталық аймаққа жете аласыз. Ыстамбұл тұрғындары навигация үшін Google Maps қосымшасын пайдаланады. Бұл өте дәл және кез келген турист үшін пайдалы болады.
Ыстамбұлдағы таксилер қарапайым қалаларға қарағанда қымбат. Сапар құны есептегіш арқылы есептеледі және 40 доллардан басталады. Сапардың ұзақтығы 1 сағаттан басталады.
Көлікті жалға алу құны компанияға байланысты. Volkswagen Polo седанының орташа құны күніне шамамен 400 долларды құрайды.
Соңғы мыңжылдықта Ыстамбұл көптеген көрікті жерлерді салып үлгерді. Ең танымалдары:
Билетті брондау үшін iOS-ке арналған FlyArystan мобильді қосымшасын пайдаланыңыз: https://clck.ru/WxvbZ және Android-ке арналған қосымша: https://clck.ru/Wxvi4 немесе flyarystan.com веб-сайтында сапарыңызды брондаңыз.
Cілтеме арқылы Түркияға кіру талаптарымен алдын ала танысуды сұраймыз.