МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАМА
Қоғамнан және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тек FlyArystan әуекомпаниясының ресми ақпараттық арналары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми дереккөздерінде жарияланған ақпаратқа ғана сүйенулерін және расталмаған ақпаратты таратудан бас тартуларын сұраймыз.
Қауіпсіздік – FlyArystan қызметінің басты басымдығы болып қала береді. Әуекомпания барлық қолданыстағы пайдалану және нормативтік талаптарға сәйкес қызметін жалғастыруда.
Қазіргі таңда біздің басты міндетіміз – жолаушыларға, экипаж мүшелеріне және олардың отбасы мүшелеріне қажетті көмек пен қолдауды толық көлемде көрсету.
Туыстарға арналған байланыс желісі:
Анықтама орталығы: +7 727 308 05 13; +7 771 944 48 80
Қазақстан бойынша тегін байланыс желісі: 8 800 080 0440
БАҚ үшін жедел байланыс желісі:
+7 727 338 20 99
БАҚ өкілдерінің барлық сауалдары бойынша:
pr@flyarystan.com
Оқиға туралы қосымша ақпарат FlyArystan-ның Telegram арнасында жарияланады: Telegram
Астанадан (NQZ) Түркістанға (HSA) FlyArystan тікелей рейстерімен ыңғайлы Airbus A320 ұшақтарымен саяхаттаңыз.
FlyArystan Қазақстанның астанасын Түркістанмен байланыстырады. Нұр-Сұлтан-Түркістан ұшағына билеттерді брондап, сіз екі сағатта 900 шақырымды басып өтіп, Қазақстанның басты тарихи және туристтік қалаларының бірін тамашалай аласыз.
Түркістан – екі мың жылдай бұрын құрылған түркі әлемінің діни орталығы. Бұл қала Қазақ хандығының бұрынғы астанасы, мұнда атақты ойшыл Қожа Ахмет Ясауи өмір сүріп қызмет еткен, ал сәулеттік мұрасы Орталық Азияны исламдандырудың ең маңызды орталығы болғанын еске салады.
Бүгінде Түркістан Қазақстан үшін үлкен туристтік және мәдени маңызы бар облыстың әкімшілік орталығы болып табылады. Таңертеңнен ән салатын музыкалық субұрқақтар, жаңғартылған көне ғимараттар мен аспан театрлар осының дәлелі.
Ұзақ құлдырауды бастан өткерген Түркістан жаңа түрде қайта салынуда. Бұл жер заманауи инфрақұрылымымен, шығыс тағамдарымен және, әрине, бай тарихымен туристтерді тартады.
FlyArystan-ның кең бағдарлар желісін пайдаланып, өзіңіздің қаланыздан тоғыспалы рейстер арқылы Түркістанға дейін жету мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.
FlyArystan - Орталық Азияның жетекші авиакомпаниясы Air Astana - ның еншілес кәсіпорны болып табыламыз. Біз техникалық қолдауды, қауіпсіздік қолдауды, оқытуды, жүйелер мен қызметтерді Air Astana авиакомпаниясынан аламыз.
Біз өз қызметімізді 2019 жылдың мамыр айынан жүргіземіз. Бүгін Алматыда, Нұр-Сұлтанда, Атырауда, Ақтауда және Шымкентте Airbus A320 CEO мен NEO ұшақтарының заманауи парктерінде негізделген қазақстандық және шетелдік арзан бағалы желістерін басқарамыз.
Жолаушылар максималды жайлылықты тиімді бағамен алады да, бізбен ұшудың келесі артықшылықтарын атап өтеді: төмен тарифтер, заманауи ыңғайлы ұшақтар, қосымша қызметтердің кең тандауы.
Билет сатып алу және артық төлемеу үшін смартфонға арналған FlyArystan қосымшасын немесе ресми сайтын пайдалану ұсынылады. Лоукост авиакомпанияларының әуе билетінің құны классикалық авиакомпанияға қарағанда айтарлықтай төмен. Мұнда жолаушылар қажетті қызметтердің толық тізімін өздері таңдай алады: багажды, борттағы тамақтануды, орынды таңдауды және басқа қызметтерді. Солай, билеттің соңғы құнын өзіңіз анықтайсыз.
Біз әуе билеттерді алдын ала және екі бағытта сатып алуды ұсынамыз. Осылайша, сіз сапарыңызды одан да тиімді етесіз.
Жаңа Хазірет Сұлтан халықаралық әуежайы қала орталығынан 16 шақырым жерде орналасқан.
Қала орталығына таксимен 3000 теңгеден 6000 теңгеге дейін жетуге болады.
Түркістанның маңызды орындары
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Қаланың ең танымал көрікті жері. Әмір Темірдің бұйрығымен 1405 жылы тұрғызылған киелі орын.
Арыстанбаба кесенесі. Орталық Азия мұсылмандарының басты ғибадат орындарының бірі. Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы кесенесі.
Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі. Әбілқайырдың әйелі – ханның құрметіне салынған 15 ғасырдағы сәулет ескерткіші.
Көне Күлтөбе қонысы. Ұлы Жібек жолының рухани және сауда орталығы болған көне қоныстың археологиялық қалдықтары.
Керуен Сарай. Жаңа туристтік кешен. Мұнда сіз су шоуын тамашалай аласыз, жайлы кафелерде тамақтанасыз және жаңа драма театрында спектакль көре аласыз.
Билетті брондау үшін iOS-ке арналған FlyArystan мобильді қосымшасын пайдаланыңыз: https://clck.ru/WxvbZ және Android-ке арналған қосымша: https://clck.ru/Wxvi4 немесе flyarystan.com веб-сайтында сапарыңызды брондаңыз.
Too Many Request