Астана
Түркістаннан (HSA) Астанаға (NQZ) FlyArystan тікелей рейстерімен, ыңғайлы Airbus A320 ұшақтарымен саяхаттаңыз.
FlyArystan тарихи Түркістанды Қазақстанның астанасымен байланыстырады. Әуе билетті брондап, сіз екі сағатта 900 шақырымды ұшып өтіп елордада уақытыңызды өткізе аласыз.
Астана - 1997 жылдан жас Қазақстанның астанасы. 20 жылдан астам уақыт бойы қала талантты және ынталы жастарды тартатын орталыққа айналды. Астана – Қазақстанның барлық аймақтарының мәдениетін біріктіретін еліміздің басты білім және ғылым алаңы.
Елорданы Есіл өзені екіге бөледі. Халық арасында қала оң және сол жағалауға бөлінеді. Оң жағалау бұрынғы Целиноградтың тарихы мен сәулетін сақтайтын қаланың тарихи бөлігі болып табылады. Сол жағалау – инновациялар мен заманауи сәулет өнерінің орталығы. Қаланың көрікті жерлерінің көпшілігі осында орналасқан.
FlyArystan-ның кең бағдарлар желісін пайдаланып, өзіңіздің қаланыздан тоғыспалы рейстер арқылы Астанаға дейін жету мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.
FlyArystan - Орталық Азияның жетекші авиакомпаниясы Air Astana - ның еншілес кәсіпорны болып табыламыз. Біз техникалық қолдауды, қауіпсіздік қолдауды, оқытуды, жүйелер мен қызметтерді Air Astana авиакомпаниясынан аламыз.
Біз өз қызметімізді 2019 жылдың мамыр айынан жүргіземіз. Бүгін Алматыда, Астанада, Атырауда, Ақтауда және Шымкентте Airbus A320 CEO мен NEO ұшақтарының заманауи парктерінде негізделген қазақстандық және шетелдік арзан бағалы желістерін басқарамыз.
Жолаушылар максималды жайлылықты тиімді бағамен алады да, бізбен ұшудың келесі артықшылықтарын атап өтеді: төмен тарифтер, заманауи ыңғайлы ұшақтар, қосымша қызметтердің кең тандауы.
Рейстерді комиссиясыз брондау үшін телефоныңызда FlyArystan қосымшасын немесе осы ресми веб-сайтты пайдалануды ұсынамыз. Классикалық авиакомпанияға қарағанда лоукост - авиакомпанияның билет бағасы айтарлықтай төмен. Бізбен ұшқан кезде жолаушылар барлық қажетті қосымша қызметтерді: багажды тасымалдау, борттағы тамақтану, сүйікті орынды таңдау және басқа қызметтерді өз бетінше таңдау мүмкіндігіне ие. Билеттің соңғы құнын өзіңіз құрасыз.
Билеттерді алдын ала және екі бағытта брондау ұсынылады. Бұл сапарыңызды одан да тиімді етеді.
Барлық халықаралық рейстер елорданың басты – Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына келеді. Келушілер қала орталығына автобуспен және таксимен жетеді:
Астананың ең танымал көрікті жерлері:
Бәйтерек. Қаланың басты символы, жас ағашты еске салады. Ол тарихи тамыры берік жас мемлекетті бейнелейді.
Хан Шатыр. Үлкен киіз үйге ұқсайтын сауда ойын-сауық кешені. Құрылым ерекше және есте қаларлық пішінге ие және оны әйгілі Foster + Partners сәулет агенттігі салған.
Бейбітшілік және келісім сарайы. Келіссөздер мен саммиттерге арналған пирамида тәрізді ғимарат. Ол қазіргі Қазақстанның бейбітсүйгіш, көпвекторлы саясатын бейнелейді.
Астана ЭКСПО. Экспо 2017 халықаралық көрмесіне арнап салынған павильондар кешені. Павильондардан бөлек, «Нұр-Әлем» мұражайы мен серуендеу алаңы бар. Мұражайдың ерекше пішініне байланысты оны жиі «Жұлдызды соғыстар» дастанындағы «Өлім жұлдызы» кемесі деп атайды.
Бурабай. Бурабай деп те белгілі ұлттық саябақты Қазақстанның інжу-маржаны деп атайды. Бурабай – көптеген көлдері, таулары мен ормандары бар Қазақстанның табиғи көрікті жері. Саябақта жыл сайын елорданың мыңдаған тұрғындарын қабылдайтын көптеген қонақүйлер мен мейрамханалар бар.
Билетті брондау үшін iOS-ке арналған FlyArystan мобильді қосымшасын пайдаланыңыз: https://clck.ru/WxvbZ және Android-ке арналған қосымша: https://clck.ru/Wxvi4 немесе flyarystan.com веб-сайтында сапарыңызды брондаңыз.