Артқа

Қызылорда

Қызылордаға әуебилеттер

Сіздің қаладағы жоспарларыңызға қарамастан, әр турист жайлылықты, жоғары деңгейде көрсетілетін қызметті және Қызылордаға дейін қолжетімді бағамен билет алуды қажет етеді. FlyArystan лоукостері мұндай қажеттіліктерді толығымен қанағаттандырады. Ал ұшу жылдамдығы мен құны осы жерге жетудің басқа амалдарын қарастырмай, ұшаққа артықшылық беруді қолжетімді қылады. Өйткені сол қашықтықты көліктің басқа түрімен еңсеру әлдеқайда ұзақ болып, кейде қымбатқа түсіп жатады.

Әуекомпанияны таңдағанда, оның беделі мен борттағы қауіпсіздік жолаушы үшін маңызды болады. Air Astana компаниясының еншілес әуежелілері бола отырып, біз ұшақтарымызға техникалық қызмет көрсету және персоналды оқыту ісінде жоғары дәрежені сақтаймыз. Біздің заманауи Airbus A320 әуе кемелеріміздің қолданылғанына шамамен 6 жыл болды, бұл басқа компаниялардағы қолдану мерзімінен әлдеқайда төмен. Бұған қоса оларға Қазақстанның ең білікті инженерлері техникалық күтім жасайды. Экипаж өз кезегінде дағдыларын арнайы оқыту орындарында әрдайым жетілдіріп жүреді. Біз сіздің жайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін бар күшімізді саламыз.

Қызылордаға ұшақ билеттерін сатып алу жолы

Әуебилеттерді сатып алу үшін FlyArystan сайтының бас бетіндегі жол өрісіне бағдарды, жолаушылар санын, қажетті күндерді енгізіңіз. Жүйе сұрауды өңдеп, оңтайлы ұшу нұсқаларын ұсынады. Қосымша қызметтерді немесе ұсынылатын тарифтік пакеттердің біреуін таңдаңыз, содан кейін деректер дұрыстығын тексеріп, билеттердің ақысын төлеу ғана қалады. Және кері бағыттағы ұшақ билеттерін сатып алуды ұмытпаңыз. Егер кеңес немесе көмек керек болса, әуекомпания байланыс орталығының мамандары қуана көмек береді.

Ұшақтар кестесі: Қызылорда

Қызылордаға ұшатын ұшақтардың толық кестесімен сайтымызда танысуға болады. Ол үшін сайттың «Жоспарлау және сатып алу» бөліміндегі «Рейстер кестесі» қойындысына өтіңіз. Ұшып шығу және қону әуежайларын көрсетіп, ұшу күнін таңдаңыз да, «Іздеу» түймесін басыңыз. Мынадай рейстер туралы толық ақпараты бар Қызылорда онлайн таблосы шығады: нөмірі, ұшу ұзақтығы, ұшып шығу және қону уақыты. Қызылорда әуежайы (IATA: KZO, ICAO:

 UAOO)

Әуежай қаладан 15 километр қашықтықта орналасқан. Әуежайдан қаладағы керек жерге дейінгі бағдарды алдын ала жоспарлаған жөн: такси қызметін немесе қоғамдық көлікті пайдаланыңыз. Қызылордадағы әуежайға туристер жақсы баға береді: персонал сыпайылығы, ыңғайлы тұрақ, жайлардың тазалығы мен жайлылығы, жергілікті кафедегі бағалар мен дәмді тағамдар туралы жақсы пікір айтып жатады.

Көрнекі жерлері;

Сырдария жағалауындағы қаланың әр турист көруі қажет тамаша көрнекі жерлері бар. Солардың ішінде:

  • Облыстық тарихи өлкетану музейі;
  • Құдай анасының иконасына арналған қасиетті Қазан соборы;
  • Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық-драма театры;
  • Айтбай мешіті;
  • Қорқыт ата мемориалды кешені;
  • Барсакелмес қорығы және тағы басқа.
  • Аралдың шөлді құм төбелері Шижаға ауылы: Мұнда Сафари турын өзіңіздің жол талғамайтын көлігіңізбен ұыймдастырып қыдыруға және қайталанбас фотосессия жасауға болады. 
  • "Жаңақорған" шипажайы: ерекшелігі – бұл сауықтыру орны Терескен көлінің жағасында орналасқан, құрамында жоғары белсенді тұнба балшығы мен шипалы суы бар, оларды сыртқы емдік қолдану кезінде күшті сауықтыру әсерін береді.
  • Қызылорда облысында «ыстық су» атты шипалы бұлақ орналасқан.Оның емдік күші буын, тері, жүйке жүйелерінің ауруларына таптырмас ем болып табылады. 

Қала атауының тарихы

Қызылорда қаласының тарихы қызықты: ол 1820 жылы Ақмешіт ретінде құрылып, 1862 жылдан бастап Петровск деп аталған. Кейін 1925 жылдан бастап Қазақ Автономиялық Республикасының астанасын көшіруге байланысты қала Қызыл-Орда деп аталды. Және тек 1997 жылдан бастап Қызылорда ретінде белгілі болды.

Климат

Жыл бойы Қызылордада жауын-шашын жиі болмайтынына қарамастан, сапардың алдында қалада болатын кездегі ауа райы болжамын білім алған дұрыс. Бұл өзіңізді барынша ыңғайлы сезіну үшін барлық қажетті заттарды алуға көмектеседі. Жылдық орташа температура шамамен 10.2 °C болады. Шілде жылдың ең жылы айы, қаңтар жылдың ең суық айы болып саналады.

Қызылордаға FlyArystan-мен ұшыңіз:

  • Алматыдан - аптасына 3 рет
  • Нұр-Сұлтаннан - күнделікті рейстер 

Сатып алу

Күн

calendar