МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАМА
Қоғамнан және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тек FlyArystan әуекомпаниясының ресми ақпараттық арналары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми дереккөздерінде жарияланған ақпаратқа ғана сүйенулерін және расталмаған ақпаратты таратудан бас тартуларын сұраймыз.
Қауіпсіздік – FlyArystan қызметінің басты басымдығы болып қала береді. Әуекомпания барлық қолданыстағы пайдалану және нормативтік талаптарға сәйкес қызметін жалғастыруда.
Қазіргі таңда біздің басты міндетіміз – жолаушыларға, экипаж мүшелеріне және олардың отбасы мүшелеріне қажетті көмек пен қолдауды толық көлемде көрсету.
Туыстарға арналған байланыс желісі:
Анықтама орталығы: +7 727 308 05 13; +7 771 944 48 80
Қазақстан бойынша тегін байланыс желісі: 8 800 080 0440
БАҚ үшін жедел байланыс желісі:
+7 727 338 20 99
БАҚ өкілдерінің барлық сауалдары бойынша:
pr@flyarystan.com
Оқиға туралы қосымша ақпарат FlyArystan-ның Telegram арнасында жарияланады: Telegram
Бүгінгі таңда, Астана — Алматы бағытында ұшақпен сапарға шығу еш қиындықсыз өтеді. Көптеген компаниялар билеттер сату қызметтерін ұсынады,бірақ өкінішке орай, ұшудың төмен бағасына кепілдік бермейді. Соңғы уақытқа дейін ұшақпен саяхаттау қымбат және осындай сапарға әркімнің қолы жете қоймас деген стереотип болды. Ал ел ішіндегі сапарларды басқа да арзанырақ көлік түрлері арқылы жүзеге асырған жөн. Шын мәнінде осылай ма? Алғашқы қазақстандық FlyArystan лоукостері нарыққа шыққаннан кейін, ел бойынша ұшақпен саяхаттау одан әрі нақты және қолжетімді болды. Лоукост көпшілік қолданатын бағыттарға билеттерді тиімді бағамен ұсына отырып, әуебилеттердің бағасы жоғары болады деген қалыптасқан ойды жоққа шығарды. Дүниежүзін көру үшін ақша жинаудың немесе әуетасымалдаушылардан акциялар мен жеңілдіктерді іздестіріп, тиісті сәтін күтіп отырудың қажеті жоқ.
Алматы саяхатшылар арасында бұрыннан танымал болып келеді: олар бұл қалаға қызықты оқиғалар іздеп, көрікті жерлерін көруге, демалуға, қонаққа және іскерлік келіссөздерге қатысу үшін аттанады Өз уақыты мен ақшасын үнемдеу керек дегенде саяхатшылардың ойы бір жерден шығады. FlyArystan әуекомпаниясы Астанадан Алматыға әуебилеттерді ең төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.
Алматыға жер бетіндегі көлікпен шамамен 21 сағатта жетуге болады, ал FlyArystan ұсынатын Астана – Алматы әуеұшуын таңдасаңыз, бұл небары 1 сағат 40 минут уақытыңызды алады. Жақсы көңіл күйіңіз бен нағыз саяхат беретін әсерлерді поезбен немесе автобуспен жүріп, ұзақ жолмен бұзбаңыз. Күні мен уақыты бойынша тиісті рейсті таңдау үшін FlyArystan сайтындағы іздеу қызметін пайдаланыңыз. Бронь қойған кезде ұшудың күні мен уақытын, жолаушылар саны мен олардың төлқұжат деректерін, қосымша қажетті қызметтерді көрсету жеткілікті болады. Содан кейін деректеріңіздің дұрыстығын тексеріп, билетті онлайн төлеу керек болады. Түсінуге оңай болатын интерфейс арқылы, бронь қою жүйесімен жұмыс істеу машықтарыңыз болмаса да, әуебилеттерді бірнеше минут ішінде ресімдей аласыз.
Тәжірибелі саяхатшылар ұшаққа ақшаны қалай үнемдеуге болатынын біледі Әуебилеттерді FlyArystan сайтында сатып алу көп уақытыңызды алмайды, ал бағалар көп көрген саяхатшыларды да таңғалдырар. Біз сіздің ең төменгі бюджетке ең жоғары сервис алуыңызды ойластырдық.
Сонымен бірге ұшаққа билеттер бағасын төмендетудің әртүрлі іс жүзінде тексерілген тәсілдерді бар. Біз сіз үшін олардың ең тиімдісін және ең көп қолданылатынын жинадық. Ең арзан әуебилеттерді сатып алу үшін біздің кеңестерімізді пайдаланыңыз:
Too Many Request