МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАМА
Қоғамнан және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тек FlyArystan әуекомпаниясының ресми ақпараттық арналары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми дереккөздерінде жарияланған ақпаратқа ғана сүйенулерін және расталмаған ақпаратты таратудан бас тартуларын сұраймыз.
Қауіпсіздік – FlyArystan қызметінің басты басымдығы болып қала береді. Әуекомпания барлық қолданыстағы пайдалану және нормативтік талаптарға сәйкес қызметін жалғастыруда.
Қазіргі таңда біздің басты міндетіміз – жолаушыларға, экипаж мүшелеріне және олардың отбасы мүшелеріне қажетті көмек пен қолдауды толық көлемде көрсету.
Туыстарға арналған байланыс желісі:
Анықтама орталығы: +7 727 308 05 13; +7 771 944 48 80
Қазақстан бойынша тегін байланыс желісі: 8 800 080 0440
БАҚ үшін жедел байланыс желісі:
+7 727 338 20 99
БАҚ өкілдерінің барлық сауалдары бойынша:
pr@flyarystan.com
Оқиға туралы қосымша ақпарат FlyArystan-ның Telegram арнасында жарияланады: Telegram
Түркістанға (HSA) FlyArystan тікелей рейстерімен ыңғайлы Airbus A320 ұшақтарымен саяхаттаңыз.
FlyArystan Қазақстан қалаларын түркі әлемінің рухани орталығымен байланыстырады. Түркістанға билетті брондап, Қазақстанның басты туристік қалаларының біріне баруға мүмкіндігіңіз бар.
Түркістан – 2 мың жыл бұрын салынған түркі әлемінің мәдени астанасы. Түркістан – Қазақ хандығының бұрынғы астанасы, атақты ойшыл Қожа Ахмет Ясауи осында туып, өмір сүрген, оның және шәкірттерінің арқасында қала бүкіл Орталық Азияны исламдандыру орталығына айналды. Мұнда Ұлы Жібек жолы дәуірінен бері Түркістанның маңыздылығын көрсететін киелі ескерткіштердің едәуір бөлігі сақталған.
Бүгін Түркістан облыстың әкімшілік орталығы болып табылады, Қазақстан үшін тарихи және туристік маңызы бар. Жас ел тәуелсіздік алған тұста Түркістан өзінің тарихи ескерткіштерімен, гүлзарларымен, заманауи инфрақұрылымымен туристерді қуантып, қонақжай келбетке айналды.
FlyArystan-ның кең бағдарлар желісін пайдаланып, өзіңіздің қаланыздан тоғыспалы рейстер арқылы Түркістанға дейін жету мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.
FlyArystan - Орталық Азияның жетекші авиакомпаниясы Air Astana - ның еншілес кәсіпорны болып табыламыз. Біз техникалық қолдауды, қауіпсіздік қолдауды, оқытуды, жүйелер мен қызметтерді Air Astana авиакомпаниясынан аламыз.
Біз өз қызметімізді 2019 жылдың мамыр айынан жүргіземіз. Бүгін Алматыда, Нұр-Сұлтанда, Атырауда, Ақтауда және Шымкентте Airbus A320 CEO мен NEO ұшақтарының заманауи парктерінде негізделген қазақстандық және шетелдік арзан бағалы желістерін басқарамыз.
Жолаушылар максималды жайлылықты тиімді бағамен алады да, бізбен ұшудың келесі артықшылықтарын атап өтеді: төмен тарифтер, заманауи ыңғайлы ұшақтар, қосымша қызметтердің кең тандауы.
Туроператорлар мен агрегаторлардың комиссиясынсыз әуе билеттерін брондау үшін ресми сайтты немесе FlyArystan мобильді қосымшасын пайдалануды ұсынамыз. Бізбен бірге ұшатын жолаушы өзіне қажетті қызметтердің толық тізімін таңдай алады: багажды тасымалдау, борттағы тамақтану, орынды таңдау және басқа да қызметтер. Осының арқасында FlyArystan билетінің құны классикалық авиакомпанияға қарағанда төмен.
Билеттерді алдын ала және екі бағытта брондау ұсынылады. Осылайша сіздің сапарыңыз одан да тиімді болады.
Әуежайдан қала орталығына қалай жетуге болады?
Жаңа Хазірет Сұлтан халықаралық әуежайы қала орталығынан 16 шақырым жерде орналасқан.
Туристік аймақтарда 3000 теңгеден 6000 теңгеге дейін таксимен жетуге болады.
Билетті брондау үшін iOS-ке және Android-ке арналған FlyArystan мобильді қосымшасын пайдаланыңыз немесе flyarystan.com веб-сайтында сапарыңызды брондаңыз.
Cілтеме арқылы Қазақстанға кіру талаптарымен алдын ала танысуды сұраймыз.
Күн
Too Many Request