Артқа

Ыстамбұл (SAW)

Түркістан – Ыстамбұл әуебилеттері!

Түркістаннан (HSA) Ыстамбұлға (SAW) FlyArystan тікелей рейстерімен, аптасына 2 рет, күндіз және ыңғайлы Airbus A320 ұшақтарымен саяхаттаңыз.  

FlyArystan Қазақстан мен Түркияның тарихи қалаларын байланыстырады. Түркістан – Ыстамбұл билеттерін брондасаңыз, сіз 5 сағатта 3218 шақырымды ұшып өтіп, Ыстамбұл көне мегаполисін көре аласыз.

Ыстамбұл Түркияның ең үлкен қаласы, інжу-маржаны. Бұл мемлекеттің экономикалық, тарихи және мәдени орталығы. Ол екі континентті - Еуропа мен Азияны байланыстыратын Мармара теңізі мен Қара теңіз арасында Босфордың жағасында орналасқан. Рим, Византия, Латын және Осман империяларының бұрынғы астанасында 15 миллион адам тұрады, соның арқасында ол әлемдегі ең қоныстанған және әртүрлі қалалардың бірі болып саналады.

Ыстамбұл азиялық және еуропалық мәдениеттердің араласуымен, ежелгі көрнекті орындармен, түрік тағамымен және пайдалы сауда-саттықпен тартымды.

FlyArystan-ның кең бағдарлар желісін пайдаланып, өзіңіздің қаланыздан тоғыспалы рейстер арқылы Ыстамбұлға дейін жету мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.

Бізбен саяхаттың артықшылықтары

FlyArystan - Орталық Азияның жетекші авиакомпаниясы Air Astana - ның еншілес кәсіпорны болып табыламыз. Біз техникалық қолдауды, қауіпсіздік қолдауды, оқытуды, жүйелер мен қызметтерді Air Astana авиакомпаниясынан аламыз.

Біз өз қызметімізді 2019 жылдың мамыр айынан жүргіземіз. Бүгін Алматыда, Астанада, Атырауда, Ақтауда және Шымкентте Airbus A320 CEO мен NEO ұшақтарының заманауи парктерінде негізделген қазақстандық және шетелдік арзан бағалы желістерін басқарамыз.

Жолаушылар максималды жайлылықты тиімді бағамен алады да, бізбен ұшудың келесі артықшылықтарын атап өтеді: төмен тарифтер, заманауи ыңғайлы ұшақтар, қосымша қызметтердің кең тандауы.

Билетті қандай әдіспен тиімдірек сатып алуға болады?

Билеттерді қосымша ақысыз брондау үшін FlyArystan мобильді қосымшасын немесе ресми веб-сайтын пайдаланыңыз. Классикалық авиакомпанияларға қарағанда лоукост билеттерінің құны әлдеқайда арзан. Бізбен ұшқан кезде жолаушылар қосымша қызметтердің барлық спектрін таңдайды: багажды тасымалдау, бортта тамақтандыру, сүйікті орынды таңдау және басқа да қызметтер. Билеттің соңғы құнын жолаушы өзі анықтайды.

Билеттерді алдын ала және екі бағытта брондау ұсынылады. Бұл сапарыңызды одан да тиімді етеді.

Әуежайдан қала орталығына қалай жетуге болады?

Ұшақтар Сабиха Гөкчен әуежайына келеді. Қала орталығына қоғамдық көлікпен, таксимен және жалға алынған көлікпен жетуге болады.

Қазіргі уақытта әуежай мен қала орталығы арасында тікелей қоғамдық көлік қатынасы жоқ. Сондықтан орталық аудандарға тек трансфермен жетуге болады: автобус + метро. Havabus автобусымен Taksim аялдамасына барыңыз, содан кейін M2 метро желісімен сіз кез келген орталық аймаққа жете аласыз. Ыстамбұлда навигация үшін Google Maps қолданбасын пайдалану танымал.

Такси. Стамбулдағы таксилер мегаполистегідей қымбат. Сапардың ұзақтығы 1 сағаттан басталады. Құны есептегіш арқылы есептеледі. Қала орталығына дейін - 40 доллардан бастап жетуге болады.

Автокөлікті жалға алу компанияға байланысты стандартты Volkswagen Polo седанына шамамен 400 долларды құрайды. Ыстамбұл – мәңгілік кептелістер қаласы, сондықтан қоғамдық көлікпен немесе таксимен жүруді ұсынамыз.

Ыстамбұлдың ең танымал көрікті жерлері:

  • Әулие София соборы. Византия кезіндегі монументалды православие соборы. Ол шамамен 1500 жыл бұрын салынған.
  • Көк мешіт. «Сұлтанахмет мешіті» деген атау да бар. Ыстамбұлдағы алғашқы мешіт, 405 жыл.
  • Галата мұнарасы. Ыстамбұлдың Еуропа жағында орналасқан көне мұнара. Бүкіл мегаполистің әдемі панорамалық көрінісі бар.
  • Үлкен базар. Әлемдегі ең үлкен нарықтардың бірі. Ол 1453 жылы салынған және 4000-ға жуық бутиктері бар.
  • Долмабахче сарайы. Османлы сұлтандарының сарайы өзінің сәнділігімен таң қалдырады.
  • Чамлыжа мешіті. Түркиядағы ең үлкен мешіт. Мешітті қаланың әр жағынан көруге болады, оның жанында серуендеу алаңы және үлкен саябақ бар.
  • Базилика цистернасы. Ежелгі Римнің жер асты су қоймасы. Цистерна жер асты сарайына ұқсайды.

Билеттерді брондау

Билетті брондау үшін iOS-ке арналған FlyArystan мобильді қосымшасын пайдаланыңыз: https://clck.ru/WxvbZ және Android-ке арналған қосымша: https://clck.ru/Wxvi4 немесе flyarystan.com веб-сайтында сапарыңызды брондаңыз.

Cілтеме арқылы Түркияға кіру талаптарымен алдын ала танысуды сұраймыз.

Сатып алу

Күн

calendar