• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек
Артқа

Кутаиси

  • Кутаиси бағытындағы әуебилеттер

FlyArystan сізді Кутаисиге шақырады, бізбен бірге Грузияның батысында, Риони өзенінің жағасында, теңіз деңгейінен 120 м биіктікте орналасқан ежелгі қала Кутаисиге ұшаңыз. Қала өзінің тарихи атауын грузиндік «куато», аудармасында «жартас» деген мағынада сөзінен алынған, бұл қаланың тік жартасты жерде орналасуын сипаттайды. Кутаисиге келе, сіз 4 мың жылдық ежелгі тарихтың және табиғаты ерекше пейзаждардың бұрышында боласыз. FlyArystan әуекомпаниясы Кутаисиге 3-4,5 сағат ішінде жайлы Airbus А320 әуелайнерімен тікелей рейспен жетуді ұсынады.

Кутаисиге ұшатын билетті қалай тиімді сатып алуға болады?

Ең төмен бағаларды ұстап алу үшін, билетті және жолжүкті мүмкіндігінше ерте сатып алу керек. Біздің ыңғайлы FlyArystan мобильді қосымшасына және ресми сайтына кіріңіз: қалаған рейсті таңдаңыз, сізге қажетті қосымша қызметтерді таңдаңыз (қолжүгі плюс, жол жүк, орын таңдау және т.б.) және билеттерді онлайн немесе несие арқылы төлеңіз.

Қазақстаннан Кутаисиге ұшатын бағыттар

Кутаисиге тікелей рейстерді Қазақстанның 5 қаласынан орындалады:
⦿ Атыраудан аптасына 4 рет: сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері;
⦿ Ақтаудан аптасына 3 рет: дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері;
⦿ Астанадан аптасына 3 рет: дүйсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері;
⦿ Алматыдан аптасына 2 рет: сейсенбі және сенбі күндері;
⦿ Шымкенттен аптасына 2 рет: дүйсенбі және бейсенбі.

Кутаиси халықаралық әуежайы

Кутаиси халықаралық әуежайы - бұл қаладан 14 км қашықтықта орналасқан заманауи және жақсы жабдықталған кешен. Терминалдан шыға берісте қалаға және қаладан тыс жерлерге автобустар мен таксилерге арналған тұрақ, сондай-ақ автомобильдерді жалға беру қызметі бар. Ықтималды жұмыс істейтін көлік жүйесі әуежайдан Грузияның әйгілі қалаларына: Тбилиси мен Батумиге жедел аттануға мүмкіндік береді.

Кутаиси әуежайынан Тбилиси мен Батумиге қалай жетуге болады?

Төменде көлік түрлері мен бағасы көрсетілген:

Кутаисиден Грузияның басқа қалаларына трансфер

Тбилиси, Батуми және Кутаиси қалаларындағы көлік компания аялдамаларының мекен-жайларын осы жерде таба аласыз. Көлік компанияларының атауларын басу арқылы сіз тасымалдаушының веб-сайтына өтіп, онда сіз автобус билетін алдын ала сатып ала аласыз.

Georgian Bus                                                                                                                             

  • Тблисиге/ден - Бостандық алаңындағы Пушкин атындағы саябақ; 
  • Батумиге/ден - Игната Ниношвили көшесі 1, Radison қонақ үйінің артында;               
  • Кутаисиге/ден - автобус жолаушыларды  мекен-жайлары бойынша алып кетеді;    

Omnibus

  • Тблисиге/ден - Михаил Джавахишвили көшесі, Раушан төңкерісі алаңының жанында; 
  • Батумиге/ден - Батуми әділдік үйі (автотұрақтың жанында) Шерифф Химшиашвили көшесі 7;               
  • Кутаисиге/ден - Ақ көпір, Best Western Kutaisi қонақ үйінің жанында; 

Кутаисидің көрікті жерлері

Сіз қаланы ескі аулаларда серуендей келе, қазіргі заманғы қаланың тарихи бөлігімен қарама-қайшылығын сезініп, әр түрлі көпірлерден өтіп, дәстүрлі тағамдар: ожахури, хачапури, сациви, чакондрили, хинкали, бозартма тағамдарынан дәм татып, көре аласыз. Бұл жерде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген екі көрнекті орын бар: Баграт храмы және Гелати монастыры.

Грузиядағы демалыс - жыл бойы

Егер жазда Грузия Қара теңіз жағалауындағы демалыс болса, онда күзде және қыста бұл медициналық санаторий мен шаңғы демалысы. Атап өтсек, бізбен бірге аттаныңыз:

  • Бакуриани - Триалети жотасының баурайында 1700 метр биіктікте орналасқан, керемет көрініс ашылатын тау шаңғы курорты. Бұл курорт 2030 жылғы қысқы Олимпиаданы қабылдауға үміткерлердің біреуі.
  • Сайрме - 19 ғасырдан бері жұмыс істеп келе жатқан шипажай. Сайрем минералды суларының бірегей химиялық құрамы әр түрлі ауруларды емдеуге және иммунитетті көтеруге қолданылады.
  • Цхалтубо - бұл тыныс алу және жүрек -қан тамырлары ауруларын емдеуге пайдалы термалды радонды сулар мен карст үңгірлері бар курорт.
  • Боржоми -  ағзаға өте пайдалы минералды су шипажайы;

Тұратын жер және такси

Демалысқа Кутаисиді таңдауыңыздың басты себептерінің бірі - оның қол жетімділігі. Қаланың өзінде тұрғын үй мен көлік арзан, мысалы, камині бар, жертөлесі бар және әдемі ауласы бар үйді күніне 85 долларға жалдауға болады, ал жақсы шарттары бар пәтерлерді күніне 11 доллардан табуға болады. Такси сізді қаланың барлық көрнекті жерлеріне орта есеппен 8-10 лари (1000-1400 теңге) бағасына апарады.

Ұмытылмас саяхатыңызды FlyArystan-пен жоспарлаңыз, билеттерді қазір мобильді қосымша арқылы және ресми сайттан сатып алыңыз. Сондай-ақ, сізден  мына сілтеме арқылы  Грузияға кіру талаптарымен алдын-ала танысуыңызды сұраймыз.


Сатып алу

Күн

calendar