МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАМА
Қоғамнан және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тек FlyArystan әуекомпаниясының ресми ақпараттық арналары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми дереккөздерінде жарияланған ақпаратқа ғана сүйенулерін және расталмаған ақпаратты таратудан бас тартуларын сұраймыз.
Қауіпсіздік – FlyArystan қызметінің басты басымдығы болып қала береді. Әуекомпания барлық қолданыстағы пайдалану және нормативтік талаптарға сәйкес қызметін жалғастыруда.
Қазіргі таңда біздің басты міндетіміз – жолаушыларға, экипаж мүшелеріне және олардың отбасы мүшелеріне қажетті көмек пен қолдауды толық көлемде көрсету.
Туыстарға арналған байланыс желісі:
Анықтама орталығы: +7 727 308 05 13; +7 771 944 48 80
Қазақстан бойынша тегін байланыс желісі: 8 800 080 0440
БАҚ үшін жедел байланыс желісі:
+7 727 338 20 99
БАҚ өкілдерінің барлық сауалдары бойынша:
pr@flyarystan.com
Оқиға туралы қосымша ақпарат FlyArystan-ның Telegram арнасында жарияланады: Telegram
Семей қаласы (2007 жылға дейін Семипалатинск деп аталған) – еліміздің шығысындағы ең көне және мәдени бай қала. Саяхатшылар бұл қалаға іскери мақсатта, сонымен қатар ескерткіш орындарын және мәдениет игіліктерін көруге келеді. Қалаға ең жылдам әрі ыңғайлы жету жолы – FlyArystan лоукостері ұсынатын Семейге ұшатын рейстер. Ұшу қайта отырғызусыз іске асырылады, билеттің құны автобуспен немесе пойызбен қосымша және ауыр сапарларды ұмытып, ұшуды таңдауға мүмкіндік береді.
Семейге ұшақ билеттерін брондау үшін сізге жолаушылардың төлқұжат деректері, интернет байланыс және бірнеше минут бос уақыт керек. Лоукостер сайтының іздеу бағанында бағытты, жолаушылар санын және күндерді белгілеңіз. Деректерді мұқият тексергеннен кейін билеттер ақысын төлеу үшін банк картасын пайдаланыңыз. Қосымша сұрақтар туындаса, FlyArystan байланыс орталығының мамандары сізге қуана көмектеседі.
Кері билеттерді де кейін уайымдамау үшін бірден сатып алғаныңыз дұрыс.
Осы бағыттағы рейстер туралы толық ақпаратпен сайттың «Жоспарлау және сатып алу» бөліміндегі «Рейстер кестесі» парақшасында таныса аласыз. Ұшып кету және ұшып келу қалаларын көрсетіп, іздеуді бастаған кезде рейс нөмірі, ұшу ұзақтығы, ұшу мен қону уақыты туралы ақпараты бар онлайн табло экранға шығады.
Лоукостердің ұшақ билеттерін сатып алу дәстүрлі әуетасымалдаушы билеттерін сатып алудан әлдеқайда арзан. Әуетасымалдаушылар сайтынан әуебилеттерді сатып алғанда, қосымша алымдар мен турагенттік қызметтері үшін ақы төлемейсіз. Сонымен қатар әуебилеттер құнына қосымша қызметтер кірмейді, бұл сізге керек қосымша кызметтерді өз бетіңізше белгілеп, ұшу бағасына әсер ету мүмкіндігін береді. Осы және басқа факторлар жолаушыларымыз үшін бағаны барынша тиімді етуге көмектеседі.
Семейде бос уақытыңызды қаланың ең танымал көрнекі жерлеріне барып өткізіңіз:
Семей әуежайынан Астана, Алматы, Өскемен қалаларына және Қазақстанның басқа да қалалары мен шет елдерге рейстер тұрақты түрде жүзеге асырылады.
Әуежай аумағында кафе, ана мен бала бөлмесі, сақтау камерасы, әуекасса және анықтама бюросы бар. Сонымен қатар әуежайда жолжүкті кірленуден және зақымдалудан қорғау үшін жолжүкті қаптау қызметі бар.
Семей орталығына жету үшін, ұшып келгенде қоғамдық көлікті, такси қызметін пайдаланыңыз немесе машина жалдаңыз.
Күн
Too Many Request