Ыстамбұл (IST)
Ақтау (SCO) - Ыстамбұл (IST) тікелей рейстері төмен бағамен, жайлы Airbus A320 ұшағымен әр бейсенбі және сенбі күндері орындалады!
FlyArystan теңізді Ақтауды тарихи Ыстамбұлмен байланыстырады. Ақтау – Ыстамбұл билеттерін брондап сіз 3 сағатта 1840 шақырымды өтіп, көне мегаполисті өзіңізге аша аласыз.
Ыстамбұл – әлемдегі ең үлкен және ең көне қалалардың бірі болып табылады. Бұл бұрынғы Константинополь, мемлекеттің тарихи-мәдени орталығы, Византия империясының астанасы. Ол Босфор бұғазының жағасында орналасқан, Еуропа мен Азияны байланыстырады, Мәрмәр теңізі мен Қара теңізбен қоршалған. Ыстамбұлда әртүрлі мәдениеттерден жиналып 15 миллион адам тұрады, бұл қаланы әлемдегі халқы ең көп және әртүрлі қалалардың біріне айналдырады.
Ақтау – Ыстамбұл ұшағымен ұшып келіп, сіз азия мен еуропа мәдениеттерінің араласуын, көне көрікті жерлерін көріп, түрік асханасының жарқын дәмін татып, арзан шопингке бара аласыз.
FlyArystan-ның кең бағдарлар желісін пайдаланып, өзіңіздің қаланыздан тоғыспалы рейстер арқылы Ыстамбұлға дейін жету мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.
FlyArystan - Орталық Азияның жетекші авиакомпаниясы Air Astana - ның еншілес кәсіпорны болып табыламыз. Біз техникалық қолдауды, қауіпсіздік қолдауды, оқытуды, жүйелер мен қызметтерді Air Astana авиакомпаниясынан аламыз.
Біз өз қызметімізді 2019 жылдың мамыр айынан жүргіземіз. Бүгін Алматыда, Астанада, Атырауда, Ақтауда және Шымкентте Airbus A320 CEO мен NEO ұшақтарының заманауи парктерінде негізделген қазақстандық және шетелдік арзан бағалы желістерін басқарамыз.
Жолаушылар максималды жайлылықты тиімді бағамен алады да, бізбен ұшудың келесі артықшылықтарын атап өтеді: төмен тарифтер, заманауи ыңғайлы ұшақтар, қосымша қызметтердің кең тандауы.
Ақтау – Ыстамбұл билеттерінің бағасын білу және оларды базалық баға бойынша брондау үшін смартфонға арналған FlyArystan қосымшасын немесе ресми сайтты пайдалануды ұсынамыз. Лоукост авиакомпаниялармен саяхаттағанда сіз қажетті қызметтердің барлық тізімін таңдау арқылы саяхатыңызды арзанырақ етесіз: багажды тасымалдау, борттағы тамақтану, орынды таңдау және т.б.
Әуе билеттерді екі жаққа және алдын ала брондасаңыз, саяхатыңыз одан да тиімді болады.
Халықаралық рейстер Сабиха Гөкчен әуежайына келеді. Ыстамбұл орталығына автобуспен, таксимен және жалға алынған көлікпен жете аласыз.
Әуежай жаңа болғандықтан, қала орталығымен тікелей қоғамдық көлік қатынасы әлі жоқ. Сондықтан келушілер орталыққа автобус + метро трансфері арқылы жетеді. Havabus автобусымен Taksim аялдамасына жетіп, M2 метро желісімен кез келген орталық аймаққа бара аласыз. Ыстанбұлдың тұрғындары навигация үшін Google Maps қосымшасын пайдаланады.
Такси. Ыстамбұлдың таксиі қымбат болып саналады. Қала орталығына сапардың ұзақтығы 1 сағаттан басталады. Құны есептегіш арқылы есептеледі, 40 доллардан басталады.
Стандартты Volkswagen Polo автокөлігін жалға алу шамамен 400 доллар тұрады.
Билетті брондау үшін iOS-ке арналған FlyArystan мобильді қосымшасын пайдаланыңыз: https://clck.ru/WxvbZ және Android-ке арналған қосымша: https://clck.ru/Wxvi4
Cілтеме арқылы Түркияға кіру талаптарымен алдын ала танысуды сұраймыз.