Артқа

Ақтау

Ақтау бағытындағы әуебилеттер

Наримановка деп аталатын Ақтау халықаралық әуежайы межелі қалаға жайлы келу орнына, сондай-ақ сапарыңыздың ыңғайлы жөнелу орнына айналады.

Қалаға барудың басқа мақсаттарын көздесеңіз де, жайлылық, баға және жылдамдық саяхаттау әдісін таңдауда негізгі фактор болады. Сайтымыздан жайлы әуе кемелеріне бюджеттік билеттерді сатып алып, жақын арада межелі жерге жете аласыз.

Әуебилеттерді қалай сатып алуға болады?

Ақтауға әуебилеттер сатып алу үшін FlyArystan әуекомпаниясының сайтындағы интуитивтік тұрғыдан түсінікті іздеу мүмкіндігін пайдаланыңыз: жөнелу және межелі қалаларды, тиісті күнді және жолаушылар санын көрсетіңіз. Бірнеше секунд ішінде жүйе сұрауды өңдеп, оңтайлы ұшу нұсқаларын ұсынады.

Арзан әуебилеттер

Саяхатта үнемдеу үшін қапырық автобуспен жүрудің, көлік айдап немесе пойызда отырып жалығудың қажеті жоқ. Қазақстандық әуе нарығында FlyArystan лоукостері пайда болған соң, ұшу билеттері елдің әр тұрғынына қолжетімді болды.
Біз жолаушыларымызға бюджеттік бағамен жоғары деңгейдегі қызметті ұсынамыз. Ақтау бағытындағы барынша арзан әуебилеттерді сатып алудың бірнеше қулығы бар:

  • қосымша қызметтер (мысалы, жолжүк орны немесе борттан қалаған орынды таңдау мүмкіндігі) ақысын билетті брондау кезінде төлеңіз;
  • әуекомпания жіберіліміне және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларға жазылыңыз. Осылайша FlyArystan компаниясының соңғы жаңалықтары мен ұсыныстарын әрдайым біліп отырасыз;
  • сапар күні маңызды болмаса, оны іздеу кезінде ауыстырыңыз. Көбіне билеттер демалыс және мереке күндеріне қарағанда, жұмыс күндері арзанырақ болады.

Ақтау әуежайы

Ақтаудағы әуежай халықаралық мәртебеге ие және әлемнің әртүрлі қалаларынан заманауи ұшақтарды қабылдайды. Туристер көлік тұрағының болуы, ғимараттың тазалығы және жайдары персонал туралы оң пікірлер айтады.

Рейсті күткен кезде әуежайдағы кафеге баруға болады. Кофе, шай, салқындатқыш сусындар, сондай-ақ дәмді жеңіл тағамдар: бутербродтар, кондитерлік өнімдер және басқа да көптеген өнімдер әрдайым қолжетімді бағамен сатылады.

Ақтауда қайда баруға болады?

  • Бозжыра шатқалы - 10 млн жыл бұрын мұнда мұхит болған, ол уақыт өте келе құрғап, ерекше пейзаждарды қалдырған.
  • Торыш - бұл жерде құдайлар боулинг ойнаған деп те айтады. Табиғи шарлармен үйілген жұмбақты мекен.
  • Шақпақ-Ата мешіті - тұтас тас плитадан жасалған жерасты мешіті, адам қолымен жасалған жаратылыс.

Сатып алу

Күн

calendar