МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
FlyArystan әуекомпанияның ___ ______ 20__ жылғы FS ___ рейсіне қатысты төтенше жағдай орын алғанын өкінішпен растайды.
Жолаушыларымыздың, экипаждың және олардың отбасыларының қауіпсіздігі мен қолдау сезінуін қамтамасыз ету біздің басты құндылығымыз болып қала береді.
Туыстары мен жақындары үшін
• Сенім телефоны: Ақпарат алу үшін +7 727 244 55 52, 8 800 080 0440 нөмірі бойынша бізге хабарласыңыз.
• Көмек орталықтары: Біздің қолдау орталықтарымыз келесі мекенжайлар бойынша жұмыс істейді:
Ресми ақпарат
Сенімді ақпарат осы сайтта және әлеуметтік желілердегі біздің ресми парақшаларымызда жарияланатын болады:
БАҚ сұрақтары бойынша pr@flyarystan.com хабарласуыңызды сұраймыз
test message
Астана
Қостанай – Астана бағытында сапарға шығу қажет болса, ұшақ ең тез және жайлы жүру әдісі болады. Қазақстанның осы қалалары арақашықтығы 700 километрден асады. Мұндай қашықтықты көлікпен, автобуспен немесе пойызбен өту тым ұзақ. FlyArystan әуекомпаниясы Қостанай – Астана рейсіне алынған әуебилетпен шамамен 1 сағат 15 минуттан кейін межелі қала – Астанада болуды қарастырған.
«Қостанай – Астана» әуебилетін сатып алу үшін FlyArystan лоукостері сайтының басты бетіне өтіңіз. Іздеу формасында ұшып шығатын қала – Қостанай, баратын қала – Астанан деп көрсетіп, қалаған ұшу күндері мен жолаушылар (ересектер, балалар) санын таңдаңыз. «Іздеу» түймесін басқаннан кейін небәрі бірнеше секунд ішінде сайт жүйесі алынған ақпаратқа негізделіп, оңтайлы нұсқаларды ұсынады. Нәтижелер бетінде ұсыныстарды бағасына, күніне, ұшу ұзақтығына қарай салыстырып, ең жақсы және ыңғайлы нұсқасын таңдай аласыз. Бару және қайту билеттерін ең тиімді бағамен сатып алуға үлгеру үшін бірден қайту рейсіне билеттерді таңдап алуды ұсынамыз. Сайтта билеттер секунд сайын сатып алынатынын және қайту рейсінің күніне белгіленген ең төмен тарифтер толық сатылып кетуі мүмкін екенін ескеріңіз. Өзіңізге де жақсы, яғни кері ұшу мәселесіне қайта оралудың қажеті болмайды. Астана қаласында уақытыңызды еркін өткізіп, Қостанайға қайту жолын уайымдамайтын боласыз.
Рейске онлайн режимде тіркелу ұшуға дейін 30 күн бұрын ашылады. Ұшатын күні әуежайда уақытты бос өткізбей, онда бірнеше сағат бұрын бармау үшін, рейске онлайн режимде тіркелу мүмкіндігін ұсынамыз. Ол үшін ұшатын күнге дейін ең көбі 30 күн бұрын әуекомпания сайтының басты бетіне кіріп, іздеу жолағының жанындағы «Рейске тіркелу» қойындысын таңдап, келесі тиісті жолдарға жарамды мәліметтерді енгізу қажет: «Бронь нөмірі», жолаушының «Аты» мен «Тегі». Ұшуға 1 сағат қалғанда онлайн режимде тіркелу жабылатынын ескеріңіз.
Сіз ұшақ бортында өзіңізді барынша жайлы сезінуіңіз үшін барлық мүмкіндіктерді жасаймыз. Біздің жолаушыларымыз әуекомпанияның келесідей артықшылықтарына лайықты баға берді:
Халықаралық әуежай қаладан 17 км қашықтықта орналасқан. Қалаға жету үшін қоғамдық көлікті, яғни № 10, № 12 немесе № 100 автобусты пайдалануға болады. Автобус пен есеп айырысу әдісіне қарай автобус билетінің құны 90–250 теңге құрайды. Жолға шамамен 1 сағат 40 минут уақыт кетеді. Сонымен қатар такси алуға болады. Әдетте шығу орнына байланысты оның бағасы 2500 теңгеге дейін болады.