Naftalan 15 Main Banner Kzinside Page

Билет сатып алу

Күн

calendar

Әзірбайжан сауықтыру қонақ үйлерінде ұмытылмас демалыс пен ерекше емге -15% жеңілдік! Нафталан майы, НафтСу мен Истису шипасы 

Бакудағы демалысқа қосымша Әзірбайжан аймақтарына сапар шегу тамаша ой: олар емдік қасиеті бар минералды су бұлақтарымен, шипалы мұнай майының көздерімен, қара құм жабылған жағажайларымен, үңгірлері сергітетін тұзымен ерекшеленеді, ал ондағы тау ауасы барған адамдарға күш пен қуат береді. "Оттар мекенінің" осындай бірегей жерлері - аты аңызға айналған Нафталан қаласы, бальнеологиялық курорты Галаалты және Истису термалды суларымен әйгілі Ленкоран қаласы.

Әзірбайжандағы Нафталан медициналық туризм орталығы - әлемдегі жалғыз нафталан мұнайының кен орны. Мұнда өндірілетін мұнай бірегей емдік әсер беретін және 70-тен астам ауруды емдеуге қолданылатын химиялық құрамымен ерекшеленеді. Нафталан мен майдың емді қасиеттері толығырақ мына жерде.

Ал Каспий теңізінің жағасындағы орманды беткейлерде орналасқан Галаалты курорты өзінің бірегей емдік суы "Нафтсу"-мен танымал.

Тек FlyArystan жолаушыларына арналған эксклюзивті ұсыныс! Бакуға рейстерімізге билеттерді сатып алыңыз да, Chinar Hotel & SPA шипажайында тұруға және емдеу процедураларына 15%-дық жеңілдіктер алыңыз.

Бакуға тікелей рейстер Ақтаудан дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері орындалады. Басқа қалалардан саяхаттау үшін тоғыспалы рейстерімізді пайдаланыңыз.

 

Chinar Hotel&SPA Naftalan

Chinar Hotel & Spa – бұл нафталан майын қолдану арқылы әртүрлі ауруларды емдеудің кең спектрін ұсынатын және ең жоғары технологиямен жабдықталған жайлы қонақ үй және емдеу орталығы.

Арнайы ұсыныс*: Қонақ үй сайтында FLYNAFTALAN промо кодымен тікелей брондаулар үшін Chinar Hotel&SPA-да тұруға және медициналық пакеттерге -15% жеңілдік. Медициналық пакетке тұру, үш мезгіл тамақтану, тексеру, емдеу кіреді. Жеңілдіксіз бағалар:

Қараша – 1 аптаға 1 адамға – 495 доллар;

Желтоқсан - қаңтар – 1 аптаға 1 адамға – 450 доллар.

*Міндетті медициналық сақтандыру төлемі (1 адамға 1 түн 2 AZN) тіркеу кезінде қосымша төленеді.

Ұсыныс мереке күндерін қоспағанда, 2023 ж. 15 наурызына дейін жарамды.

Мекен-жайы: Әзірбайжан, Нафталан, Ширван даңғылы 12

Промо Код: FLYNAFTALAN

Брондау: www.chinarhotel.az

E-mail: reservation@pmdhospitality.az

Жеңілдік www.chinarhotel.az сайтында FLYNAFTALAN промо кодын енгізіп брондау кезінде жарамды. Сіздің FlyArystan билетіңіз қонақүйге тіркеу кезінде көрсетілуі керек.

Қалай жетуге болады: Бакудан Нафталанға таксимен 4 сағатта жетуге болады немесе Гянджа арқылы баруға болады. Бакудан Гянджаға экспресс пойызға отырып, Горан станциясында түсіңіз (жол уақыты: 3 сағат 17 минут). Ол жерден Нафталанға пойыз кестесіне сәйкес келетін тегін шағын автобуспен жетуге болады. Горан станциясынан Нафталанға дейін (18 км) такси алыңыз, ол шамамен 20 минутта жеткізеді.

 

  

Qalaalti Hotel & Spa 

Qalaalti Hotel & Spa-бес жұлдызды сауықтыру және курорттық кешен. Бакуға ең жақын бес жұлдызды курорт (120 км немесе 90 минуттық қашықтық), ең соңғы технологиялармен, мейрамханалармен, бассейндермен жабдықталған; қонақ үй жайлы демалыс үшін қажет нәрсенің бәрін ұсынады. Ол сондай-ақ өзінің бірегей емдік НафтСу суымен, керемет табиғатымен және ылғалдылығы оңтайлы ауасымен танымал.

Арнайы ұсыныс: қонақ үй сайтында FLYQALAALTI промо кодымен тікелей брондаулар үшін Qalaalti Hotel&SPA тұруға және медициналық пакеттерге -15% жеңілдік.

Ұсыныс мереке күндерін қоспағанда, 2023 ж. 15 наурызына дейін жарамды.

*Міндетті медициналық сақтандыру төлемі (1 адамға 1 түн 2 AZN) тіркеу кезінде қосымша төленеді.

Мекен-жайы: Әзірбайжан, Шабран, Галаалты

Промо-код: FLYQALAALTI

Брондау сайты: www.galaalti.az

Жеңілдік www.galaalti.az сайтында FLYQALAALTI промо кодын енгізіп брондау кезінде жарамды. Сіздің FlyArystan билетіңіз қонақүйге тіркеу кезінде көрсетілуі керек.

 

 

Lankaran Springs Wellness Resort

Lankaran Springs Wellness Resort -  Әзірбайжанның оңтүстігінде, Бакудан 250 км қашықтықта, көркем таулы орман ландшафтында орналасқан жаңа сауықтыру шипажайы. Каспий теңізінен небәрі 15 минуттық жерде. Қонақ үй жайғасуға ыңғайлы бөлмелермен, сауықтыру және спа орталықтармен, балаларға арналған ойын-сауық аймағымен жабдықталған. "Истису" минералды емдік термалды су ванналарын қабылдауды ұсынады. Бұл шипажай өзінің ерекше емдік, ыстық бұлақтарымен танымал.

Арнайы ұсыныс: қонақ үй сайтында FLYARYSTAN промо кодымен тікелей брондаулар үшін Lankaran Springs Wellness Resort тұруға және медициналық пакеттерге -15% жеңілдік.

Ұсыныс мереке күндерін қоспағанда, 2023 ж. 15 наурызына дейін жарамды.

*Міндетті медициналық сақтандыру төлемі (1 адамға 1 түн 2 AZN) тіркеу кезінде қосымша төленеді.

Мекен-жайы: Әзірбайжан, Ленкоран қаласы

Промо-код: FLYARYSTAN

Брондау сайты: www.lankaransprings.az

Жеңілдік www.lankaransprings.az сайтында FLYARYSTAN промо кодын енгізіп брондау кезінде жарамды. Сіздің FlyArystan билетіңіз қонақүйге тіркеу кезінде көрсетілуі керек.