Алматы
Қазақстанның оңтүстік астанасына саяхат Самарқан (SKD) - Алматы (ALA) тікелей рейстерімен, төмен бағамен және жайлы Airbus A320 ұшағымен қол жетімді!
2023 ж. 18 наурызынан бастап Өзбекстанға рейстерімізді қайта орындаймыз. Алматы мен Самарқан арасындағы маусымдық рейстер аптасына 2 рет әр сәрсенбі және сенбі күндері 2023 ж. 31 мамырына дейін орындалады.
Самарқан – Алматы бір жарым сағатта 916 шақырымды ұшып өтіп, Қазақстанның мәдени астанасы – таулы Алматыны тамашалай аласыз.
Алматы - Қазақстанның ең зайырлы қаласы және сонымен бірге қаржы-экономикалық орталығы. Қазақстанның бұрынғы астанасы биіктігі 5000 метрге жуық Іле Алатауының етегінде орналасқан. Қазақстандықтар мен облыстың көптеген тұрғындары үшін бұл үлкен мүмкіндіктер қаласы, ал туристтер үшін бұл Орталық Азияның қайталанбас ұлттық дәмін сақтап қалған еуропалық бұрышы.
FlyArystan-ның кең бағдарлар желісін пайдаланып, өзіңіздің қаланыздан тоғыспалы рейстер арқылы Алматыға дейін жету мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.
Оңтүстік астананың ең танымал көрікті жерлері:
Алматы жылдың әр мезгілінде тартымды. Қыста ауа температурасы -10 ° C дейін жетуі мүмкін. Жылдың осы уақытында шаңғы мен коньки тебу танымал.
Алматының жазы ыстық. Ауа температурасы +35 ° C дейін жетуі мүмкін.
Ең қолайлы мезгілдері көктем мен күз. Бұл жыл мезгілдерінде қалыпты температура, көктемде жасыл желектер және күзде сары жапырақтардың түсуімен сипатталады.
Ұшақтар Алматы халықаралық әуежайына қонады. Ол қаладан 13 шақырым жерде орналасқан. Бұл жерден мегаполистің орталық аудандарына No79, 86, 92 және 106 автобустарымен, 4000 теңгеге дейінгі таксимен немесе тәулігіне 10 000 теңгеден бастап жалға алынған көлікпен жетуге болады.
FlyArystan - Орталық Азияның жетекші авиакомпаниясы Air Astana - ның еншілес кәсіпорны болып табыламыз. Біз техникалық қолдауды, қауіпсіздік қолдауды, оқытуды, жүйелер мен қызметтерді Air Astana авиакомпаниясынан аламыз.
Жолаушылар максималды жайлылықты тиімді бағамен алады да, бізбен ұшудың келесі артықшылықтарын атап өтеді: төмен тарифтер, заманауи ыңғайлы ұшақтар, қосымша қызметтердің кең тандауы.
Билеттерді тікелей және артық төлемсіз брондау үшін iOS және Android жүйесіне арналған FlyArystan қолданбасын немесе ресми веб-сайтты пайдалануды ұсынамыз. Лоукост авиакомпаниялармен саяхаттау кезінде сіз сапарыңызда айтарлықтай үнемдейсіз, өйткені біздің жолаушылар қажетті қызметтердің барлық тізімін таңдай отырып, билеттің құнын өздері анықтайды.
Билеттердіекі жаққа және алдын ала брондау ұсынылады. Осылайша, сіз сапарыңызды одан да арзан етесіз.
Cілтеме арқылы Қазақстанға кіру талаптарымен алдын ала танысуды сұраймыз.