Артқа

Атырау

Қарағанды-Атырау әуебилеттері

Қарағанды - Атырау бағыты бойынша сапарға шығу қажет болса, ұшақ – қашықтықты еңсерудің жылдам және жайлы әдістерінің бірі. Қалалар арасындағы үлкен қашықтықты (1 мың км астам) ескере отырып, FlyArystan әуекомпаниясы межелі орынға өте жылдам, шамамен бір жарым сағат ішінде жету мүмкіндігін береді. Салыстыратын болсақ, осы жолды пойызбен жүріп өту үшін 11–18 сағат кетеді.

Қарағанды–Атырау әуебилетін сатып алу тәсілдері

Біз кез келген қажеттілік үшін барынша тиімді ұсынысты табу мүмкіндігін беретін ауқымды функционалды ұсынамыз, ал интуитивтік тұрғыдан түсінікті интерфейс сайтты тіпті жаңадан бастап жүрген ДК пайдаланушыларының қолдануына мүмкіндік береді.

Әуебилеттерді сатып алуға көп уақыт кетпейді. Сайтымыздан бірнеше минут ішінде бағасы мен ұшу уақыты бойынша Қарағанды - Атырау рейсінің оңтайлы нұсқасын табасыз. Әуебилеттерді сатып алу үшін күнді белгілеп, қолайлы рейс уақытын таңдап, төлқұжат деректері көрсетілген блокты толтырып, билеттер ақысын төлесе жеткілікті.

FlyArystan рейстеріне әуебилеттер сатып алу артықшылықтары

FlyArystan жолаушылары әуебилеттерді әуекомпания сайтынан сатып алудың көптеген артықшылықтарын белгілейді. Солардың ішінде:

Төмен бағалар

Біз Қазақстан бойынша ең тиімді ұшу тарифтерін ұсынамыз. Лоукостерлер бюджеттік турист үшін ең жақсы шешім. Осы бағыттардағы классикалық тасымалдаушылардың бағаларымен салыстыратын болсақ, біздің билеттеріміз көбіне екі есе арзан. Жолжүк, тамақ және басқа да қосымша қызметтер үшін артық ақы төлемейсіз. Жолжүк сатып алу қажеттігі туындап жатса немесе борттағы өзіңізге ұнайтын орынды таңдағыңыз келсе, қызметті әрдайым тұрақты баға бойынша әуебилетке қосуға болады.

Қауіпсіздік

Ұшақтарымызға Air Astana компаниясының жетекші инженерлері мұқият техникалық күтім жасайды. 6 жыл FlyArystan әуежелісі ұшақтарының (Airbus А320) орташа пайдалану мерзімі.

Сенімділік

FlyArystan Air Astana компаниясының еншілес компаниясы болғандықтан, жолаушылар әуетасымалдарымен жұмыс істеуде көпжылдық тәжірибеміз бар. Нарықтағы беделіміздің көрсеткіші болар: бізге сенім артады, ал біз жолаушыларымыздың сенімін ақтаймыз.

Таңдайтын бағыттар көп

Кең тараған Қарағанды–Атырау рейсінен басқа, біз ел іші бағыттарының кең ауқымын ұсынамыз. Біздің қызметтерімізді пайдаланып, аяқ астынан сапарға шығып кетуге немесе отбасылық демалысты алдын ала жоспарлауға болады.

Дербес байланыс орталығы

Әуебилетті сатып алмай тұрып, өзіңізді қызықтыратын барлық сұрақтарды білікті операторға қоюға болады. Біз қуана кеңес беріп, туындаған сұрақтарға толық жауап береміз немесе ұшақ билетін телефон арқылы брондаймыз.

Арзан ұшақ билеттері

Билеттерді сайтымыздан онлайн режимде брондау уақытыңызды ғана емес, ақшаңызды да үнемдеуге көмектеседі. Лоукостер компания ретінде біз қажетті қосымша қызметтерді ғана таңдай отырып, билеттердің құнын өз бетіңізбен түзету мүмкіндігін қосып, арзан билеттерге минималды тарифті белгіледік. FlyArystan жұмысты қолжетімді бағамен сапалы сервис алатындай етіп ұйымдастырды.

Сатып алу

Күн

calendar