МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАМА
Қоғамнан және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тек FlyArystan әуекомпаниясының ресми ақпараттық арналары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми дереккөздерінде жарияланған ақпаратқа ғана сүйенулерін және расталмаған ақпаратты таратудан бас тартуларын сұраймыз.
Қауіпсіздік – FlyArystan қызметінің басты басымдығы болып қала береді. Әуекомпания барлық қолданыстағы пайдалану және нормативтік талаптарға сәйкес қызметін жалғастыруда.
Қазіргі таңда біздің басты міндетіміз – жолаушыларға, экипаж мүшелеріне және олардың отбасы мүшелеріне қажетті көмек пен қолдауды толық көлемде көрсету.
Туыстарға арналған байланыс желісі:
Анықтама орталығы: +7 727 308 05 13; +7 771 944 48 80
Қазақстан бойынша тегін байланыс желісі: 8 800 080 0440
БАҚ үшін жедел байланыс желісі:
+7 727 338 20 99
БАҚ өкілдерінің барлық сауалдары бойынша:
pr@flyarystan.com
Оқиға туралы қосымша ақпарат FlyArystan-ның Telegram арнасында жарияланады: Telegram
Қазақстанның Елордасына саяхат немесе іссапар жоспарлағанда Орал –Астана ұшағының билетін тиімді бағамен сатып алу оңтайлы нұсқа болады. FlyArystan лоукості осы бағытта арзан әуебилеттерді ұсына отырып, сапарыңыздың бюджетін төмендетеді. Әуекомпания сайтынан билеттерді сатып алу өте оңай – бұл үшін лайықты ұшып кету күнін таңдаса, ересектер, балалар және сәбилер санын көрсетсе, жолжүк түрін, ұнайтын орынды немесе қажетінше басқа қызметтерді таңдаса жеткілікті.
FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы сыйымдылығы 180 жолаушыны құрайтын Airbus А320 заманауи әуелайнерлерінде ұшып кету және қайту тікелей рейстерін аптасына бес рет жүзеге асырады. Орал –Ақтау әуебилеттерінің бағасы елдің басқа тасымалдаушыларының бағасына қарағанда 50 % дейін арзан болады.
FlyArystan - Орталық Азияның жетекші авиакомпаниясы Air Astana - ның еншілес кәсіпорны болып табыламыз. Біз техникалық қолдауды, қауіпсіздік қолдауды, оқытуды, жүйелер мен қызметтерді Air Astana авиакомпаниясынан аламыз.
Біз өз қызметімізді 2019 жылдың мамыр айынан жүргіземіз. Бүгін Алматыда, Астанада, Атырауда және Ақтауда Airbus A320 CEO мен NEO ұшақтарының заманауи парктерінде негізделген қазақстандық және шетелдік арзан бағалы желістерін басқарамыз.
Жолаушылар максималды жайлылықты тиімді бағамен алады да, бізбен ұшудың келесі артықшылықтарын атап өтеді: төмен тарифтер, заманауи ыңғайлы
Барлық халықаралық рейстер елорданың басты – Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына келеді. Келушілер қала орталығына автобуспен және таксимен жетеді:
Астананың ең танымал көрікті жерлері:
Бәйтерек. Қаланың басты символы, жас ағашты еске салады. Ол тарихи тамыры берік жас мемлекетті бейнелейді.
Хан Шатыр. Үлкен киіз үйге ұқсайтын сауда ойын-сауық кешені. Құрылым ерекше және есте қаларлық пішінге ие және оны әйгілі Foster + Partners сәулет агенттігі салған.
Бейбітшілік және келісім сарайы. Келіссөздер мен саммиттерге арналған пирамида тәрізді ғимарат. Ол қазіргі Қазақстанның бейбітсүйгіш, көпвекторлы саясатын бейнелейді.
Астана ЭКСПО. Экспо 2017 халықаралық көрмесіне арнап салынған павильондар кешені. Павильондардан бөлек, «Нұр-Әлем» мұражайы мен серуендеу алаңы бар. Мұражайдың ерекше пішініне байланысты оны жиі «Жұлдызды соғыстар» дастанындағы «Өлім жұлдызы» кемесі деп атайды.
Бурабай. Бурабай деп те белгілі ұлттық саябақты Қазақстанның інжу-маржаны деп атайды. Бурабай – көптеген көлдері, таулары мен ормандары бар Қазақстанның табиғи көрікті жері. Саябақта жыл сайын елорданың мыңдаған тұрғындарын қабылдайтын көптеген қонақүйлер мен мейрамханалар бар.
Air Astana әуекомпаниясының лоукост бөлімшесі – FlyArystan компаниясы әуетасымалдар саласындағы барлық халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді. Экипаждардың жоғары біліктілігі, заманауи әуепарк және лайнерлерде көрсетілетін кәсіби қызмет бізбен жасаған сапарыңызды жайлы етеді. FlyArystan әуекомпаниясын таңдағаныңызға рақмет.
Too Many Request