МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАМА
Қоғамнан және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тек FlyArystan әуекомпаниясының ресми ақпараттық арналары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми дереккөздерінде жарияланған ақпаратқа ғана сүйенулерін және расталмаған ақпаратты таратудан бас тартуларын сұраймыз.
Қауіпсіздік – FlyArystan қызметінің басты басымдығы болып қала береді. Әуекомпания барлық қолданыстағы пайдалану және нормативтік талаптарға сәйкес қызметін жалғастыруда.
Қазіргі таңда біздің басты міндетіміз – жолаушыларға, экипаж мүшелеріне және олардың отбасы мүшелеріне қажетті көмек пен қолдауды толық көлемде көрсету.
Туыстарға арналған байланыс желісі:
Анықтама орталығы: +7 727 308 05 13; +7 771 944 48 80
Қазақстан бойынша тегін байланыс желісі: 8 800 080 0440
БАҚ үшін жедел байланыс желісі:
+7 727 338 20 99
БАҚ өкілдерінің барлық сауалдары бойынша:
pr@flyarystan.com
Оқиға туралы қосымша ақпарат FlyArystan-ның Telegram арнасында жарияланады: Telegram
Алматы (ALA) - Орал (URA) төмен бағамен, жайлы Airbus A320 ұшақтарымен тікелей рейстер!
Алматы – Орал ұшағымен 3 сағатта 2114 шақырымды өтіп, Батыс Қазақстан облысының мәдени, өндірістік және әкімшілік орталығын өзіңізге аша аласыз.
Орал – 1613 жылы негізі қаланған Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі. Ол екі өзеннің – Жайық пен Шағанның жағасында, Азия мен Еуропаның арасында орналасқан. 400 жыл ішінде бұл қаланы А.С. Пушкин, М.А. Шолохов, В.А. Жуковский, В.И.Даль, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов және өз заманының көптеген көрнекті мәдениет қайраткерлері барып көрген. Бұл 18-19 ғасырлардың көрікті ғимараттарынан түсінікті: Е.Пугачевтің үйі, Ескі собор, Құтқарушы Христос соборы, бас атаманның үйі, Каревтің үйі (филармония), облыс әкімдігінің ғимараты (бұрынғы коммерциялық-өнеркәсіптік банк).
FlyArystan-ның кең бағдарлар желісін пайдаланып, өзіңіздің қаланыздан тоғыспалы рейстер арқылы Оралға дейін жету мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.
FlyArystan - Орталық Азияның жетекші авиакомпаниясы Air Astana - ның еншілес кәсіпорны болып табыламыз. Біз техникалық қолдауды, қауіпсіздік қолдауды, оқытуды, жүйелер мен қызметтерді Air Astana авиакомпаниясынан аламыз.
Біз өз қызметімізді 2019 жылдың мамыр айынан жүргіземіз. Бүгін Алматыда, Нұр-Сұлтанда, Атырауда, Ақтауда және Шымкентте Airbus A320 CEO мен NEO ұшақтарының заманауи парктерінде негізделген қазақстандық және шетелдік арзан бағалы желістерін басқарамыз.
Жолаушылар максималды жайлылықты тиімді бағамен алады да, бізбен ұшудың келесі артықшылықтарын атап өтеді: төмен тарифтер, заманауи ыңғайлы ұшақтар, қосымша қызметтердің кең тандауы.
Делдалдардан билеттерді сатып алғанда, сіз комиссиялар мен үстемелер түрінде артық төлеуіңіз мүмкін. Билеттерді негізгі бағамен сатып алу және билет қанша тұратынын білу үшін Android және iOS құрылғыларына арналған FlyArystan қосымшасын немесе ресми сайтты пайдалануды ұсынамыз. Классикалық авиакомпанияларға қарағанда лоукостерлердің рейс құны әрқашан төменірек. Бізбен бірге жолаушы қажетті қызметтердің барлық тізімін таңдай отырып, рейстің соңғы бағасын өзі қалыптастырады: багажды тасымалдау, борттағы тамақтану, орынды таңдау және т.б.
Билеттерді екі жаққа және алдын ала брондасаңыз, саяхатыңыз одан да тиімді болады.
Алматы – Орал рейсі «Ақ жол» халықаралық әуежайына ұшып келеді. Қала орталығына автобуспен немесе таксимен жетуге болады:
Билетті брондау үшін iOS-ке арналған FlyArystan мобильді қосымшасын пайдаланыңыз: https://clck.ru/WxvbZ және Android-ке арналған қосымша: https://clck.ru/Wxvi4
Too Many Request